Открытие МАКС-2021

Ресей Қазақстанмен авиақұрылыс саласындағы байланысты арттырады - Путин

134
(Жаңартылды 18:06 20.07.2021)
Ресей президенті Владимир Путин МАКС он бесінші халықаралық авиағарыш салонының ашылуында сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Ресей Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдермен авиақұрылыс саласындағы байланысты арттыруға ниетті. Бұл туралы он бесінші МАКС авиасалонының ашылуында сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин айтты.

"Бұл авиасалонда Ресеймен серіктес ел ретінде Қазақстан болатынын ерекше атап өткім келеді. Біз қазақстандық әріптестермен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдермен авиақұрылыс сынды жоғары технологиялық салада әріптестікті нығайтуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Халықаралық авиағарыш салоны (МАКС) - авиация және ғарыш техникасы және авиақұрылыспен байланысты ғылым мен техника жетістіктерінің көрмесі. Көрме дәстүрі бойынша ұшу аппараттары әуеде қалықтайды, деп жазады РИА Новости.

Бұл жиын Мәскеу маңындағы Жуковский қаласында екі жылда бір рет өтеді. Әлемдегі он ірі авиафорум қатарына кіреді.

Бұған дейін Ресейдегі Қазақстан елшілігі отандық павильон суретін жариялаған болатын.

 

134

Лавров Ресейдегі тұрақсыздықты қалайтындар жайлы айтты

92
(Жаңартылды 22:32 23.07.2021)
Дипломат Ресей мен оның аумағын әскери және экономикалық әдістермен игеріп алуды көздеп отырғандар бар екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Батыс Ресейдің айналасындағы жағдайды тұрақсыздандыруды, соның ішінде фейктердің көмегімен әрекет етуді көздеп отыр. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп жазды РИА Новости

"Біздің айналамызда тұрақсыздық тудырып, бізбен көрші, бауырлас елдердің алдында не Батыспен, не Ресей Федерациясымен бірге болуды таңдауға мәжбүрлеп отыр", - деді ол "ЕР" алаңындағы "Мемлекеттік дума депутаттарын сайлау науқаны жүріп жатқан сыртқы саяси жағдай" вебинарында. 

Дипломат Ресей мен оның аумағын әскери және экономикалық әдістермен игеріп алуды көздеп отырғандар бар екенін айтты. 

"Олар бізбен көршілес елдердің дамуына Батыстың шешуші ықпал етуінің арқасында қандай да бір пайда көргілері келеді", - деп жағдайды сипаттады Лавров.

Лавров бұл әсіресе Украинадағы жағдайда айқын білінгенін, ал соңғы айларда "түрлі-түсті революция әдісі" Белорусь елінде да байқалғанын айтты. Сонымен қатар оның айтуынша АҚШ пен ЕО елдері Молдавия үшін ашық геосаяси күреске бет бұрды.

"Қазір біздің батыстағы әріптестеріміз Орталық Азия, Кавказды қоса алғанда, еліміздің шекарасын бойлай өздерінің әскери қатысуын мейлінше кеңейтіп жатыр", - деп қорытты Ресей СІМ басшысы. 

Лавров Сергей Шойгу, дәрігер Денис Проценко, Жалпыресейлік халық майданы тең төрағасы Елена Шмелева және балалар омбудсмені Анна Кузнецовамен бірге "Единая Россия" партиясының жалпыфедералдық бөліміне кіреді. 

Федералдық тізімде 395 кандидат ұсынылған. Ал бір мандатты сайлау округтері бойынша – 219 кандидат.

92
 Гонец-М ғарыш аппараты

Қазақстандық делегация Ресеймен ғарыш саласын дамыту мәселесін талқылады

49
(Жаңартылды 23:08 21.07.2021)
Қол қойылған құжаттардың бірі Қазақстан аумағында "Гонец" спутниктік жүйесі негізінде байланыс технологияларын қолдануды қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың басшылығымен "Қазақстан Ғарыш Сапары" акционерлік қоғамы МАКС-2021 халықаралық авиациялық-ғарыш салонында қатысып жатыр.

Бейбіт Атамқұлов пен "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин арасындағы кездесуде тараптар ғарыш саласын дамытудағы ынтымақтастықты одан әрі талқылады, деп хабарлады "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Кездесуден кейін "ҚҒС "ҰК" АҚ, "Главкосмос" АҚ және "Гонец" жер серіктік жүйесі" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Құжат ғарыш қызметінің әртүрлі салаларындағы үш компанияның, оның ішінде Қазақстан аумағындағы "Гонец" жер серіктік жүйесі базасында жер серіктік байланыс технологияларын пайдаланудағы ынтымақтастықты қарастырады", - делінген хабарламада.

Тараптар ғарыштық әзірлемелер мен зерттеулер саласындағы әріптестік қатынастар мен ынтымақтастықты өзара дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

 Айта кету керек, биыл салон 20-25 шілде аралығында өтеді. МАКС-2021 келушілері ұсынылған экспонаттардың, зымыран тасығыштардың, ғарыш аппараттарының және басқа әзірлемелердің макеттерімен таныса алады.

49
Елордадағы билборд, архивтегі сурет

Індет өршіп тұр: "сары" аймақта тек бір ғана облыс қалды

10
Қазіргі таңда Қазақстанның он алты өңірі "қызыл" аймақта орналасқан, "жасыл" аймақта бір де бір облыс жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта тек Алматы облысы қалды.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (76 891 КВИ+ және 2 026 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1 438 адамның жағдайы ауыр,
  • 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Соңғы дерекке сүйенсек, республикада 5 127 049 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 3 232 019 адам екінші компонентін салдырды.

10
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты