Әлем

Ресейдің әскери академиясында Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Аудиторию имени Талгата Бегельдинова открыли в российском военном вузе
Аудиторию имени Талгата Бегельдинова открыли в российском военном вузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Қазақстандық әскерилер Кеңес Одағының батырының еске түсіріп, құрмет көрсетуде. Бірқатар қалада Талғат Бигелдиновтің 99 жасына орайластырылған шаралар өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Воронеж қаласындағы Әскери-әуе академиясында Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды. 

Мұны жоғары оқу орнының магистратурасында оқитын қазақстандық әскерилер жүзеге асырды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Дәрісхана ашу идеясын оқу орнының басшылығы құптады. Академия басшысының орынбасары, полковник Андрей Еремин Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің рөлін атап өтті. 

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Мұндай идеяны жоғары оқу орнының магистратурасында оқитын қазақсандық әскерилер жүзеге асырды
Ресейдің әскери академиясында Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Мұндай идеяны жоғары оқу орнының магистратурасында оқитын қазақсандық әскерилер жүзеге асырды

Мұнда танымал ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигельдиновтің жеке заттары, мемлекеттік наградалары, Ил-2 ұшағының макеті, "Золотая звезда" медалінің көшірмесі, Алматы орталық мемлекеттік архивінен алынған суреттер сақталады.

Қазақстандық әскерилер Кеңес Одағының батырының еске түсіріп, құрмет көрсетуде. Еліміздің бірқатар қаласында Талғат Бигелдиновтің 99 жасына орайластырылған шаралар өтті.

Жаңалықтар
0