Мария Захарова

Захарова санкциялар мәселесіне тоқталды

77
Еуропа СІМ басшыларының кездесуінде шараға қатысушылар Ресейге қарсы санкцияларды кеңейту туралы шешім қабылдауы мүмкін

Жозеп Боррельдің Мәскеуге сапары кезінде Еуроодақ Ресейді бүкіл әлем алдында масқара еткісі келгенімен, бұл ойы іске аспады. Бұл жөнінде РФ сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі өкілі үш күн бойы – 4-6 ақпан аралығында Ресей астанасына болды. Осы сапардан кейін ол 22 ақпанда өтетін Еуропа СІМ басшыларының кездесуінде шараға қатысушылар Ресейге қарсы санкцияларды кеңейту туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты.

"Батыстағы серіктестеріміз туралы құпиямен бөлісейін: егер, олар бізді "сабай алмаса", олардың мазасы қаша бастайды. Дәл осы егжей-тегжейлі жоспарланған сынға алуды өткізу Боррельдің міндеті болды. Ол митингілер жайын да, журналистер туралы да, Навальный мәселесін де қозғауы керек еді. Яғни, барлығын талқылап, өзіне көңілі толған күйде кері қайтуы керек еді", - деді РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова "Вести FM" эфирінде.

Оның пікірінше, бұл жоспардың жүзеге аспауына Ресейдің проблемалар мен дамуға дейінгі нақты мәселелерді талқылауды ұсынуы себеп болған.

Бұған дейін РФ СІМ Мәскеуден ұшып кеткеннен кейін Боррельдің Ресей туралы сыни пікірлері оның іссапар кезіндегі ойына қарама-қайшы екенін мәлімдеді.

Өткен аптада Мәскеу Швецияның, Польшаның және Германияның келісілмеген акцияларға қатысқан дипломаттарын "нон-грата тұлға" деп жариялады. Жақын уақытта бұл шенеуніктер Ресейден кетулері керек. Осы әрекетке жауап ретінде аталған мемлекеттер ресейлік үш дипломатты да еліне қайтарды. РФ Сыртқы істер министрлігі мұны лайықты әрекет деп санамайтынын айтты.

77

Ресейлік жаңа суасты қайықтары қашан дайын болады

48
"Ладалар" – ең заманауи және келешегі зор ресейлік бейатомдық субмариналар. Шап-шағын көлеміне қарамастан, олар көп функционалдығымен ерекшеленеді

2022 жылы  677 "Лада" жобасының алғашқы сериялық дизель-электрлік суасты қайықтары флотқа тапсырылады. Оны әзірлеуге 20 жыл қажет болды. Бұл субмарина дәлдігі жоғары қаруды тасымалдай алады, ал оның бадарын анықтау өте қиын, деп жазады РИА Новости.

"Кронштадт" және "Великие Луки" сүңгуір қайықтарын 2021 жылы теңізшілерге тапсыру жоспарланған болатын. Бірақ, "Адмиралтейские верфи" кеме жасаушы кәсіпорнының бас директоры Александр Бузаковтың айтуынша, контрагенттермен туындаған проблемаларға байланысты мерзім уақыты өзгерді.

Қыркүйекте Біріккен кеме жасаушы корпорацияның басшысы Алексей Рахманов жабдық жеткізушілердің бірі кестеден ауытқуына байланысты екі сериялық кемені құрастыру біршама кешігетінін хабарлады.

Жоба о бастан мерзімнен кешігуерге тап болуда. Жұмыстар сонау 1990-шы жылдары бастаалған болатын. Сол кезде алғашқы бас кеме "Санкт-Петербург" құрастыру басталды. Ол 2004 жылы суға түсіріліп, әскери-теңіз флотына 2006 жылы жөнелтілуі тиіс еді. Алайда, сүңгуір қайық Солтүстік флотқа тәжірибелік пайдалануға 2010 жылы тапсырылды.

Ескірген 877 "Палтус" жобасының орнын "Ладалармен" алмастырмақшы болған. Жаңа сүңгуір қайықтардың көлемі шағын болғандықтан, оның  гидролокаторлардың  көзіне түсу дәрежесі де төмен. Сонымен қатар, ресейлік кеме жасау үшін стандарттан тыс бір корпусты сызба да акустикалық жасырындықты күшейтеді. Оның үстіне, "Ладалар" келешекте ауаға тәуелсіз (анаэробтық) күштік қондырғымен жабдықталатын ресейлік алғашқы суасты қайықтары болмақ.

