Аңдатпа

Қазақстанда 7 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМужчина с фотоаппаратом на береку реки Ишим
Мужчина с фотоаппаратом на береку реки Ишим - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 7 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 8, 9 және 10 тамыз күндері болатын оқиғалар туралы біле аласыз

7 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтармен кездеседі (Кенесары көшесі, 25, Байланыс телефондары: +7 (7172) 70 76 20).

15.00 – "Ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру және жоғары білікті мамандарды тарту" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Оған ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов қатысады. (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация: +7 (7172) 74 58 64 немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15.00 – Танымал корей тобы туралы "BTS: bring the soul. The movie" атты деректі фильмнің тұсаукесері. Еуропа турының ақтық концертінен соң BTS тобы жан сырын ақтарып, жаңа қалалардан және мыңдаған ARMY алдындағы концерттерден алған әсерімен бөліседі (Kinopark кинотеатрларында).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

10.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Сенімді қабылдау" атты сайыстың ашылу салтанаты өтеді. Сол күні сағат 15.00-18.00 аралығында "Мерген" сайысының бірінші кезеңі өтеді. Байланыс әскерлерінің жарысына 5 мемлекет қатысады: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай. V Халықаралық армия ойындары "АрМИ 2019" тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында өтеді (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10.00 - Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Бүркіт аңшылығы" сайысының ашылу салтанаты болады. Пилотсыз ұшатын аппараттар кешендері жасақтарының жарысына 5 мемлекет қатысады: РФ, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай. (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Зеңбіректен ату шебері" сайысының ашылу салтанаты. Мина атқыш жасақтардың жарысына 11 ел қатысады: Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Сирия, Өзбекстан (Өтетін орны: Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

8 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

20.00 – Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында "Астана" – "Валлетта" (Мальта) матчы өтеді. Кездесу "Астана Арена" стадионында болады. Аккредитация: +7 (701) 379 16 36 немесе nesterenko@fcastana.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі.

АЛМАТЫ

09.00 – Central Asia Beauty Expo атты сән индустриясы, косметика және косметология көрмесі өтеді. Шараға 15 елден 150 қатысушы қатысады. (Тимирязев көшесі, 42, "Атакент Экспо" көрме кешені. Байланыс телефондары: +7 (707) 823 53 67, +7 (707) 950 11 12).

19.00 – "Человек, которого не было" фильмі көрсетіледі. (Esentai Mall, Әл-Фараби көшесі, 77/8, Байланыс телефоны: +7 (700) 120 12 20).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

09.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясындағы "Сенімді қабылдау" сайысының екінші кезеңі. Байланыс әскерлерінің жарысына 5 мемлекет қатысады: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай. V Халықаралық армия ойындары "АрМИ 2019" тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында өтеді (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

9 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Қазақстанда Q-pop жанрының негізін қалаушы "91" (Ninety one) тобын фанаттарымен кездесіп, сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ олар өз иглздарына қолтаңба беріп, фотоға түседі. (Сауран көшесі 46, Конгресс орталығы).

17.00 – кәсіби мереке қарсаңында құрылысшылар марапатталады. Марапаттау рәсімі аясында Қазақстан эстрада жұлдыздары, КВН ойыншылары өнер көрсетеді. Мерекелік фуршет ұйымдастырылады. (Rixos President Astana қонақ үйі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7. Байланыс телефондары +7 (775) 327 93 58).

19.00 – "Астана Операдағы" музыкалық демалыс" №2 концерті өтеді. Концертте беделді отандық және шетелдік музыка университтерінде оқып жүрген талантты қазақстандық студенттер өнер көрсетеді. ("Астана Опера" театры, камер залы).

19.00 – "91" (Ninety one) тобының концерті өтеді (Сауран көшесі 46, Конгресс орталығы).

АЛМАТЫ

10.00 – Atakent паркі аумағында "Журналистер аллеясының" ашылу салтанаты өтеді. Шара аясында 60 алма көшеті отырғызылады. (Atakent паркі аумағы, Тимирязев көшесі, 42, Байланыс телефоны: +7 (775) 896 54 84).

13.00 – "На грани" фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Шараны AFEW Kazakhstan қоры ұйымдастырады. Оның мақсаты – сотталғандар туралы қоғам арасындағы жағымсыз пікірді өзгерту. Фотокөрме 19 тамызға дейін жұмыс істейді. (SmArt.Point, Байзақов көшесі 280, Байланыс телефоны: +7 701 800 14 34).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

09.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Сенімді қабылдау" сайысының үшінші кезеңі өтеді. "Вертикальді телеграф кілті арқылы хабар беру" жаттығуы жасалады. 22.00 – "Фонорик арқылы Морзе әліппесінің таңбаларын көрсету" жаттығуы өтеді. Байланыс әскерлерінің жарысына 5 мемлекет қатысады: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай. V Халықаралық армия ойындары "АрМИ 2019" тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында өтеді (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10:00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Зеңбіректен ату шебері" сайысы "Дербес жарысының" бірінші кезеңі өтеді. Осы күні сағат 21:00-ден 01:00-ге дейін "Түнгі спринт" сайыстың екінші кезеңі ұйымдастырылады. Мина атқыш жасақтардың жарысына 11 ел қатысады: Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Сирия, Өзбекстан (Өтетін орны: Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – "Песочница" арт-фестивалі өтеді. (Аул Resort этно-кешені, Іле Алатауының баурайы, Алматы – Бішкек тасжолының жоғарғы бөлігі. Байланыс телефондары +7 (708) 212 70 01, +7 (701) 733 63 79).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0