Әлем

Ресей шекарасының жанында биологиялық зертханалар желісі артты

© REUTERS / MAXIM SHEMETOVВрач изучает в микроскопе пробы на коронавирус в лаборатории больницы
Врач изучает в микроскопе пробы на коронавирус в лаборатории больницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев АҚШ нысандарда биологиялық қару әзірленіп жатуы мүмкін деген болжам айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Ресей федерациясы тергеу комитеті төрағасының орынбасары Александр Федоров ресейлік шекараның периметрі бойынша америкалық биологиялық зертханалар салынып жатқанына қатысты пікір білдірді, деп жазады РИА Новости.

 Добровольцы из команды спасателей Blue Sky во время проведения дезинфекции в Большом театре Цинтай в Ухане - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Әлем
Уханьдағы зертхана қызметкерінің жұбайы пандемияға дейін ковидтен қайтыс болған

"Ресей шекарасы мен іргелес жатқан мемлекеттердің шекарасына жақын маңда АҚШ әскери ведомствосына тиесілі шетелдік биологиялық инфрақұрылымның еш бақылаусыз және шектеусіз кеңеюі ресейлік мамандар мен әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр", - деді ол "Хабаровск процесі: тарих сабақтары мен заманауи сын-тәуекелдер" халықаралық форумында.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев сәуірде "Коммерсант" газетіне берген сұхбатында әлемде, әсіресе, Ресей мен Қытай шекарасында америкалықтардың бақылауындағы жаңа лабораториялар саны артып жатқанын айтты. Патрушев бұл нысандарда биологиялық қару әзірленіп жатыр деп болжауға негіз бар екенін де жасырмады.

Мамырда Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Юрий Аверьянов РИА Новостиге берген сұхбатында бұл зертханалардағы адам өміріне қауіпті микробтар кездейсоқ табиғатта таралып, Ресей және көрші елдердегі адамдардың жаппай ауру жұқтыруына алып келуі мүмкін екенін айтты. Ол Вашингтон бірқатар мемлекет үшін биологиялық зерттеулердің жеке жоспарын әзірлейтінін және олардың бірлескен бағдарламалар арқылы орындалуын қадағалайтынын мәлімдеді.

АҚШ өзінің биологиялық лабораторияларына қатысты қандай да бір пікір білдірген жоқ. Әйтсе де Қытай мұндай іс-шараға қатысты нақты әрі толыққанды жауап беруді бірнеше рет талап еткен болатын, деп мәлімдеді ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин Аверьяновтың пікіріне қатысты түсініктемесінде.

Сотрудники службы безопасности в защитных масках у железнодорожного вокзала Ханькоу в Ухане, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Әлем
Уханьда қайтадан коронавирус анықталды – 11 миллион адам тексерістен өтеді

1949 жылдың 25-30 желтоқсанында өткен Хабаровск процесі кезінде Жапонияның КСРО-ға қарсы тұру жоспары туралы белгілі болды. Ол шарада әлем бактериологиялық соғыс дайындалғаны туралы білді. 1945 жылдың тамызында Кеңес әскері оның жолын кескен. Трибунал Екінші дүниежүзілік соғысқа заң аясында нүкте қойды.

Сондай-ақ "Хабаровск процесі: тарих сабақтары мен заманауи сын-тәуекелдер" халықаралық форумы 1946-1948 жылдар аралығында Қиыр Шығысқа арналған халықаралық әскери трибуналдың 75 жылдығына орайластырылған.

Жаңалықтар
0