Көптеген жаңа конструктивтік шешімдерді субмарина құрылысында қолдану салдарынан мерзімдердің үнемі ауыстырылуы да әбден мүмкін. Мәселен, бас кемені сынау кезінде гидроакустикалық кешенге қатысты күрделі мәселелер анықталды. Ал электр қозғалтқышының жеткіліксіз қуаты су астында қажетті жылдамдықты дамытуға мүмкіндік бермеді.

Бірақ, бәрібір Әскери-теңіз флоты дизель-электрлік суасты қайықтарын асыға күтті. Сондықтан, Тынық мұхиты флоты үшін "Ладалардың" орнына уақыт сынағынан өткен және жақсы игерілген 636 "Варавянка" суасты қайықтары жеткізілді.

Мамандардың пікірінше, "Ладалар" – ең заманауи және келешегі зор ресейлік бейатомдық субмариналар. Шап-шағын көлеміне қарамастан, олар көп функционалдығымен ерекшеленеді. Бұл сүңгуір қайықтар су астындағы және үсітндегі кемелеріне қарсы тұруға, жағалаудағы нысандарға соққы жасауға, миналы қоршаулар салуға, жағалауларды десант әскерлерінен қорғауға, бөлімшелер немесе арнайы жүктерді тасымалдауға қабілетті.

Жоғары автоматизациясы мен шу деңгейінің төмендігі, мобильділігі мен маневрлігі оларды диверсиялық және барлау операцияларында сәтті пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл субмариналар қуатты гидроакустикалық кешенмен және тұмсық бөлігі мен бүйір жақтарында орналасқан үш бірдей сезімтал антенналармен жабдықталған. Су сыйымдылығы шамамен 1,8 мың тонна болатын суасты қайығының жылдамдығы 20 торапқа жетеді. Тереңдігі 350 метрге дейін. Оның экипаж саны небәрі 30 адам.

Қару жайын келер болсақ, стандартты жабдықтаудағы "Ладалар" бортында калибрі 533 миллиметр 18 торпеда мен шамамен 20 мина болады. Торпедалық аппараттар сағатына 300 километрді еңсере алатын "Шквал" кемеге қарсы зымыран торпедаларымен ату үшін де бейімделген. Әрине, "Ладалар" да көптеген ресейлік заманауи кемелер секілді "Калибр" қанатты зымырандармен жабдықталған.

Алғашқы сериялық екі субмарина ауаға тәуелсіз энергетикалық қондырғы орнатылмайды. Бузаковтың айтуынша, Ресейде әлі мұндай аппарат жоқ. Ал қалған кемелер бұл жабдықпен қамтылатын болады.

"Лада" алдыңғы жобаларға негізделген суасты қайықтарының жаңа тобы бола алады, - деп түсіндірді РИА Новости порталына Жалпыресейлік флотты қолдау қозғалысының төрағасы, бірінші рангтегі капитан Михаил Ненашев. – Соңғы 15-20 жылдың ішінде "Ладаны" құрастырудың арқасында 150-ге жуық тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар игерілді. Бұл бір үлкен суасты зертханасы іспеттес".

Сарапшы атап өткендей, алдыңғы жобалармен салыстырғанда "Лада" бортында біршама көбірек торпеедалар орналастыруға болады. Ол ерекше тактикалық-техникалық сипаттамаларының арқасында барлық тактикалық және стратегиялық бағыттағы мәселелерді шеше алады. Сонымен қатар, оның конструкциясы зымыран кешендерін орналастыруға мүмкіндік береді.

"Бұл дизель-электрлік суасты қайықтарының шуы теңіз дыбысындай болады. Ал жаңа гидроакустика басқа кемелерге қарағанда әлдеқайда үлкен аумақты тыңдай алады, - деді Ненашев. – Бұл аса маңызды. Себебі, "Ладалар" Арктикаға жөнелтіледі. Оның үстіне, шағын көлемінің арқасында оларды үлкен және кіші тереңдіктерде қолдануға мүмкіндік бар".

Ресейлік дизель-электрлік суасты қайықтары бұрыннанақ ең үздік техниканың бірі саналады. 636.3 жобасының алты дизель-электрлік суасты қайықтары Қара теңіз флотында қызмет етсе, тағы алты субмарина алдағы жылдары Тынық мұхиты флотына жөнелтіледі. НАТО бұл субмариналарды дыбысының төмендігі мен жасырыну деңгейінің жоғарылығы үшін "қара ойық" деп атады.

