Владимир Меньшов

Ресейде кинорежиссер Владимир Меньшовты ақтық сапарға шығарып салды

71
Меньшов фильмдегі кейіпкерлері арқылы өзі нені аса жоғары бағалайтынын көрерменге жеткізгісі келді

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Бүгін Ресей халқы кинорежиссер Владимир Меньшовты ақтық сапарға шығарып салды, деп жазды РИА Новости.

10-сынып оқушылары Игорь Грушко мен Олег Комаровский бәсекелестік кезінде адамның күші неде екенін анықтайтын "Розыгрыш" фильмі оның кинорежиссурадағы дебютіне айналды.

Меньшов фильмдегі кейіпкерлері арқылы өзі нені аса жоғары бағалайтынын көрерменге жеткізгісі келді. Ал ол үшін әрқашан мейірімділік пен жақсылық басты орында болатын. Сондықтан ол Игорь Грушконы сомдайтын актерді іздегенде бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарады. Меньшов өмір әділетсіз болуы мүмкін емес деп санады.

Ол қырыққа жақындаған шағында "Дважды солгавшая" фильмінің сценарийін қолға алғанымен, бастапқыда оны кейінге ысыра тұруды жөн көрді. Алайда екінші рет сюжетпен танысқанда, туындыны басқа қырынан танып, оның көрерменге жол тартуына мүмкіндік берді.

"Москва слезам не верит" ондаған жыл бұрын жарық көргеніне қарамастан, қазіргі уақытта да қоғамдағы өзекті проблеманы айна-қатесіз жеткізе алатын кинотуынды. Меньшовтың қолынан шыққан барлық туынды әділдік пен жақсылықтың жеңіске жететінін киносүйер қауымға айқын жеткізеді.

71
Сириядағы журналистер. Архивтегі фото

Халед әл-Хатыб атындағы халықаралық сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

47
(Жаңартылды 21:39 30.07.2021)
Жүлде 2017 жылы Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. RT телеарнасы журналистерге қақтығыс аймағында дайындаған үздік жұмысы үшін берілетін жыл сайынғы Khaled Alkhateb International Memorial Awards халықаралық сыйлығына өтінім қабылдауды бастады. 

Сыйлық 2017 жылы 30 шілдеде Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған. Биыл бұл жүлде төртінші рет өткізіліп отыр.

Халед әл-Хатыб атындағы Халықаралық сыйлық төмендегі аталымдар бойынша беріледі:

  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: мәтін";
  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: видео";
  • "Соғыстан кейін: мәтін/видео" - соғысты бастан өткерген және бейбіт өмірге оралған адамдардың және тұтас халықтың тағдыры туралы. Номинация алғаш рет ұсынылып отыр.   

Khaled Alkhateb International Memorial Awards — 2021 жүлдесінің жеңімпаздары 200 мың рубль көлемінде ақшалай сыйлық алады.

https://award.rt.com сайтында өтінім беруге болады. Жеңімпаздар 30 қарашада анықталады.

Алғашқы жылы Ирак, Ирландия және Сингапурдан қатысқан журналистер марапатталды. Қазылар алқасының құрамында шетелдік және ресейлік журналистер, оның ішінде Ирада Зейналова мен Евгений Поддубный болды.

2019 жылы 25 елден жолданған жұмыстар қаралды.

Сириядағы, Ирактағы және Ливиядағы қақтығыстар туралы айтқан Ресей, АҚШ, Италия және Үндістанның өкілдері лауреат атанды. 2020 жылы RT сыйлығын Ресей, Сирия және Үндістанның әскери корреспонденттері алды.

RT телеарнасы RT Arabic-пен ынтымақтастық орнатқан 25 жастағы журналист Халед әл-Хатыбты еске алуға арналған Khaled Alkhateb International Memorial Awards сыйлығын тағайындады.

Ол 2017 жылы Сирияның Хомс провинциясындағы содырлардың зымыран шабуылы салдарынан қаза тапты. Халед өз репортаждарында Сирияның үкіметтік күштерінің террористермен соғысын көрсетті.

47
Бала, архивтегі сурет

Зейнеткер терезеден құлаған баланы қағып алды видео

720
(Жаңартылды 08:12 28.07.2021)
Үй шаруасын істеп жүрген әке-шешесі бүлдіршіннің терезеден қалай құлағанын байқамай қалған екен

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ресейдің Новокузнецк қаласында зейнеткер терезеден құлап кеткен баланы қағып алды. Осы оқиға бейнебақылау камерасына жазылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Кемеров облыстық ішкі істер басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, бір жарым жасар бүлдіршінді құтқарған әйел баланы ата-анасына беріп, кетіп қалған.

Оқиға орнына барған инспекторлар жағдайдың мән-жайын анықтады. Баланың әке-шешесі үй шаруасын істеп жүріп, бүлдіршіннің терезеге қалай шығып кеткенін байқамай қалған. Даладан біреудің айқайлаған даусын естіді. Терезеден қараса, егде жастағы әйел кішкентай баланы қолында ұстап тұр.

Дәрігерлер бүлдіршіннің денесінде болар-болмас жарақат іздері бар екенін айтып отыр. Ал полицейлер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы зейнеткерді іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары құтқарушыны тапты.

64 жастағы Светлана Санарова ол күні дүкеннен келе жатқан. Ал терезеден тұрған баланы көрген бойда пакеттерін тастап, көпқабатты үйге қарай жүгірді. Қолын созып, екінші қабаттан құлаған баланы қағып алды.

Ішкі істер министрлігінің Новокузнецк қалалық басқармасы және қоғамдық кеңес мүшелері батыр зейнеткермен кездесіп, алғыс айтуды жоспарлап отыр.

720
Тақырып бойынша
Қарағандыда қолына баласын алған әйел терезеден секірмек болды – видео
Туысының үйіне терезеден кірген әйел тоңазытқыштан баланың денесін тауып алған
Отағасы ұйықтап жатқан: Терезеден қарап отырған әйел қызынан көз жазып қалды
Жасөспірім кішкентай қарындасын терезеден лақтырып жіберді
Көкшетауда бір жасар сәби терезеден құлап кетті
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0