Сергей Лавров

Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақырмайды Лавров

333
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жылсайынғы баспасөз конференциясын өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар - Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жылсайынғы баспасөз конференциясында АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдігі бойынша келіссөздер қалай жүріп жатқанын, Батыс ҰҚШҰ туралы не ойлайтыны жайында айтып, Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақыра ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп жазды РИА Новости.

Әлемдік геосаясаттағы күрделі жағдай туралы

"Жағдай жақсарып жатқан жоқ, қақтығыс әлеуеті артып келеді. Батыстағы әріптестер жағдайдың кері сипатта өрбуіне шешуші ықпал етуде, олар БҰҰ жарғысына негізделген халықаралық қатынастардың құрылымына нұқсан келтіру бағытын ұстанып, халықаралық құқықты өз ережелерімен алмастыруды көздеп отыр", - деді Ресей министрі 2021 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.

Сергей Лавров НАТО Украина мен скандинавиялық елдерді өз қатарына қосуға үндеп жатқанын мәлімдеді.

"Солтүстік Атлантикалық альянсқа құрамын жасанды түрде кеңейту, оған негізінен Украинаны тарту әрекеттері тыйылмай тұр. Жақында НАТО басшылығы Солтүстік Атлантикалық альянсқа кірмейтін Скандинавия елдерінің мүше болатыны туралы қызықты мәлімдеме жасады", - деді ол баспасөз конференциясында.

Бейсенбіде НАТО бас хатшысы Швеция мен Финляндия альянстың қорғаныс стандарттарына сай келетінін айтып, олардың саяси шешіміне қарай қос мемлекет НАТО-ға мүше бола алатынын айтты.

АҚШ Ресей ұсынысынан бас тартса не болады

Сергей Лавров Ресей қауіпсіздік кепілдігі жөнінде АҚШ пен НАТО-дан жауап күтіп отырған шақта оқиғаның кез келген сценарийіне дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жауап жазбаша күйде ұсынылуы керек.

"Егер біздің ұсынысымызды кері қайтарса, біз жағдайды бағалап, президентке баяндаймыз... Барлық факторды, ең алдымен өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мүдделерін есепке алып шешім қабылдаймыз", - деді Лавров.

Оның айтуынша, НАТО бүгінде Ресей шекарасына тым жақын келді  және қазір альянс әскери жоспар бойынша территорияны белсенді игеріп жатыр, құрлықтағы күшті, авиацияны нығайтып, Қара теңіздегі оқу-жаттығулар ауқымын кеңейтуде.

ҰҚШҰ тиімділігі мен жинақталған тәжірибе туралы

"Бұл тәжірибені қолдануға енді қажеттілік болмайды деп үміттенемін. Бірақ мылтықты кезеулі күйде ұстауды ұмытпау қажет. Себебі мұндай жағдай алда-жалда тағы пайда болса қайтпек керек? Әрине, біз оның алдын алу үшін барлық қажетті шараны қабылдап, соның ішінде ҰҚШҰ-ның тиісті құрылымдары арқылы барлық іс-әрекетті жүзеге асырып жатырмыз", - деді ол баспасөз конференциясы барысында.

Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлеріне байланысты Батыс санкция енгізе ме

Қазақстанның өтініші бойынша ҰҚШҰ күштерінің жұмылдырылуына байланысты Батыс санкция енгізуі мүмкін. Сергей Лавров батыстағы әріптестерден барлығын күтуге болады дейді.

"Біз нақты мәселелер аясында жұмыс істейміз. Алайда батыстағы әріптестерімізден кез келген әрекетті күтуге болады. Бірақ жағдайдың түрлі бағытта өрбуіне дайынбыз", - деді Лавров.

Батыс ҰҚШҰ-ны таңырқап бақылап отырды

"Бітімгершілік күштерінің (ҰҚШҰ) әлеуеті өз қабілетін бүкіл әлемге дәлелдеді деп ойлаймын. Қазақстан президентінің өтініші бойынша осы елге көмек көрсету үшін ҰҚШҰ-ның барлық елінен жіберілген әскери бөлімшелерді орналастыру жылдамдығына Батыс таңғалды, барлығы жоғары бағалағанына күмәнім жоқ", – деді Лавров баспасөз конференциясында.

