Қазанда мектепте атыс шығарған екінші күдіктінің көзі жойылды

1792
Татарстан басшысы Минниханов Қазанда мектептегі атыстан бір мұғалім мен жеті бала көз жұмғанын мәлімдеді. Сондай-ақ жиырма адам жараланған

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазанда арнайы операция кезінде балаларға оқ жаудырған екінші күдіктінің көзі жойылды. Біріншісі оған дейін ұсталған болатын, деп хабарлайды РИА Новости.

Түрлі деректерге сүйенсек, қаза болғандар саны 8-ден 11 адамға дейін барады. Татарстан президенті Рустам Минниханов сегіз адамның, ал Қазан қаласының әкімшілігі 11 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Миннихановтың ақпаратынша, атыс кезінде мұғалім және жеті бала ажал құшты. Мэрияның дерегіне сүйенсек, барлығы он бір адам, соның ішінде екі оқушы үшінші қабаттан секіріп, көз жұмған.

"360" телеарнасының дереккөзі шабуыл сабақ кезінде басталғанын айтты. Балалар сигнал алған бойда жерге жатқан. Бірақ мектепте мылтық даусы естіліп тұрды. Оқушылар мен мұғалімдерді эвакуациялауға құтқарушылар мен ОМОН көмектесті.  

Телеарнаның мәліметінше, қаза болғандар арасында бастауыш сынып мұғалімі бар. Расталмаған ақпаратқа сүйенсек, оқытушыны балалардың көзінше өлтірген.

БАҚ оқ жаудырғандардың бірі осы мектептің түлегі екенін хабарлады. Шабуылға дейін колледжде IT-мамандыққа оқыған. Оның әкесі ұлының ешқандай дінді ұстанбайтынын және арам пиғылы болмағанын айтты.

Татарстан президенті Рустам Минниханов атыс ұйымдастырғандардың бірі 19 жаста екенін мәлімдеді. Оның атына мылтық тіркелген.

Сондай-ақ 41 жастағы ер адам ұсталды. Оған күдіктілерге жәрдемдесті деген айып тағылып отыр.

1792
Кілт сөздер:
Ресей, мектеп, оқушылар
Жұдырығын түйіп тұрған ере адам

Хиджаб киген әйелдің күйеуі дәрігерді ұрып тастады видео

741
(Жаңартылды 09:32 24.09.2021)
Видеода дәрігердің мұрны қанап қалғаны көрінеді. Соққыдан миы шайқалған, бас сүйек-ми жарақатын алды. Ал дәрігерді соққыға жыққан ер адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Нижневартовск қаласының тұрғыны хиджаб киген әйелін қолымен ұстап қараған дерматовенеролог дәрігерді соққыға жықты.

Ол күні дәрігер Владимир Жерноклеев әдеттегідей пациенттерді қабылдап отырған. Ал түстен кейін хиджаб киген әйел келді. Оған медициналық тексеріс аясында дерматовенеролог дәрігердің қарауынан өту керек еді. Бас кезінде келіншек өзін ер адам қарағанын қаламады. Сол кезде Жерноклеев басшылық арқылы әйел дәрігердің қабылдауына жазылуға кеңес берді, деп хабарлайды Mash арнасы.

Бірақ хиджаб киген әйел келісім берді. Ал Жерноклеев пациенттің ішін қарап шықты. Әйел шығып кеткеннен кейін кабинетке оның күйеуі кіріп келді. "Әйелдердің ішін ұстап көргенді жақсы көреді екенсің!", - деді де, дәрігерді соққыға жықты.

Видеода дәрігердің мұрны қанап қалған. Соққыдан миы шайқалған, бас сүйек-ми жарақатын алды. Ал дәрігерді соққыға жыққан ер адам ұсталды.

Жерноклеевтің айтуынша, бұған дейін талай әйелді қараған. Олардың ішінде мұсылман келіншектер де бар. Бірақ жанжал шығарған адам болған жоқ.

741
Кілт сөздер:
әйел, күйеуі, дәрігер, видео
Тақырып бойынша
Оралда әйелінің өліміне күдікті ретінде күйеуі ұсталды
Күйеуі үйде болмаған: Атыраудағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы анықталды
Ақтөбеде процедура кезінде пациенті қайтыс болған дәрігерді сот кінәсіз деп таныды
Күйеуі айтқан: Атырауда жүріп бара жатқан "Газельден" секірген әйел опат болды
Күйеуі өзіне де, баласына да күн бермей ұрып-соққан алматылық әйел: "18 жыл шыдадым"
Самолет Ан-26Б-100

Хабаровск өлкесінде жоғалған ұшақтың бөліктері табылды

24
(Жаңартылды 09:26 23.09.2021)
Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Хабаровск өлкесінде жоғалған Ан-26 ұшағының бөліктері "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңынан табылды, деп хабарлады РИА Новости. 

"Болжам бойынша "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңында ұшақ бөліктері анықталды. Бұлттар сейілуде. Көру мүмкіндігі жақсарып келеді. Ми-8 қонуды жоспарлап отыр, құтқарушылар қонуға ыңғайлы жер іздестіруде", - делінген хабарламада. 

Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын. 

Ұшақтың құлаған жерінен түсіріліген алғашқы кадрлар Mash телеграм-каналында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйек күні кешке Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.

Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.

Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: 

24
Кілт сөздер:
ұшақ, әуе апаты, Ресей
Пожар возле лицей №60 в Сарыаркинском районе столицы

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында салынып бітпеген ғимарат өртеніп жатыр видео

0
(Жаңартылды 20:19 24.09.2021)
Өрт сағат 19.49-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР -СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өрт елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен басталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 19.35-те өрт сөндірушілер Кенесары көшесі, 3А мекенжайында түтін көрінгені туралы хабарламаға шығып кетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр аумақта рубероид жабыны мен жиналған қоқыс өртеніп жатқанын анықталды.

Өрт сағат 19.49-да оқшауланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

0