шахта

"Қара" алтын іздеушілер: кеніштердегі заңсыздарға тосқауыл болатын не

61
(Жаңартылды 01:59 15.11.2016)
Ақмола облысындағы кеніштердегі заңсыз алтын өндіру мәселесінің туындағанына біраз жылдар болды. Өлім қауіп-қатері де, күзет те, полиция да "қара" алтын іздеушілерді тоқтатуға қабілетсіз болып тұр. Sputnik Қазақстан тілшісі адамдардың неліктен өмірлерін тәуекелге тігіп, шахтаға түсетін себептерін анықтамақ болды.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Меруерт Алимова. "Қазақалтын" кеніштеріндегі "қара" алтын іздеушілер қорқудан мүлдем қалған. Олардың мемлекетке келтіріп отырған зияндары миллиардтармен есептеледі. Соңғы бес жылда 20 мыңнан астам құқық бұзушы ұсталды. Бірақ олардың біреуі де қылмыстық жауапқа тартылған жоқ. Алтын руда кәсіпорны әкімшілігі мен мемлекеттік органдар мұндай белсенділіктің жазасыздықтан орын алып отырғандығына сенімді. 

Үйінділердің асында ондаған, жүздеген заңсыз алтын қазатындар қаза табатын алтын кеніштер тұңғиығына адамдарды не итереді? Ақша мен келешекке деген сенімнің жоқтығы адамдар үшін өзін-өзі сақтау инстинктінен күштірек болғаны ғой. 

Бестөбедегі төбелес

"Қазақалтын" ұжымы – Ақтөбе облысындағы Бестөбе, Ақсу және Жолымбет ауылдарында жұмыс істейтін үш кеніш пен фабрикалар, төрт мыңнан астам адам. Бестөбеде алтынның көп болуына байланысты "қара" алтын іздеушілер аса белсенді. Өткен жылы компаниядағы жалпы тауарлық масса 3,3 тонна алтынды құрады. 2019 жылға дейін жалпы көлемді тоғыз тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

  Бестөбе кеніші осы жылдың маусымында даудың эпицентрінде болды.

Жанжал жұмысшылар мен күзет арасында туындады: жұмысшылардың жеке заттарын тексеру кезінде күзеттің танытқан дөрекілігі шахтерлердің шамына тиген.

Қақтығысқа жүздеген адам қатысып, күзет қару қолданды – екі адам ауруханаға түсті. Көп ұзамай кеніштегі жағдай тұрақталды, бірақ алтын іздеушілер мен жергілікті тұрғындар билік өкілдері мен құқық қорғау органдарының көзінше концерн басшылығына бірнеше шарт қойды. Алайда әкімшілік олардың жалақысын көтеруді, кеніш басшысын ауыстыру мен күзетке жергілікті тұрғындар арасынан тағайындаудады талап еткен шарттарды орындаудан бас тартты. 

Жұмысқа – жергіліктілер

Дегенмен, жақында Ақмола облысы прокуроры Мұратбек Исаділовтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық отырыс барысында, әртүрлі мемлекеттік құрылым өкілдері жұмысқа ең алдымен жергілікті тұрғындарды (Бестөбе ауылының тұрғындар саны алты мың адамнан асады) қабылдау қажеттілігін алға тартқан. 

"Жеке компанияның штатына кімді алу қажеттігін біз шешпейміз, алайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген ұғым бар. Әлеуметтік шиеленісті шешу керек", — деп атап өтті прокурор. 

Бұл жерде әлеуметтік саяси тұрғыдан алтын өндіру компаниясының лайықты көрінетінін атап өткен жөн. Бұл өңір бюджетіне ақша аудару, бала бақшаға демеушілік көмек жасау, Бестөбе ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны (рентген-аппарат, жедел жәрдем көлігі) жабдықтау, алдағы аты шулы "өлім жолын" жөндеуге көмек көрсету. Заводской-Бестөбе (концерн 27 миллион теңгеге жобалық сметалық құжатты әзірлеуді өз мойнына алды). Бірақ кездейсоқ ақша табумен күнелтіп жүрген қарапайым ауыл тұрғындары алтын өндіру компаниясының мұндай ауқымды көмегін көздеріне де ілмейді. 