Лавров Қазақстанда қалыптасқан жағдай соңғы жылдары бітімгерлік әлеуетті дамыту бойынша ҰҚШҰ-да қабылданған шаралардың тиімділігін айғақтағанын айтты.

Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке шақыра ма

РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей мен Беларусьтің Одақтас мемлекетіне мүше болуға Қазақстанды шақыру мүмкіндігі туралы алып-қашпа әңгімеге қатысты пікір білдірді.

"Біреуді мүшелікке шақыратын әдетіміз жоқ. Бір тарап өтініш білдірсе, ол өтінішті конструктивті тұрғыда қарастыратын рәсім бар. Мүшелікке шақыратын әдетті батыстағылардан көріп отырмыз. Олар бүкіл мемлекетті НАТО-ға кіруге шақырып жатыр. Бұл біздің әдіс емес", - деді Лавров.

333
Қытай туы

Қытай Қазақстанға "өз мүмкіндіктері шегінде" көмек көрсетуге дайын

65
Қытайдың Қазақстанға нақты қалай көмектесетіні айтылған жоқ. Бұған дейін Қытай басшысы Си Цзиньпин елдегі тәртіпсіздіктерді айыптады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қытай Қазақстанның қалауына сәйкес және өз мүмкіндіктері шегінде көрші елге көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады РИА Новостиге ҚХР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдауында Бейжің Қазақстанның тұрақтылығына нұқсан келтіретін және ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген күштерге табанды түрде қарсылық білдіретінін айтқан.

Си Цзиньпин екі ел арасындағы достыққа және ынтымақтастыққа кедергі келтіретін кез келген әрекетке қарсылық білдірді, сондай-ақ Қазақстанға қажетті қолдау мен қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін мәлімдеді.  

"Қытай мен Қазақстан – тату көршілер және тұрақты стратегиялық серіктестер. Қытай Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқан және Қазақстан тарапының қалауына сәйкес және өз мүмкіндіктері шегінде көмек көрсетеді", - деп атап өтті ведомство.

Сыртқы істер министрлігі Қытайдың тыныштықты қалпына келтіруге, экономикалық дамуға және Қазақстан халқының тұрмысын жақсартуға көмектесетін шараларға сындарлы көзқарасты ұстанатынын мәлімдеді.

Сонымен бірге ҚХР сыртқы істер министрлігі Қытай Қазақстанға нақты қандай көмек көрсетеді және қажет болған жағдайда ол жерге өзінің бітімгершілік күштерін жіберуге дайын ба деген сауалға тікелей жауап бермеді.   

65
Архивтегі фото

Ресейліктер 11 қаңтарда еліне ұшып кете алады

30
Ресей азаматтары "Чкаловский" әуежайына (Мәскеу облысы) жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Ресей азаматтары 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Алматы әуежайынан ұша алатынын хабарлады.

"11 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайынан "Чкаловский" әуежайына (Мәскеу облысы) ресейліктерді отанына жеткізу үшін Ресей қорғаныс министрлігі әскери-көлік авиациясының рейсі орындалады. Ауа райы жағдайына байланысты қонуға Ресей әуе-ғарыш күштерінің басқа аэродромдары пайдаланылуы мүмкін", — делінген елшілік хабарламасында.

Әуежай терминалында 9:00-ден 15:00-ге дейін жиналу керек.

Ресей азаматтарынан "бір жолаушы – бір қол жүгі" шектеуіне сүйене отырып, жарамды төлқұжаттарын ұмытпауды, сондай-ақ жеке заттарын тұтастыруды сұрады. Төтенше жағдайға байланысты әуежай қызметтері багажды бортқа тиеу қызметін көрсетпейді.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Ресей әскери ұшағы Қазақстаннан Ресейге 146 адамды, оның ішінде алты Венгрия азаматы және бес Австрия азаматын тасымалдаған болатын.  

30
Самат Абиш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

0
Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды
0