Әлем

Ресейде оқитын қазақстандық студенттер емтиханды қашықтан тапсыра алады

CC0 / Thomas Breher / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Студенттер емтихан басталар адында прокторинг процесінен өтеді. Яғни камера алдында кездейсоқ сандар тізбегін айтады

НҰР-СҰЛТААН, 10 наурыз – Sputnik. Ресейдегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер етиханды қашықтан тапсыра алады, деп хабарлады Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі.

Ресей үкіметі 2021-2022 оқу жылында ресейлік ЖОО-ның Бірыңғай биометриялық жүйе (ББЖ) көмегімен онлайн форматта аралық аттестаттауды өткізуін қарастыратын қаулы жариялады.

Бұл формат бакалавриат, специалитет пен магистратура бағдарламалары бойынша оқып жатқандарға арналған. Ал тиісті шешімді оқу орындарының басшылығы қабылдайды және оған студенттің де келісімі қажет.

"Мұндай формат қашықтан оқып жатқан студенттерге, соның ішінде қазақстандық студенттерге де білім беру нысанына келмей-ақ емтиханды онлайн тапсыруына мүмкіндік береді", – деп жазылған елшілік хабарламасында.

Бірыңғай биометриялық жүйе деген не?

Жүйе жеке биометриялық деректерді өңдеуді, жинауды және сақтауды, оларды тексеруді және ЖОО-ға жолдауды қамтамасыз етеді.

Студенттер Бірыңғай биометриялық жүйеге тіркелуі қажет. Емтихан басталар адында олар прокторинг процесінен өтеді. Яғни камера алдында кездейсоқ сандар тізбегін айтады. Жүйе камера алдындағы адамның іс-әрекетін бағалайды да, оны тұлға ретінде растайды.

Оқи отырыңыз: Енді қазақстандық студенттер үйден шықпай-ақ оқу орнын ауыстыра алады

Одан кейін бұл мәлімет қауіпсіз арналар арқылы университетке жолданады. Студенттің жеке тұлғасын растағаннан кейін ол емтиханға қатыса алады.

Жаңалықтар
0