Әлем

Ресей футболшысы ойын алаңында көз жұмды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФутбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Жас ойыншының неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Ал дәрігерлер болжамы бойынша спортшының аневризм (қан тамырларының кеңеюі) болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Ресейлік "Знамя труда" жастар клубының футболшысы Никита Сидоров кезекті матч кезінде қайтыс болды.

"Жастар командасының негізгі матчы кезінде Никитаның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер 18 жастағы футболшыны құтқара алмады", – делінген клубтың ресми хабарламасында.

360 телеарнасының мәліметіне сәйкес, Никита екінші таймда алаңға шығып, бес-ақ минут ойнаған. Одан кейін кенеттен жерге құлады. Бапкер мен дәрігер жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетті.

Кейіннен жедел жәрдем де келді. Алайда, дәрігерлер жас ойыншыны ажалдан арашалай алмады. Никитаның қайтыс болғанын әкесі де көрген. Сол кезде ол трибунада отырған.

Оқи отырыңыз: Дайыров: қазіргі жастар Балуан Шолақты фаст-фуд сататын спорт кешені деп қана біледі

Спортшының неден қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Қазіргі кезде медициналық сараптамалар тағайындалды. Дәрігерлердің болжамы бойынша жас футболшыда аневризм (қан тамырларының кеңеюі) болған.

Жаңалықтар
0