Төбелес, архивтегі сурет

Министрлік Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес туралы ақпарат берді

5161
(Жаңартылды 10:02 25.03.2021)
Жаппай төбелеске Қазақстаннан вахтамен жұмыс істеуге барған қызметкерлер қатысқан. Сыртқы істер министрлігі тұрмыстық жанжал болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Мурманск облысында құрылыста қазақстандық жұмысшылардың қатысуымен жаппай төбелес болды.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады.

Сыртқы істер министрлігі оқиға 23 наурыз күні сағат 20:30-да Белокаменка елдімекені ірі тоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңында болғанын атап өтті.

"Вахтамен жұмыс істейтін қызметкерлер арасында жаппай төбелес болды. Арасында Қазақстан азаматтары да бар, тұрмыстық жанжал шыққан. Компания өкілдерінің хабарлауынша, мәселе реттелді, қалыпты жағдайда жұмыс жүріп жатыр", - деп хабарлады "Қазақпаратқа" сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуныша, Санкт-Петербургтегі Қазақстанның бас консулдығы мәселені бақылауда ұстап отыр.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ІІМ басқармасына сілтеме жасап алты адам жарақат алғанын хабарлады. Оларға медицина қызметкерлері көмек көрсеткен. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Зардап шеккендер мен ұсталғандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп нақтылады сыртқы істер министрлігі.

5161
Кілт сөздер:
жаппай төбелес, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес кезінде екі тұрғын көз жұмды: 11 адам ұсталды
Шахтинск дәмханасында жаппай төбелес болып, үш адам оқ жарақатын алды
Қапшағай ойынханасындағы төбелес видеоға түсіп қалды
"Басы тиіп кетті": Ақтау мал базарында жаппай төбелес болды – видео
ММА жекпе-жегінен кейін жаппай төбелес басталды – видео
Владимир Путин

Путин коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырды

28
Ресей президенті коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырды. Путин екпенің алғашқы компонентін 21 күн бұрын аған болатын

АЛМАТЫ, 14 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның екінші бөлігін салдырды. Алайда президенттің қай вакцинаны салдырғаны әлі айтылмады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Ресей президентінің коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 23 наурызда салдырғаны хабарланды.

Вакцина салдырғаннан кейін мемлекет басшысының жұмыс режимінде еш өзгеріс болған жоқ. Өзін жақсы сезініп, жұмысын жалғастырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды 

Кремль ресейлік барлық вакцинаның тиімді әрі қауіпсіз екенін айтып, президенттің қай препаратты салдырғанын айтудан бас тартты.

Айта кетейік, Ресейде үш вакцина тіркелген: "Спутник V", "ЭпиВакКорона" және "КовиВак".

"Спутник V" – коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы дәрі. Ол денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы орталығында адамның аденовирус векторларының зерттелген және тексерілген платформасында әзірленді.

"ЭпиВакКорона" – Ресейде тіркелген екінші вакцина. Ол Роспотребнадзордың Новосібірдегі "Вектор" орталығында әзірленді.

28
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Үш бірдей вакцина салдырдым – білім министрі
Цой Қарағандыда өндірілген "Спутник V" вакцинасын отандық өнім деп атады
Цой не себепті вакцина салдырмай жүргенін түсіндірді
Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің шешімін түсіндірді
такси белгісі

Такси жүргізушісі жолда ұйықтап қалған әйелді зорлап тастаған

3753
(Жаңартылды 19:00 10.04.2021)
Полиция ер адамды ұстады, қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Мәскеуде такси жүргізушісі көліктің ішінде ұйықтап кеткен әйелді зорлаған, деп хабарлады РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

"Бейсенбі түнде полицияға 1984 жылы туған әйел келді. Ол өзінің зорланғанын хабарлады", - деді құқық қорғау органы қызметкері.

Әйелдің айтуынша, ол корпоративтен шығып, "Белорусская" метро станциясының жанында мобильдік қосымша арқылы такси шақырған. Ол жүргізушіге үйінің мекенжайын айтып, мас болғандықтан жолда ұйықтап қалады. Әйел таксист өзін зорлап жатқан кезде оянып кеткен.

Полиция ер адамды тоғызыншы сәуірде ұстады. Күдікті 25 жастағы Қырғызстан тумасы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда науқас шақыртуға келген медбикені зорлап тастады

 

3753
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

0
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

0
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды