Иманғали Тасмағамбетов

Тасмағамбетов ресейлік компанияда жұмыс істеуі мүмкін

1000
(Жаңартылды 15:04 15.03.2021)
Ресейлік ірі компанияның директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетов пен Кирилл Пузырковтың кандидатурасы  ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің кандидатурасы "КамАЗ" ААҚ директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылды. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды.

"КАМАЗ" ААҚ директорлар кеңесінің компания директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды ұсыну бойынша сырттай дауыс беру рәсімі аяқталды. 

"КАМАЗ" ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мәселелерді  және компанияның директорлар кеңесі мен тексеру комиссиясының құрамына сайлауға үміткерлерді енгізу туралы акционерлердің ұсыныстары қабылданды.

"Сондай-ақ, директорлар кеңесінің құрамына сайлауға алғаш рет екі үміткер ұсынылды: "КАМАЗ" ААҚ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырков және Иманғали Тасмағамбетов", - деп жазылған сайтта.

Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Бұл қызметте ол екі жыл тоғыз ай жемісті жұмыс істеді. 2019 жылдың 9 желтоқсанында ол зейнет жасына – 63 жасқа толды. Содан кейін 18 желтоқсанда Қазақстан президенті Тасмағамбетовті Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

Тасмағамбетов Ұлттық музейге ерекше сый жасады: ол несімен құнды

Кирилл Пузырьков – 2020 жылдың 6 қазанында кенеттен қайтыс болған "КАМАЗ" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің ізбасары.  

"КАМАЗ" ААҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2021 жылдың 4 маусымында өткізу жоспарланған.

"КАМАЗ" компаниялар тобы – Ресейдегі ең ірі автомобиль корпорациясы.   

1000
Кілт сөздер:
Ресей, Иманғали Тасмағамбетов
такси белгісі

Такси жүргізушісі жолда ұйықтап қалған әйелді зорлап тастаған

3571
(Жаңартылды 19:00 10.04.2021)
Полиция ер адамды ұстады, қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Мәскеуде такси жүргізушісі көліктің ішінде ұйықтап кеткен әйелді зорлаған, деп хабарлады РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

"Бейсенбі түнде полицияға 1984 жылы туған әйел келді. Ол өзінің зорланғанын хабарлады", - деді құқық қорғау органы қызметкері.

Әйелдің айтуынша, ол корпоративтен шығып, "Белорусская" метро станциясының жанында мобильдік қосымша арқылы такси шақырған. Ол жүргізушіге үйінің мекенжайын айтып, мас болғандықтан жолда ұйықтап қалады. Әйел таксист өзін зорлап жатқан кезде оянып кеткен.

Полиция ер адамды тоғызыншы сәуірде ұстады. Күдікті 25 жастағы Қырғызстан тумасы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда науқас шақыртуға келген медбикені зорлап тастады

 

3571
Ресейдің Краснодар қаласы

Дүниежүзілік банк Ресейге қатысты болжам жасады

105
Дүниежүзілік банк Ресейдегі кедейлік деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендейді, бірақ 2022 жылға дейін бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі мәннен жоғары болады деп болжады

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Дағдарыстан кейін Ресей экономикасы әлдеқайда жылдам қалпына келеді. Дүниежүзілік банк сарапшылары осындай қорытынды жасады. Бұл болжам қаңтардағыдан әлдеқайда жақсы, деп жазды РИА Новости.

2021 және 2022 жылдары Ресейдің ЖІӨ-і сәйкесінше 2,9 және 3,2 процентке өседі, деп санайды Дүниежүзілік банк (ДБ). Қаңтарда 2,6 және 3,0 процент көлемінде болжам жасалған болатын.

"Қалпына келу қарқынды жүріп, пандемия әсерінің бәсеңдеуіне қарай өсім де арта түседі", - деп жазды Еуропа мен Орталық Азия экономикасы туралы баяндама авторлары.

2020 жылы ЖІӨ кемуі басқа мемлекеттердікіне қарағанда төмен болып, 3,1 процентті құрады. Болжамның өзгеруіне осы негіз болып отыр.

Шектеулерді әлсірету белсенді өсімге ықпал етеді. Ресей коронавирустың екінші толқынына байланысты локдаун жариялаған жоқ. Бұл дағдарыстан жылдамырақ шығуға мүмкіндік берді. Дүниежүзілік банк  Ресей коронавирустың үшінші толқынына төтеп беруге қауқарлы дегенді есепке алып отыр.

ДБ сарапшылары ресейлік вакцина мен екпе науқаны қуатты драйвер болады деп санайды. Алайда екпе салдыру қарқыны төмендеп, эпидемия жалғасуы мүмкін деген сын-тәуекелдерді де ескерді. Сол сияқты батыстық кезекті санкциялар да әсер етпей қоймайды. Банк секторы да күмәнге толы. Экономистердің бағалауы бойынша ипотека нарығының жүктемесі көп. Бұл активтер сапасын нашарлатып, қаржы ұйымдарының табысын азайтуы мүмкін.

ДБ Ресейдегі кедейлік деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендейтінін айтты. Бірақ ол 2022 жылға дейін пандемияға дейінгі көрсеткіштен жоғары болады. Баяндама авторлары биліктің әлеуметтік шаралары елдегі кедейліктің артуына жол бермеді.

Желтоқсанда Дүниежүзілік банктің Ресейдегі өкілдігінің директоры Рено Селигманн да осындай мәлімдеме жасап, ресейлік үкіметтің дағдарысқа қарсы әрекеттерінің тиімділігін атап өтті.

Мемлекет бизнес пен халықты қолдауға бағытталған шығындарды ұлғайтты. Оның үстіне Центробанктің ауқымды қаржы резервтері бар. Сарапшылар дағдарысқа қарсы салымдарды ЖІӨ-нің төрт пайызы деңгейінде (төрт триллион рубльден астам) бағалады. Бұл елдің кедейленуін тежеді.

РФ еңбек министрлігі бұған дейін кедейліктің 13% деңгейі туралы айтқан болатын. Бұл шамамен 20 миллион адам.

ДБ бюджетке де қатысты болжам жасады. Өткен жыл 4,1 триллион рубль немесе ЖІӨ-нің 3,8% тапшылығымен аяқталды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,8% көлемінде болжануда. Ал 2022 мүлде профицитке қол жетеді.

Наурыздың ортасында "Жоғарғы экономика мектебі" ұлттық зерттеу университетінің (ЖЭМ ҰЗУ) сарапшылары рецессия аяқталды деп санауға болатынын айтты. "2020 жылдың соңындағы екі тоқсанда негізгі макрокөрсеткіштер өсімі 2021 жылдың басында Ресейде рецессия аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеуге мүмкіндік беріп отыр", - деп хабарлады ЖЭМ ҰЗУ дайындаған "Мемлекет пен бизнес туралы пікір" бюллетені.

Экономистердің түсіндіруіне қарағанда, үшінші және төртінші тоқсандардағы ЖІӨ 4,2 және 1,7 процентке өскен, ал негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1,2 және 0,4 процентке артқан. Сарапшылар инвестициялық белсенділіктің құлдырауы да аса ауқымды емес екенін айтты. Бұл Ресей бүкіл әлемге қарағанда дағдарысты әлдеқайда жеңіл өткізіп жатқанын дәлелдейді. Посткеңестік тарихта бұл бірінші рет.

Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, 2020 жылы Ресейдің ЖІӨ 2015 жылғы дағдарыс жылындағымен салыстырғанда көбірек (екі пайызға) төмендеген. Бірақ 2009 жылғы көрсеткіштен аз (7,8%).

"ХХ ғасырдың ортасынан бастап әлемдік экономикадағы ең күшті рецессия кезінде мұнай бағасының қатты құлдырауына қарамастан осы нәтиженің тіркелуі таңғалдырады", - деп жазылған бюллетеньде.

Ақпанның басында Халықаралық валюта қоры Ресей билігінің пандемиямен күресуге бағытталған іс-әрекетін жоғары бағалады. ХВҚ ақпаратына сәйкес, 2021 жылы Ресейдің жалпы ішкі өнімі үш процентке, келесі жылы - 3,9 процентке өседі. Бұл АҚШ немесе еуроаймақтағы көрсеткіштен жоғары. Сарапшылар негізгі драйвер ретінде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау, халықты және бизнесті мемлекеттік қолдау, ауқымды резервтер мен қарыздың төмен көрсеткішін атады.

Bloomberg агенттігінің аналитиктері де Ресейді перспективалы нарық деп атады. Мамандар экономикалық және қаржы тұрақтылығының 11 көрсеткіші, негізінен ЖІӨ, сыртқы қарыз, валюталық резерв, нақты проценттік мөлшерлеме бойынша болжамдар арқылы 17 елде зерттеу жүргізген. Ресей қорытынды рейтингте екінші орынға тұрақтаған.

Сарапшылар сенімді бюджеттік профиль мен оң инвестициялық позицияны да жоғары атап өтті. Сондай-ақ 587,1 миллиард доллар көлеміндегі ауқымды халықаралық валюта резерві де үлкен рөл ойнайды. Дефолт болуы екіталай. Bloomberg 2021 жылы Ресейдегі экономикалық өсім үш процент деңгейінде болатыны туралы болжамын бөлісті.

105
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0