Әлем

Пәтерін жалға берген ер адам баспанасынан айырылып қалды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Пәтерде тұруға тыйым салынды. Баспананың кімге тиесілі екенін сот шешеді. Қылмыстық іс қозғалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз - Sputnik. Өз пәтерін жалға берген Ресейдің Челябі қаласының тұрғыны жылжымайтын мүлкі кейіннен бейтаныс әйелге сатылғанын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Түмен қаласында тұратын пәтер иесі Дмитрий 2020 жылдың сәуір айында баспананы жалға бермек болған. Пәтерді жалға алған адам екі айдың ақысын төлегеннен кейін байланысқа шықпай қойған. Кейіннен анықталғандай, жалға алушы пәтер иесінің төлқұжат мәліметтерін біліп алып, өз суретін жабыстыру арқылы жасанды құжат әзірлеген. Баспананы 2,4 миллион рубльге сатып жіберу үшін осы мәлімет жеткілікті болған. Сатып алушы мен делдал мұнда бір шикіліктің бар екенінен сезіктенбеген.

Пәтер қожайыны бұл жайлы бірнеше айдан кейін біліп, полицияға шағымданған. Құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Полицейлердің айтуынша, Челябіде осы тектес бірнеше жағдай тіркелген.

Пәтерде тұруға тыйым салынды. Баспананың кімге тиесілі екенін сот шешеді.

Жаңалықтар
0