Ал "Ладалар" оларға қарағанда әлдеқайда "мылқау". Бас кеме "Санкт-Петербургты" қолдану жасырыну деңгейі бойынша 677-ші жоба алдыңғы барлық дизельді суасты қайықтарынан асып түсетінін көрсетті.

48
вакцина

"Спутник V" вакцинасы көш бастап тұр Ресей тікелей инвестициялар қоры

458
Lancet ғылыми журналы жуырда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің нәтижесін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасына қарсы болғандар препаратқа деген сенімге селкеу түсіруді көздеп отыр. Бұл жөнінде Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы Кирилл Дмитриев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен "Спутник V" вакцинасын халықаралық деңгейде мойындау туралы ғана емес, біздің препарат әлемде көшбасшы екенін де айтуға болады деп ойлаймын. Әрине, біз қарапайым болуымыз керек, бірақ, шындық осы. Бізде әлемдегі ең үздік препарат бар. Бұл ресейлік ғалымдардың үлкен ерлігі. Мұны мақтан тұту қажет", - деді Дмитриев вирусология саласындағы ресейлік жетістіктерге арналған көрменің ашылуында.

"Ресейдің дұшпандары біздің елімізге деген әлем сеніміне нұқсан келтіруге тырысты. Олардың ресейлік вакцинаны күмәнді етіп көрсетуге сонша күш жұмсауын жақсы түсінеміз. Себебі, "Спутник V" әлемдегі ең үздік вакцинаның бірі. Бұл препарат олардың бойында үрей тудырады", - деп сенім білдірді РТИҚ басшысы.

Lancet ғылыми журналы біраз уақыт бұрын коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің нәтижелерін жариялады. ІІІ клиникалық зерттеулер кезінде "Спутник V" препараты тиімділіктің, иммуногенділіктің және қауіпсіздіктің жоғары көрсеткіштерін паш етті. Вакцинаның тиімділігі 91,6%-ті құрады. Вакцина коронавирусты инфекция жұқтырудың ауыр жағдайларынан толық қорғайды. "Спутник V" вакцинасын қолдануға әлемнің 30-дан астам елі рұқсат етіп отыр. Ресейлік вкцина тіркелген елдердегі халықтың жалпы саны 1,1 миллиард адамнан асады.

458
Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы

Қазақстанда 1 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 1 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

1 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 –"Мал ұрлығымен күрес" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі. Спикер: Таев Думан Ашкенұлы – Қазақстан ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы.

11.00 – Алғыс айту күніне арналған "Қазақ еліне мың алғыс!" монументінің жанында салтанатты түрде алғыс айту рәсімі. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Салтанатты шара аясында ҚХА жастар қанатының өкілдері сөз сөйлейді. Журналистер аккредитациядан өтуі керек: Ботагөз Жақсымбетова 8771 555 44 89, Данагүл Амантай 8747 688 09 62 (Түркістан көшесі – Бұқар жырау көшесінің бұрышы).

11:00 - Алғыс айту күніне арналған "Мың алғыс саған, ұлы далам!" халықаралық дөңгелек үстелі. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ұлтаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер, сарапшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) өтеді. Аккредитация бойынша мына нөмірлерге хабарласу керек: +7 /7172/ 69 30 53, +7 /7172/ 69 30 57.

15.00 – "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы әртістерінің Алғыс айту күніне орай "Мейірімді болайықшы, бауырлар!" атты қайырымдылық концерті өтеді.  

Мерекелік іс-шара ұстаздар мен дәрігерлердің, ардагерлердің шақырылуымен өткізіледі. Концерттің мақсаты – ақ халатты абзал жандар мен ұстаздарға, еңбек ардагерлеріне рухани қолдау көрсету және ерен еңбектері үшін алғыс білдіру.

Концертте "Қазақконцерт" ұйымының өнер ұжымдары мен белгілі әншілері өнер көрсетеді. Көрермен қауым "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің, Құрмаш Махан, Гүлнәр Көшенова, Күнсұлу Түрікпен, Айдана Қаржаубаева, Аяулым Қамажан, Нұркен Якиев, Әлихан Дүйсенбай сынды әншілердің өнерін тамашалай алады. Концерт бағдарламасына белгілі халық әндері мен қазіргі танымал музыкалық туындылар енген. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік даңғылы 10/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "COVID-19 пандемиясы кезінде Алматы қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерінен өтініш қабылдау үшін "Қауырт желі" телефонының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясының спикерлері: Бақыт Түменова, "Аман-саулық" ҚҚ президенті, Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі жанындағы әлеуметтік әл-ауқат мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Алдын ала аккредиттеу арқылы ғана кіруге болады). Аккредитация мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0