Бассыздық – жазасыздықтан 

Адамдарды тыныштандырды, фабрика жұмысын жалғастырды, алайда мұндай қайталанбайды деген сенімділік жоқ. Өйткені салдары ауыр болуы мүмкін ғой. Заңсыз өндіру проблемасы, прокуратура, ІІД өкілдері, "Қазақалтын" басшылығы атап өткендей, тек "басылмай" тұрған жоқ, сонымен бірге өршіп келеді. "Соңғы бес жыл ішінде концерн нысандарынан алтын руда өндірген немесе ұрлаған 20 мыңнан астам алтын іздеуші ұсталған. Алайда олардың біреуі де қылмыстық жауапқа тартылмаған, 1%-дан кемі әкімшілік жауапқа тартылған", — деді облыс прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бірінші басқарманың бастығы Еркебұлан Жүнісов. 

Мұндай жазасыздық, "Қазақалтын" бас директоры Евгений Балашовтың пікірінше, алтын іздеушілерді аздырған. "Кейде барлығы қарақшылық кейпінде болады. Жақында орын алған жағдайда адамдар карьерге басып кіріп, күзетші мен тоқтатпақ болған адамдарды соққыға жыққан, — деді ол. – 14 келі алтын – бұл 560 мың АҚШ доллары – осы жылы концерннен ұрлаған; өз күшімізбен сегіз мың алтын іздеуші ұсталды". 

Полиция қызметкерлері 20 тоннадан астам алтынды руда тәркілеп, кварц рудасын өңдеу бойынша 26 шағын цех қызметінің жолын кесті. Бұл ретте қылмыстарға қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері де қатысатын кездері болады екен. Өйткені бір төмен түсу мен көтерілу олардың бір айлық жалақысынан асады. Ұсталған алтын іздеушілердің күзетшіні сатып алу оңай деп мойындаған кездері бар. 

"Қыркүйекте қарауыл бастығы мен күзетшіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі бойынша (Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен жасалған ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Олар концерн аумағынан бірнеше рет алтынды руда ұрлап, нәтижесінде 58 миллион теңгеден астам сома шыққан", — деді ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы бір мысалды келтіре отырып. 


61
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев

Сарапшы: Атамбаев Жээнбековтің аяғына "тұсау" болуы мүмкін

308
(Жаңартылды 19:10 16.10.2017)
Қазақстандық сарапшы Қырғызстанның жаңадан сайланған және қазіргі президенттері арасында қандай жағдайда жанжал туындауы мүмкін екенін айтып берді

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым қатынас жақсаруы тиісті, ал Сооронбай Жээнбеков пен Алмазбек Атамбаев арасындағы жанжал туындауы мүмкін, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан тілшілеріне сарапшы Асқар Нұрша.

Неге қырғызстандықтардың көбі қазіргі президенттің ісін жалғастырушы Жээнбековке өз дауысын берді? – деген мәселеге қатысты сарапшы өз пікірін білдірді.

"Жээнбеков едің премьер-министрі болып табылады (сайлауға байланысты өз қызметінен кеткен болатын). Ұзақ уақыт бойына Ош облыстық әкімшілігін басқарды, яғни ол Қырғызстанның оңтүстігіндегі аймақтық саясатта тәжірибесі бар адам. Оның бойында республикалық деңгейде жинақталған үлкен тәжірибесі әрі ел басқаруға қатысты жан-жақты дайындығы да бар. Елдің премьер-министрі болған кезде Жээнбеков мемлекеттік аппаратта жұмыс тәжірибесін жинақтады және басқа үміткерлермен салыстырғанда ол сыртқы саясатта да мол еңбек сіңірген. Ол Орталық Азия болсын, тіпті басқа да посткеңестік республикалардың басшыларына таныс адам. Оның бұл сайлаудағы жеңісі заңды. 

