Әлем

Қазақстандықтар ресейлік университетке қашықтан оқуға түсе алады

© Photo : Сібір федералды университетінің баспасөз қызметі Сібір федералды университеті
Сібір федералды университеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Сібір федералды университетіне оқуға түсу үшін құжаттар мен емтиханды онлайн режимде тапсыруға болады

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Қазақстан студенттері Ресейдің шығыс бөлігіндегі ең ірі жоғары оқу орны – Сібір федералды университетіне (СФУ) қашықтан түсе алады. Бірінші курс студенттеріне оқуға түсу кезінде толыққанды қолдау көрсетіледі: ол құжаттар тапсырудан бастап жолақы және медициналық сақтандыруды сатып алу шығынын өтеуді қамтиды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінде хабарлады.

Оқуға түсу оңай

СФУ өкілдерінің айтуынша, оқуға түсу сынақтары мен құжаттарды онлайн режимде тапсыруға болады: қажетті қағаздарды сканерлеу немесе суретке түсіру жеткілікті. ЖОО-ның Шымкентте орналасқан кәсіби бейімдеу орталығында мамандық таңдау бойынша консультация алуға болады. СФУ қызметкерлері жүйеде жеке кабинет ашып, құжаттардың скан-нұсқасын дайындауға көмектеседі.

"Қазіргі уақытта ЖОО сайтында (https://abiturient.sfu-kras.ru/) тіркелгеннен кейін құжаттар мен емтиханды онлайн режимде тапсыруға болады. Болашақ студент емтихан тапсыру үшін өзіне қолайлы уақытты таңдай алады. Кесте бойынша жүйеге кіру мүмкіндігі күніне 10 сағат бойы ашық болады. Сағат белдеуіндегі айырмашылықты ескеріп отырмыз. Олардың қолайлы жағдайда емтихан тапсыруы маңызды", - деді СФУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекшісі Анна Мезит.

© Photo : СФУ баспасөз қызметі СФУ студенттер қалашығы экологиялық таза ауданда орналасқан
Қазақстандықтар ресейлік университетке қашықтан оқуға түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
СФУ студенттер қалашығы экологиялық таза ауданда орналасқан

Университетте жедел желі мен қолдау чаттары жұмыс істейді. Мұнда абитуриенттерге ЖОО сайтында тіркелуге және қажетті құжатты толтырып, жөнелтуге көмектеседі. Егер бірінші курс студенті қандай да бір құжатты жеке кабинетіне жүктеуді ұмытып кетсе, онымен міндетті түрде байланысады. Ресейге аттанардан бұрын абитуриентке көшу бойынша арнайы гайд жолданады.

Қазақстан азаматтары бюджеттік негіздегі оқуға ресейлік абитуриенттермен бірдей шарттар бойынша түсе алады. Ақылы түрде білім алатын студенттер үшін жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Университеттегілер адам өзі қалаған мамандығы бойынша білім алуы маңызды деп санайды.

Студенттерге қандай жеңілдіктер қарастырылған

СФУ-ға оқуға түскен Қазақсан азаматтары шәкіртақыдан бөлек ЖОО тарапынан ұсынылатын басқа да бонустарды ала алады. Олардың қатарында оқу орнына жетуге жұмсалған жолақы және медициналық сақтандыру қаражатын өтеу бар.

"Балаларын білім алу үшін үйінен шалғайға аттандырып жатқан бірінші курс студенттерінің ата-анасын жақсы түсінеміз. Олардың әсіресе бала денсаулығына қатысы уайымы мен алаңдауы көп. Сондықтан ерікті медициналық сақтандырудың полисі үшін жұмсалған қаражатты өтеп береміз. Ол үшін ақша үнемдеудің еш себебі жоқ", - деді Мезит.

© Photo : СФУ баспасөз қызметіШетелдік бірінші курс студенттері үшін тегін орыс тілі курсы, экскурсиялар, шығармашылық шаралар ұйымдастырылады
Қазақстандықтар ресейлік университетке қашықтан оқуға түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Шетелдік бірінші курс студенттері үшін тегін орыс тілі курсы, экскурсиялар, шығармашылық шаралар ұйымдастырылады

Университеттегілер атап өткендей, шетелдік абитуриенттермен жеке департамент жұмыс жасайды. Бейімделу мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді.

"Халықаралық департаменттің құрылымында шетелдік азаматтардың әлеуметтік-мәдени бейімделу бөлімі бар. СФУ-де халықтар достығы орталығы, яғни басқа елдерден келген студенттердің одағы жұмыс істейді. Шетелдік студенттердің барлығы белсенді әрі ашық-жарқын. Жоғары курс студенттері жаңа студенттерге белсенді көмектеседі. Мәселен, студенттер өз елінен келетін делегацияны әуежайда күтіп алды. Біз мұндай жағдайда барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Мысалы, олар үшін көлікке тапсырыс береміз", - деді Анна Мезит.

