НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Құс тұмауы А вирусының H5N8 штаммын адамның жұқтыруы алғаш рет зертханалық жағдайда расталды. Мұны ресейлік "Вектор" орталығының ғалымдары анықтады, деп жазады РИА Новости.
Роспотребнадзордың басшысы Анна Попова 2020 жылдың желтоқсан айында Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабрикасында вирус індеті тіркелгенін еске түсірді.
"Ғалымдар фабриканың жеті қызметкерінен осы аурудың генетикалық материалын бөліп алды. Бүкіл адамдар, мен айтып отырған жеті адам да өздерін жақсы сезінеді. Олардың клиникалық ағымы өте жеңіл өтті", – деді Попова Россия 24 телеарнасында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, адамдар мен жануарларды қорғаудың барлық шараларын өте қысқа мерзімде жүзеге асырды. Соның нәтижесінде бұл инфекцияның таралуын тоқтату мүмкін болды.
Оқи отырыңыз: Айдалаға тасталған жұмыртқалардан балапандар жарып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Ресей Федерациясында Аралды құтқару халықаралық қорына қолдау көрсету бойынша арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігі хабарлады.
Бұл бағыттан бөлек, жоба су шаруашылығын дамытуға және 2021-2030 жылдары Орталық Азия елдерінің климаттық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.
"Бұл Ресейдің тиісті өңірлік жобаларды іске асыруға қатысу арқылы Қазақстанмен экология саласындағы диалогты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендігін білдіреді", - делінген елшіліктің сайтында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасында экология және қоршаған ортаны қорғау саласында сындарлы диалог құрылғаны аталып өткен.
"Біздің елдеріміздің президенттері екіжақты ынтымақтастықтың осы бағытына ерекше назар аударады. Салалық ведомстволар тұрақты байланыс орнатқан, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі Ресей-Қазақстан аралас комиссиясы, Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Ресей-Қазақстан комиссиясы табысты жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Күн тәртібінде трансшекаралық өзендердің бассейндерін жақсарту, ақбөкен мен Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, жасанды қорғаныш орман белдеулерін құру, өрт сөндіру ұйымдарының бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу, ауру ошақтарының алдын алу мен жою бойынша өзара іс-қимыл мәселелері тұр.
Сонымен қатар, 2020 жылдың желтоқсан айының соңында 2021-2024 жылдарға арналған Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша Ресей-Қазақстан ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
Құжат экожүйені қалпына келтіру, ластану көздерін анықтау, су өткізгіштерді қайта құру, су объектілерін тазарту және қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуді көздейді.
"Ертіс өзені бойынша да осындай келісімдер жасалды, сарапшылар бассейннің гидрохимиялық және гидрологиялық жағдайыне талдау жасайды. Бұл бағдарламаларға қол қою Ресей-Қазақстан қатынастарының маңызды кезеңі деп санаймыз", - деп мәлімдеді дипломатиялық миссия.
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Астраханда жартылай жалаңаш күйде шетелдік көлік тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Аймақтық құқық қорғау органының өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, оқиға жексенбі күні таңертең Адмиралтейская көшесінде болған.
"Hyundai Solaris көлігі жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен екі адамның өтіп кетуін күтіп тоқтағанда, оның артқы сол жақ тұсынан жоғары жылдамдықпен Toyota Camry көлігі соғады. Соққының күштілігінен сырғыған Camry жаяу жүргіншілерді баудай түсіріп, бағанаға тірелген", – делінген ақпаратта.
Апат салдарынан 1983 жылы туған әйел бас-ми жарақатын алып, аяғы сынған. Ал оның 1977 жылы туған күйеуі басынан жарақат алады, оның жамбас сүйегі сынған.
Жол апатына кінәлі көліктің жүргізушісі айтарлықтай жарақат алмаған. Дереккөздің хабарлауынша, оның бойынан мас күйге тән белгілері байқалған. Ол медициналық тексерістен өтуден бас тартқан.
"Ол жартылай жалаңаш болды және оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті", – делінген хабарламада.
Ал кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жол апатын жасаған жүргізуші жергілікті депутаттың ұлы, ал жарақат алғандар әскери прокурор мен оның әйелі болуы мүмкін деген ақпарат таратты.
Кейіннен БАҚ өкілдеріне облыс губернаторының баспасөз қызметі жаяу жүргіншілерді қаққан көлік жүргізушісінің әкесі Астрахан облыстық думасының бұрынғы депутаты болғанын растады.
Оқи отырыңыз: "Құдай сақтаған": Петропавлда жаяу жүргінші өлім аузынан қалды - видео
"Жол апатына кінәлі адамның әкесі бесінші шақырылым депутаты болған. Алайда, ол қазіргі уақытта дума депутаты емес", – делінген баспасөз хабарламасында.