Бюрократиялық көзқарастарға сәйкес, Жээнбеков қандай да бір жаңа сипаттағы көшбасшылықты қолға алып, Қырғызстанның жан-жағындағы елдермен, әсіресе көрші мемлекеттермен құрылымдық байланыстар орнатуға қызығушылық танытары сөзсіз. Ал, егер Атамбаев өзінің бүгінгідей қылығын тоқтатпайтын болса, ол Жээнбековтің аяғына белгілі дәрежеде "тұсау" болары анық.


308
ЭКСПО

Сәтпаев: біз ЭКСПО өткізіп жатқан кезде, басқалар зауыттар салуда

549
(Жаңартылды 15:52 09.01.2019)
Қазақстандық танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев Астанада өткен халықаралық ЭКСПО көрмесінің қорытындысын шығарды

АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik, Сергей Ким. ЭКСПО – бұл өте қымбат, әрі өте бай жоба, алайда ол қазақстандық шынайылыққа сәйкес келмейді, деген сенімде саясаттанушы Досым Сәтпаев. Кешегі күні аяқталған үлкен жоба жайында Sputnik Казахстан тілшілеріне өз пікірімен бөлісті. Ол өзінің ЭКСПО көрмесіне қатысты сынын айта келе, бұл жобаның жақсы жақтарын да көрсете білді. 

— Сіз үшін ЭКСПО қандай қуаныш әкелді?

— Ең алдымен, ешқандай күрделі апаттық жағдай орын алмай, техникалық жағынан ақаулардың болмағаны басты қуаныш болып табылады. 

— Неден көңіліңіз қалды?

— Басқалар ойлағандай, бұдан да жаман болуы мүмкін деген пікірден бастау керек. Ұйымдастырушылық тарапынан қарағанда, жақсы іс-шара болды. 

Айта кететін жайт, біздегі ЭКСПО басты емес, аралық көрме болды. Ал Қазақстан бұл жобаны басты ЭКСПО сипатында өткізді. Өзінің қараңыз, көрмені өткізу уақытында Астанада бірқатар ресми оқиғалар – саммиттер, конференциялар, мемлекет басшыларының кездесулері болды. 

ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылуы
YouTube / PrimeMinister.kz
Олардың барлығы дерлік жоғары шенді адамдардың, ірі бизнес компаниялары өкілдерінің көрмені тамашалауымен бірге жүрді. 

Бұл ретте елдегі билік ЭКСПО көрмесі арқылы ел экономикасының дамуын әлемге паш ете білді. 

— ЭКСПО көрмесінің қандай жақсы жақтары болды? 

— Ең бірінші ерекше айтатын жақсы жағы – ішкі туризм дамыды. Көрменің арқасында көптеген қазақстандықтар Астанаға келді.

Екінші жақсы жағдай, ЭКСПО көрмесін тамашалауға келіп, технологиялық жаңалықтарды тамашалаған мыңдаған балалардың ішінен біраз уақыттан кейін қазақстандық инженерлер, өзіміздің Билл Гейтстар, Стив Джобстар, Илон Масктар  шығуы ықтимал. 

Танымдық әсер жағынан қарайтын болсақ, көптеген балалар мен жастар Қазақстаннан тыс еш жерге шықпаған. Олардың көбі шетелдік павильондарды барып, шетелдіктерді көріп, олардың мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша, олардың көзқарастары біршама дамыды. 


549
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 2018 жылмен салыстырғанда 9 есе өседі

0
(Жаңартылды 20:00 13.04.2021)
Көлгінов үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елорда аудандарын "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз. Аудандар полиорталық қағидатына сай дамуда, яғни қажетті әлеуметтік нысандар жаяу қашықтықта орналасқан", — деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Көлгінов бүгін жеңілдікпен берілетін бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Әлеуметтік тұрғын үй Алматы ауданында орналасқан. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер және тағы басқа әлеуметтік нысандар ашылады.

Әкімнің айтуынша, Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бір мезгілде жаңа ТК тұрғындарының оқушы орындарына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды 

"Үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырдым. Сапасыз жұмыс қабылданбайды", - деді ол.

Көлгінов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өттіз. Биыл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көтеру жоспарланған. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9 есеге артады.

2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы 7 мыңнан астам пәтер салынды.

0