Әлем

Жүрегі шыдас бермеді: телесериалдағы танымал актер көз жұмды

© Sputnik / Сергей КимГүл мен шам
Гүл мен шам - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Погребинскийді көрермен қауым "Убойная сила", "Улицы разбитых фонарей" мен "Ментозавры" сияқты телехикаялар арқылы таныс болды

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Санкт-Петербургте 45 жастағы актер әрі каскадер Андрей Погребинский қайтыс болды. Мұндай ақпаратты оның анасы растады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pogrebinski Andrei (@pogrebinski_andrei)

Көрермендер оны "Убойная сила", "Улицы разбитых фонарей" және "Ментозавры" сияқты телехикаялар арқылы жақсы таныды. Актердің досы Александр Жуков "Пятый канал" арнасына берген сұхбатында Погребинскийдің жүрегі шыдас бермегенін айтты.

"Өкінішке орай, мұндай жағдай көптеген спортшыларда жиі кездеседі. Өйткені жүрек ауыр жүктемелерден күшейеді де, содан кейінгі аз қозғалмалы өмір салтына бейім бола алмай қалады", – деді Жуков.

Оның айтуынша, Погребинский мақсатының айқындығымен ерекшеленетін және өте қайырымды әрі ақкөңіл болды. Сондай-ақ ол үнемі спортпен шұғылданып, жаттығуға әркез Жуковпен бірге барып жүрген. Суретшінің тағы бір хоббиі – кино еді.

"Ол бұл өнерге өте жақсы дайындықпен келетін. Өзінің барлық рөлдерін пысықтап, жаңа жобаларды жүзеге асыруға аса құштар болды", – деп еске алды досы.

Жуковтың айтуынша, қазірге дейін марқұмның туыстарының ешқайсысы мәйітханаға келмеген. Актермен қоштасу қай күні және қай жерде өтетіні белгісіз. Десе де, Жуков Погребинскийдің анасы бұл туралы кейінірек хабарлайтынына сенімді. Өйткені марқұммен қоштасқысы келетін достары мен таныстары аз емес.

Оқи отырыңыз: Жүрегі тоқтап қалған: танымал қазақстандық футболшы қайтыс болды

Айта кетейік, Погребинский актерлік білім алмаған. Ол 2002 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің психология факультетін бітіріп, кәсіби баскетболшы болып, спорт шебері атанды.

Алғашқыда ол киноға каскадер ретінде түскен Погребинский біраз уақыттан кейін эпизодтық рөлдерді ойнай бастады. Ол көптеген фильмдердің, соның ішінде "Улицы разбитых фонарей", "Убойная сила", "Ментовские войны", "Мажор", "Морские дьяволы" және "Ментозавры" сияқты кинотуындыларды рөлдерді сәтті сомдап шықты.

Жаңалықтар
0