Зорлық-зомбылық

Екі қызды 4 жыл бойы қамауда ұстаған маньяк бостандыққа шыққалы жатыр

2058
Екі қызды ұрлап, 4 жыл бойы қамауда ұстағаны үшін 17 жылға жуық қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеген маньяк Мохов бостандыққа шығып жатыр

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Рязань облысының тұрғыны, "скопинский маньяк" деген атпен белгілі 70 жастағы Виктор Мохов сәрсенбіде бостандыққа шығады. Маньяк екі қызды ұрлау және зорлау ісі бойынша 17 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеді. Ақпарат Саратов облысы Пугачев аудандық сотының сайтында жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Мохов екі қызды ұрлап, зорлаған. Төрт жыл бойы жертөледе ұстаған. 3 наурызда жазасын өтегеннен кейін босатылды, делінген құқық қорғау органдары таратқан ақпаратта.

"Сотталған Мохов "түзеу колониясы-4" федералдық қазыналық мекемесінде жазасын өтеп жатыр, жазаны өтеу мерзімі 2021 жылдың 3 наурызында аяқталады. Түзету мекемесінен босатылғаннан кейін Мохов өз өтініші бойынша Рязань облысының Скопин қаласында тұрады", - делінген сот шешімінде.

"Жазасын өтеу уақытында Мохов еңбекке қанағаттарлық деңгейде қарады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін бір жаза алды. Тәрбиелік сипаттағы іс-шараларда белсенді емес, қажет жағдайда қоғамдық өмірге қатысады, мамандық бойынша оқыды, туыстарымен араласпайды, кінәсін ішінара мойындады, түзелу жолына түскен жоқ", - делінген шешімде.

Маньяктан 100 шақырым жерде тұрады

Ал маньяктың құрбаны болған Екатерина Мартынова жақында босатылатыны туралы жаңалыққа қатысты ойын айтты.

"Қорыққаным емес, бірақ мені үш жарым жыл қалыпты өмірімнен айырған азаптаушының жақында бостандыққа шығып, қалыпты өмір сүретіні біртүрлі болып көрінеді", - деді ол.

Маньяктың құрбаны Моховтан жүз шақырым жерде тұратынын, сондықтан одан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтты. Сонымен қатар Моховтың көршілері оған Скопинде тұруға мүмкіндік бермейтінін айтқан.

Айта кетейік, 2000 жылы Скопин қаласында слесарь Мохов 14 және 17 жастағы екі қызды ұрлап, төрт жылға жуық жертөледе ұстады. Тұтқында болған кезде оның бірі еркінен тыс одан екі рет босанды, қылмыскер балаларды алып кетіп отырған. Ол кезде жасөспірім Екатерина екінші бойжеткенді босандырып алған.

Мохов қыздарды аштықта ұстап, жарықсыз қалдырған. Резеңке шлангамен ұрып, бөлмеге көзден жас ағызатын газ шашқан. Құрбандар толық қараңғыда отырған, арасында ғана таза ауаға шыққан.
Қыздар хат жазып, оны ғажайып жолмен сыртқа беріп жіберген. 2004 жылдың 4 мамырында олар бостандыққа шықты.

Скопин аудандық соты 2005 жылы 30 тамызда Моховты 17 жылға бас бостандығынан айырды, ол қатаң режимдегі колония жазасын өтеді.

Пугачев аудандық сотының 2012 жылдың 24 шілдедегі өзгерістерін ескере отырып, бұл мерзім 16 жыл 10 айға дейін қысқартылды.

Қыздарды ұрлауға көмектескен маньяктың серіктесі Елена Бадукина бес жарым жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеді.

2058
Кілт сөздер:
маньяк, қыз, бостандыққа шығу
Тақырып бойынша
ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады
Әйелдерді зорлап, өлтірген: Шымкентті дүрліктірген екі маньяк қалай ұсталды
"6-сыныптан бастап зорлады": Түркістанда 14 жастағы қыз өгей әкесіне айып тақты
"Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады
"Қауіпті ресейлік маньяк Қазақстанда жасырынуы мүмкін": полиция түсініктемесі
Мемлекеттік дума сайлауына дайындық барысы

Мемлекеттік дума сайлауын 7,5 мың адам видео арқылы бақылап отыр - ОСК

21
Орталық сайлау комиссиясына видеобақылау арқылы қадағалап отырғандардан шағым түспеген

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің орталық сайлау комиссиясына дауыс беру барысын видеобақылау арқылы қадағалап отырғандардан шағым түскен жоқ, деп мәлімдеді ОСК төрағасының орынбасары Николай Булаев.

"Қазіргі уақытта видеобақылау порталында 7,5 мың қолданушы отыр. Олар бір уақытта 30 сайлау учаскесін бақылайды. Бізге олардың ешбірінен шағым түскен жоқ. Парламенттік партиялар тарапынан да біз ұсынған техникалық шешімдерге қатысты наразылық туындамады", - деді Булаев ОСК ақпарат орталығында.

Оның айтуынша, қоғамдық бақылау орталықтарында жұмыс орындары жеткілікті, деп жазады РИА Новости.

"Келіп, бақылауларыңызға болады", - деді ОСК төрағасының орынбасары.

Биыл Ресейдің мемлекеттік думасының депутаттарын сайлау 17-19 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

21
Рубль

2021 жылы Ресейдің әрбір төртінші азаматының жалақысы өскен

29
(Жаңартылды 21:42 16.09.2021)
"Работа.ру" қызметінің зерттеуі көрсеткендей, ел тұрғындарының 24%-і көбірек табыс таба бастаған

НҰР -СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. "Работа.ру" порталының мәліметінше, Ресей халқының 24 процентінің жалақысы өскен.

Олардың үштен бір бөлігі өндіріс пен өнеркәсіпте жұмыс істейді. Тағы 24% логистика саласында еңбек етсе, 12% құрылыста, 8% IT және телеком саласында, 6% дәмхана мен мейрамханаларда нәпақасын табады.

Сауалнама барлық аймақта 18 жастан асқан 6 мың респонденттің арасында жүргізілді.

Бұған дейін РИА Новости ресейліктердің көпшілігі ай сайын 50-70 мың рубль жалақы алғысы келетінін хабарлаған болатын – бұл сома олардың жайлы өмір сүруі үшін жеткілікті, делінген "Синергия" университеті аналитикалық орталығының зерттеуінде.

Оқи отырыңыз: 

29
Нұр-Сұлтан

Синоптиктер 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады

44
Бірқатар облыста найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +8..+10 °C, түнде +1..+3 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +31..+33 °C, түнде +18..+20 °C.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы күндіз +28..+30 °C, түнде  +13..+15 °C болады.

44