Астана көрінісі

Қазақстанда 4 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

64
Sputnik Қазақстан агенттігі 4 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 5 – 22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

4 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Мәжілісте "үкімет сағаты" өтеді. Тақырыбы – "Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған Жастар жылының қорытындысы және Волонтер жылын өткізуге дайындық туралы". Баяндамашы – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

15.00 – Нұр-Сұлтандағы SOS балалар қалашығына саяхат. Ұйымдастырушылар: Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры мен Қазақстанның SOS балалар қалашықтары. 8.30-да Қазмедиа орталығының тұрағында БАҚ өкілдеріне арналған автобус болады (Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 4). Өтетін жері: Астана SOS балалар қалашығы, Абылай хан даңғылы, 40, тел. +7 (701) 999 31 37, pr@foundation.kz).

5 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.30 - KazOil2019 атты III Халықаралық конференция (Rixos President қонақ үйі, Қонаев көшесі, 7Д. Байланыс телефоны: +7 701 588 5497).

АЛМАТЫ

18.00 – Еуропа кинофестивалі - 2019.  Биыл Еуроодақтың 16 фильмі көрсетіледі. Фестиваль кезінде "Мелкий фермер", "Чамбра", "Порок надежды", "Диамантино", "Рэй и Лиз", "Святой Георгий", "Черта", "Зимние мухи", сондай-ақ, Sundance, Бухарест, Словения, Словакия, Монреаль мен Токио кинофестивальдеріне қатысқан шығармалар көрсетіледі. 6 қарашада режиссерлер – Ренарс Вимба (Латвия) мен Каролин Тирион (Бельгия) киноөндіріс, питчинг пен құжаттану бойынша мастер-класс өткізеді. (Семинарлар Тұран университетінде ұйымдастырылады, Сәтпаев көшесі, 16). Ал 7 қараша күні кинофестивальдің жабылуы болады (Chaplin Cinema кинотеатры, "Mega Park" сауда орталығы, Мақатаев көшесі 127/1. Байланыс телефоны: + 7 701 940 00 86).

6 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – ІV aгротехникалық саммит өтеді. Шараға Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі, халықаралық ұйымдар, қаржылық институттардың өкілдері, ғалымдар қатысады. Саммитте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсету, цифрландыру, шаруа қожалықтарында жасанды интеллектіні пайдалану, аграрлық секторда жобалық менеджментті енгізу мәселесі талқыға салынады (Best Western Atakent Park Hotel, Тимирязев көшесі, 42. Байланыс телефоны: +7 747 441 50 25).

7 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - SuluExpo-2019 мамандырылған сұлулық көрмесі. Шара 18-ші рет өтетін болады. ("Көрме" орталығы, Достық көшесі, 3).

АЛМАТЫ

"Уран өндірісінің өзекті мәселелері" атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Ұйымдастырушысы – "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы. Осы жолы конференцияға атом өндірісі саласындағы кәсіпорындар мен компаниялардың 150 жетекшісі, ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысуға ниет білдірді. ("Достық" қонақ үйі, Құрманғазы көшесі, 36).

8 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

9 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Mangilik El Dayysy музыкалык шоу. Қазақстанның танымал әншілері – Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Мәдина Сәдуақасова, Ерболат Кұдайберген және ORDA тобы бір сахнада өнер көрсетеді. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел, 10/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

11 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11-12 қараша – "Астана Клубы" отырысы 5-рет ұйымдастырылады. Шарада өңірдегі геосаясат және қауіпсіздік, әлемдік деңгейдегі мәселелер талқыға салынады. Бесінші отырыстың тақырыбы – "Үлкен Евразия: ғаламдық байланыс орнату жолындағы жаңа архитектура" (Назарбаев орталығы, Бөкейханов көшесі, 10. Аккредитация media@astanaclub.kz электронды поштасы немесе +7 702 888 31 38 (Ақсұлу Санғали), +7 775 742 69 29 (Әсел Ибраева) телефондары арқылы жасалады).

12 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 –"Байқоңыр – әлемдік космонавтиканың бесігі – 2019" халықаралық форумы. Биыл осы шараға 400-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде ғарыш саласындағы әлемдік компаниялар, танымал ғалымдар мен сарапшылар бар. (ЭКСПО Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Аккредитация kazspace_astana@mail.ru электронды поштасы немесе +7 747 215 28 66 телефоны арқылы жасалады).

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Beautiful Korea. Dynamic Busan" атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат Жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылған.  (Астана Циркі, Қабанбай батыр, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

64
Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, қараша, Қазақстан
Маска таққан қыздар

Қазақстанда 27 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

10
(Жаңартылды 18:48 26.11.2020)
Sputnik Қазақстан 27 қараша мен 12 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

27 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Азап вагондарында" видеоэкскурсиясы (трансляция Сәкен Сейфуллин музейінің Instagram парақшасында жасалады)

11.00 - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының XVI съезі, алдағы Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауына байланысты мәселелер талқыланады (Park Inn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы 8а. Аккредитация +7 701 190 00 18, +7 707 716 11 92 телефондары арқылы жасалады)

11.15 - Орталық коммуникациялар қызметі базасында "Junior Eurovision-2020 ("Балалар Евровидениесі") конкурсының финалы туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: "Хабар" агенттігі " АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин,"Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, Қазақстанның "Балалар Евровидениесі конкурсындағы өкілі Қарақат Башанова, Қ.Башанова әнінің авторы Хамит Шанғалиев. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.   

12.30 – "Мемлекет басшысының жолдауы аясындағы аумақтық даму туралы" баспасөз конференциясы. Спикер: Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

16.00 – "Бозайғыр" қобызшылар квинтетінің онлайн-концерті (трансляция Қазақстанның Мемлекеттік филармониясының Instagram парақшасында жасалады)

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Елдегі эпидемиологиялық жағдай және коронавируспен күрес шаралары туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - European Film Festival-дің жабылу салтанаты. Фестиваль эстониялық режиссер және IT кәсіпкер Рейн Раннудың "Погоня за единорогами" фильмімен жабылады. Тікелей эфирде Рейн фильм туралы сұрақтарға жауап береді және жеке тәжірибесін бөліседі. ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен Олов Карлсон мен Эстония елшісі Хейти Мяемеэс те фестивальдің жабылу салтанатында сөз сөйлейді (тікелей эфир фестивальдің Facebook және Youtube парақшаларында).

Нұр-Сұлтан

10.00 - Жергілікті брендтерді, жас суретшілер мен Arts, Design and Flears дизайнерлерін қолдау шарасы (Hydra арт-зауыты, Омаров көшесі, 111)

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Алматы  

18.00 – "Корсар" балеті (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

19.00 (Алматы) – Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің Go for Baroque концерті. Бағдарламаға барокко дәуірінің туындылары енген (Монтеверди, Люлли, Вивальди, Гендель, Перселл, Бах). (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

19.00 – "Италиялық музыка кеші. Верди" концерті (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

29 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары" топтамасы аясында концерт қойылады, Астана Опера театры (Қонаев көшесі, 1)

1 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

17.00 – "Астана Опера" театрының опера солистері мен аспаптық музыканттарының қатысуымен "Ел тірегі - Елбасы!" мерекелік концерті өтеді (Қонаев көшесі, 1)

2 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

19.00 – "Париж аспаны астында" концерті: барлық уақыттағы француз музыкасының жауһарлары (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

9 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры орыс және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаева көшесі, 1)  

12 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

10
Парламент сенатының ғимараты

Қазақстанда 26 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

23
Sputnik Қазақстан 26-28 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

26 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10:00 – Парламентс сенатының отырысы. Күн тәртібіне мынадай мәселелер қаралады: 1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жұмысшыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы туралы. 2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздері мен электр энергиясын пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы. Сенат отырысы палата сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.

10.30 – Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Қазақстанның IX Азаматтық форумының барысы туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Болат Тілепов, "Қазақстанның азаматтық альянсы" ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

11:00 – "Қазақстан және Орта Азия отбасы институты" білім беру мекемесінің "Қазақстандағы мүгедек балалар: проблемалар мен ерекше қажеттіліктер" тақырыбында онлайн-конференция. Іс-шара "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігінің базасында өтеді. Баспасөз конференциясына балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев; Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саин; президент жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Шолпан Сыздықова; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедрасының профессоры, дәрігер, балалар психиатры Қорлан Сәдуақасова; Қазақстан мен Орталық Азиядағы отбасы институтының атқарушы директоры, "Алматының қызыл алмасы – бақытты отбасының символы" балалар фестивалінің ұйымдастырушысы, психолог Эльмира Алиева; Алматының қызыл алмасы – бақытты отбасының символы" балалар фестивалінің демеушісі, "СОП" Күзет" АҚ президенті Ернар Нұрбеков қатысады. Онлайн режимде өтетін баспасөз конференциясына ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары да қатысады.

12.30 – Орталық коммуникация қызметінің алаңында "Мемлекет басшысының жолдауы аясындағы аумақтық даму" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикер: Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов. Тікелей эфир Youtube пен Facebook-те көрсетіледі.

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

23
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

0
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

0
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы