Әлем

"Бессмертная память" халықаралық жобасы қолға алынды

© Sputnik / Владимир ТрефиловМеждународный проект "Бессмертная память" представили в МИА "Россия сегодня"
Международный проект Бессмертная память представили в МИА Россия сегодня - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Оның аясында нацистердің бұрынғы КСРО халқына қарсы қылмыстарының цифрлық архиві әзірленеді. Ақпарат шетелдік мұрағаттан жиналады

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. "Россия сегодня" агенттігі "Бессмертная память" халықаралық жобасын қолға алды. Оның аясында нацистердің бұрынғы КСРО халқына қарсы қылмыстарының цифрлық архиві әзірленеді. Ақпарат шетелдік мұрағаттан жиналады.

Жобада Нюрнберг трибуналы аяқталған кезде жарияланған материалдар болады. Бұл трибунал тарихта бірінші болып нацистердің адамзатқа жасаған қиянатын жариялады.

"Халықаралық ұйымдастыру комитетінің "Бессмертная память" жобасы Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары және одақтастарының мүддесіне сай келеді", - деді Еуразия халықтары ассамблеясының бас хатшысы Андрей Бельянинов.

Дөңгелек үстелге Қазақстан, Ресей, Латвия және Тәжікстан өкілдері қатысты. РИА Новости-дің "Нюрнберг. Начало мира" тарихи трансмедиялық жобасы таныстырылды. Ол ХХ ғасырдың басты сот процесінің 75 жылдығына орайластырылған.

© Sputnik / Евгений Халдей / Медиабанкке өтуНюрнберг процесі, архивтегі сурет
Бессмертная память халықаралық жобасы қолға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Нюрнберг процесі, архивтегі сурет

nuremberg.media порталында және әлеуметтік желілерде Нюрнберг трибуналына қатысты орыс, неміс, француз және ағылшын тілдерінде материалдар жарық көреді.

 

Жаңалықтар
0