Әлем

Путин "Спутник V" вакцинасын салғызғанын айтты

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуВстреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин вакцина алғаннан кейін бірнеше ай өткен соң нақты қай препаратты салғызғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфир кезінде коронавирусқа қарсы қандай вакцина салғызғанын айтты.

"Екпе салдырамын деп шештім... "Спутник V" препаратын салғыздым. Оның үстіне еліміздегі Қарулы күштер де "Спутник V" салғызып жатыр. Ал мен қалай болғанда да жоғарғы бас қолбасшымын", - деді Владимир Путин.

РФ президенті екпе салғызғаннан кейін 4 сағат өткен соң ине орнында аздаған шаншу байқалғанын айтты. Ал екінші рет вакциналаудан кейін түнгі 12 шамасында дене қызуы 37,2 градусқа дейін көтерілгенімен, таңертең қайта 36,6 деңгейіне түскен.

Ол вакцина таңдау кезінде дәрігерлермен кеңеспегенін мәлімдеді. Сонымен қатар екпе салғызғаннан кейін ағзасындағы антиденелер деңгейі артқаны анықталған.

"Екпе салғызғаннан кейін де елдегі танымал көп адам коронавируспен ауырды. Бірақ ауру әлдеқайда жеңіл өткен", - деді Путин.

Сондай-ақ Ресей басшысы бұған дейін неліктен өзі салдырған вакцинаның атын атағысы келмегенін түсіндірді.  

"Менен бір вакцинаға екіншісінің алдында қандай да бір бәсекелестік артықшылық жасамау үшін қай вакцинаны салдырғанымды айтпауды өтінді", - деді Путин.

Путин вакциналау процесін видеоға түсірудің қажеттілігі мен маңыздылығы жоқ деп санайды.

"Егер вакцина қолға емес, басқа жерге егілетін болғанда, оны да көрсету қажет бола ма?", - деп қалжыңдады президент.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева да ресейлік "Спутник V"  вакцинасын салғызған болатын.

Жаңалықтар
0