Әлем

"Жарайсың, бауырым": Мұсағалиев қазақша әнін жариялады – видео

© Photo : Comedy Club ProductionАзамат Мусагалиев
Азамат Мусагалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Бұл әзілкештің қазақ тіліндегі алғашқы әні емес. Былтыр шілде айында әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан — Sputnik. Ресейлік әзілкеш және тележүргізуші Азамат Мұсағалиев қазақ тілінде ән жазды. Ол туындыны өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Ән "Сен" деп аталады.

Бұрынғы КВН ойыншысы шығармашылығын сүйер қауым әнге тәнті болғанын жарыса жазып жатыр. Олар: "Жарайсың, бауырым", "Керемет ән", "Сенің әніңді ұзақ күттім", "Даусың әдемі, тыңдай бергің келеді", деп жазды.

Әннің әсемдігін қазақ тілін білмейтіндер де атап өтті: "Ән керемет ұнады, тілді білмейтінім өкінішті", "Еш нәрсе түсінген жоқпын, бірақ жаным мағынасын түсінді", деп жазған. 

Бұл Азамат Мұсағалиевтің қазақ тіліндегі алғашқы әні емес.

Былтыр шілде айында Instagram парақшасында видео жариялаған болатын.

Жаңалықтар
0