S-400 Триумф зениттік зымырандық кешендері

Ресей ғарышта қолданылатын жаңа аппарат дайындап жатыр

129
НАТО зымырандары бұған дейін Ирак, Югославия, Литва, Сирия елдеріндегі дағдарысты реттеуге және демократия орнатуға атсалысып келді

Ресейдің "Алмаз-Антей" қорғаныс концернінің бас директоры Ян Новиков НАТО елдері осы мақсатта 8 мыңнан астам қанатты зымыран жинақтап алғанын айтты. Сонымен қатар АҚШ-тың Х-37 құпия космопландары Жер орбитасында бортында ядролық қаруды алып жүре алады.   

АҚШ 2025 жылға дейін орбитаға тағы екі ғарыш аппаратын шығарып, Х-37 тобын күшейтуді көздеп отыр. Алайда Ян Новиковтың айтуынша, Ресейдің әлеуеті де артып келеді. "Алмаз-Антей" концерні көпфункциялы мобильді радиолокациялы кешендерінің 30-дан астам түрін шығарады. "Небо-М" РЛС америкалық F-22 Raptor мен F-35 Lightning II жойғыш ұшақтарын қоса алғанда, жауынгерлік көзге түспейтін әуе кемелерін жақсы көре алады. Бұл тізімде сондай-ақ "Триумф" пен "Прометей" де бар. Жалпы қазіргі заман талаптары жедел әрекет етуге қабілетті аппараттарды қолданысқа енгізуді қажет етеді.

US Space Force X-37 космопланы өзінің Жер атмосферасынан тыс 220 тәуліктік ұшуын 2010 жылы орындап қойған. Оның мүмкіндіктері жайлы мәлімет аз. Бағдарламаны 2004 жылы құпия деп жариялаған болатын. Сондықтан күні кешеге дейін мамандар бұл космоплан әскери қауіп төндіре ме, әлде NASA мен DARPA агенттігінің ғылыми эксперименті ме деп бас қатырды. Ғарышқа ұшырылған ұшқышсыз аппараттардың ғаламшар кеңістігінде болу уақыты бірте-бірте ұзарып келеді: Х-37-нің төртінші ұшуы 718 тәулікке жалғасса, бесіншісі 780 тәулікке созылды.

Ресми мәліметке сәйкес, Х-37 бағдарламасы – қандай да бір тиімді жүктемедегі көпреттік ұшқышсыз ұшатын ғарыш кемелері саласындағы технологияларды эксперименттік пысықтау. Аппараттың ұзындығы – 9 метр, қанатының серпіні 4,5 метрді құрайды. Оның бастапқы салмағы 5 тонна болғанымен, бортында шамамен бір тонна пайдалы жүкті алып жүре алады.

Америкалық космопландарды іске қосу Atlas V 501 және Falcon 9 зымыран тасымалдағыштарының көмегімен іске асырылды. 200-ден 750 километрге дейінгі биіктіктегі жер маңындағы орбитада аппараттар барлау жүргізіп, маневр жасады, пайдалы жүктерді жеткізді.

Military Watch 23 мамырда Х-37 аппараттары ғарыштан ядролық соққы жасай алатыны туралы жазды. Алайда мұндай әрекеттерге халықаралық келісімдермен тыйым салынған. Ең бастысы Х-37 ғарышты иемдену құралына айналмаса болғаны.

Ресейлік "Прометей" С-500 алыс қашықтыққа әрекет ететін әуедегі шабуыл мен зымыран шабуылынан қорғаныс жүйесі кез келген ғарыш аппаратын "қағып" түсіре алады. С-500 сағатына 25 мың километр жылдамдықта ұшатын нысандарға 600 километрлі радиуста соққы жасай алады. "Прометей" техниканың кең спектріне қарсы күрес жүргізу мақсатында әзірленген. Оның қатарында 200 километрге дейінгі биіктіктегі әуе-ғарыштық шабуылдау құралдары да бар.

Ресей ұсынған ақпарат бойынша МиГ-41 тосқауыл жасаушы жойғыш ұшақтары таяу ғарыштағы соғыс әрекеттеріне арнап дайындалатын болады. "МиГ" корпорациясының бас директоры Илья Тарасенко біраз бұрын технологиялық тұрғыдан алғанда жаңа ұшақ 4-5 Мах жылдамдықта, яғни  сағатына 6000 километрден астам жылдамдықта ұшатынын мәлімдеді.

Бүгінде Ресей қарсыластың ғарыш ұшақтары мен спутниктерін бейтараптандыру үшін модернизацияланған МиГ-31 жойғыштарын қолдануы мүмкін. Әлемде бесінші буынға жататын жойғыш ұшақтардың пайда болуына қарамастан ресейлік әуе кемесі әлі де қуатынан айырылған жоқ. Бұл жойғыш ұшақ салмағы 9 тоннадан асатын арсеналды алып жүре алады және 2,83 Махқа дейінгі жылдамдықта зымыранды қаруды қолдануға мүмкіндігі бар. Military Watch мәліметі бойынша, МиГ-31 өз қаруын жақын ғарышта да қолдана алады.

129
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

43
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

43
Врач поправляет защитный лицевой щиток перед началом смены в больнице с коронавирусом

Ресейде коронавирусқа қарсы сағыз-препарат дайындалып жатыр

35
Бұл бағыттағы жұмыстар "48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтында" қолға алынды, деді дереккөз

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігі сағыз түрінде болатын коронавирусқа қарсы препаратты дайындауға кірісті. Бұл жөнінде РИА Новости ақпарат порталына әскери ведомствоға жақын тұлға хабарлаған.

Бұл бағыттағы жұмыстар "48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтында" жүріп жатқаны белгілі болды.

"Препараттың пайдалы қасиеттерін оны қолданудың қолайлы пішінімен үйлестіру жаңа коронавирус инфекциясымен тиімді күресуді қамтамасыз етеді", - деді ол агенттікке.

Сонымен қатар институтта пастила түрінде коронавирусқа қарсы мукозальді вакцина дайындалып жатыр.

"Сынақтар аяқталғаннан кейін бұл вакцина түрлі емдеу әдістеріне кіріктіріліп, қазір қолданыстағы профилактикалық емдеу препараттарын қолдану механизміне қосымша ретінде пайдаланылады", - деді әскери ведомство өкілі.

Өткен жылы Ресей қорғаныс министрлігінің 48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығымен бірлесіп SARS-CoV-2 вирусына қарсы рекомбинантты "Спутник V" препаратын дайындады.

35