Шетелдік бірінші курс студенттері үшін университет тарапынан тегін орыс тілі курсы, экскурсиялар, шығармашылық және басқа да шаралар ұйымдастырылады. Бұл оларға басқа елдегі өмірге бейімдеуге және достар табуға көмектеседі. Сондай-ақ әр институтта директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әр жатақханада тьютор жұмыс істейді.

"Шетелдік студенттерге қатысты стереотипке алаңдайтынмын. Маған басқаша көзқарас болады ма деп уайымдадым. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша қалыптасты. Мен курстастарыммен де, жоғары курс студенттерімен де тез тіл табысып кеттім. Маған бейімделуге ғана емес, оқуда да көмектесті", - деді инженер-құрылыс институтының төртінші курс студенті Владислав Бойко.

© Photo : СФУ баспасөз қызметі Владислав Бойко
Қазақстандықтар ресейлік университетке қашықтан оқуға түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Владислав Бойко

Бүгінде Владислав "Алтын" атты Қазақсттан студенттері одағының төрағасы қызметін атқарады. Бұл одақ қазақстандық студенттерге университетте бейімделуге көмектеседі.

Баспана, инфрақұрылым және бос уақыт

СФУ студенттер қалашығы экологиялық таза ауданда орналасқан. Мұнда студенттер үшін барлығы қол созым қашықтықта тұр: оқу корпустары, дәріханалар мен дүкендер, сонымен қатар медициналық пункт; барлық іс-шаралар, конференциялар мен мерекелер өтетін конгресс-холл; бірнеше бассейн; гольф алаңы; тау-шаңғы кешені және кітапхана.

"Менің оқу кестем өте қолайлы. Күніне 2-3 пән бойынша сабақ өтеді. Сондықтан жоспарды өз қалауыңа қарай икемдеуге болады. Мұнда оқудан басқа да айналысатын іс көп" – дейді Владислав Бойко.

ЖОО базасында түлектерді ғана емес, студенттерді де жұмысқа орналастыруға бағытталған СФУ қызмет орталығы жұмыс істейді. Университеттің ресми сайтында түйіндеме қалдыруға арналған арнайы бөлім бар.

"2020 жылдың тамызынан бастап күндізгі бөлімде оқитын шетелдік студенттер оқудан бос уақытта жұмыс істей алады. Олардың көбісі оқып жүрген кезден-ақ мамандығы бойынша жұмыс істей бастайды. Бастысы – бұл білім алуға кедергі жасамауы керек", - деді Мезит.

© Photo : Сібір федералды университетінің баспасөз қызметі Сібір федералды университетінің жатақханасы
Қазақстандықтар ресейлік университетке қашықтан оқуға түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Сібір федералды университетінің жатақханасы

Бүгінде университет жатақханасы 11,5 мың студентті қабылдай алады. Бұл шетелдік және басқа қалалардан келген студенттердің баспана мәселесін толық шешіп отыр.

"Мен кампус аумағындағы пәтер түріндегі жатақханада тұрамын. Олардың жалпы саны отыз. Тағы үшеуі салынып жатыр. Бөлмеде қажеттінің барлығы бар: ас бөлмесі, кір жуатын машина, ванна бөлмесі мен балкон", - деді Владислав Бойко.

"Университетте дәліз іспеттес және пәтер түріндегі жатақханалар бар. Шетелдік студенттердің басым бөлігі жаңа ғимараттан екі адамнан тұрады. Университет жатақханасында тұру құны 1500 рубль шамасында", - деді Анна Мезит.

© Photo : Сібір федералды университетінің баспасөз қызметі Сібір федералды университетінің медицина орталығы
Қазақстандықтар ресейлік университетке қашықтан оқуға түсе алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Сібір федералды университетінің медицина орталығы

Университет туралы мәлімет

Бүгінгі таңда Сібір федералды университетінде әлемнің 42 елінен (ТМД, Таяу Шығыс, Африка, Еуропа, Латын Америкасы, Азия, Океания) мыңнан астам шетелдік студент, тыңдаушы мен іс-тәжірибеден өтуші білім алуда. Оның ішінде 194-і Қазақстаннан келген студенттер. ТМД елдерінде жыл сайын СФУ өкілдері абитуриентерді университеттің мүмкіндіктерімен таныстыратын білім көрмелері мен тестілеу өткізеді.

СФУ Times Higher Education (THE) және Quacquarelli Symonds (QS) агенттіктерінің нұсқасы бойынша әлемнің үздің 1000 университетінің ішіне кірді және физика мен инженер-техникалық ғылымдар бойынша 801+ орынға ие. Сондай-ақ СФУ жетекші бес ұлттық рейтинг агенттіктерінің нұсқасы бойынша ресейлік 20 үздік университеттер қатарына енді.

Жаңалықтар
0