Астана, елорда

Қазақстанда 3 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

292
(Жаңартылды 19:51 02.12.2019)
Sputnik Қазақстан агенттігі 3 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 4-16 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

3 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде 2020-2025 жылдарға арналған өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы жобасы, салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері қаралады (Үкімет үйі. Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі).

11.00 – «Қазақстанда мемлекеттік қызметтер ұсыну саласы қалай өзгереді?» деген тақырыпқа арналған баспасөз мәслихаты. Спикерлер: парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов (Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7 (7172) 55 93 47 телефондары немесе sck.astana@gmail.com электрондық поштасы арқылы жүргізіледі).

12.00 – 28 панфиловшы мемориалына салтанатты түрде гүл шоқтары қойылады. Рәсімге Қазақстан Республикасы қорғаныс және сыртқы істер министрліктерінің, Қазақстан халқы ассамблеясының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, дипломатиялық корпустың өкілдері мен қала жұртшылығы қатысады ("Жерұйық" саябағы. Байланыс телефоны: 8 (7172) 44 07 01, 44 08 06, 44 07 95).

18.30 – суретші көрмесі өтеді. Танымал павлодарлық график-суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Виктор Поликарповтың "Родительница степь…" атты көрмесі ашылады (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук). 

АЛМАТЫ

14.00 – "Киану Ривз. Неоконченный портрет. Часть 1" кітабының шығуына арналған баспасөз мәслихаты ("Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Құрманғазы көшесі, 61а. Аккредитация +7(727) 250 35 28, +7 (777) 300 16 95 телефондары немесе press2@interfax.kz электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі).

18.30 – Еуразия шығармашылық гильдиясының кездесуі өтеді. Кездесуде Евгения Сихимбаева "Киану Ривз. Неоконченный портрет. Часть 1" кітабы туралы баяндап, шараны ұйымдастырушылар Брюссельде OEBF әдебиет фестивалін қорытындылайды ("Жібек Жолы" сауда үйі", "451 Градус", Жібек Жолы даңғылы, 135).

19.00 – "Бастау" студенттік және дебют фильмдердің халықаралық кинофестивалі өтеді. Фестивальдің ашылу салтанатында режиссер Шарипа Оразбаеваның "Мариам" конкурстық фильмі көрсетіледі ("Алатау" дәстүрлі өнер концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).

4 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Украинаның қазіргі ең танымал ақындарының бірі Дмитриий Бурагомен кездесу өтеді (Абылай хан даңғылы, 4/1 мекенжайындағы М.Әуезов орталық қалалық кітапхана. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

АЛМАТЫ

16.00 – Visa Fashion Week Almaty 2019 халықаралық сән апталығы өтеді ("Rixos Almaty" қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).

6 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Павел Васильевті еске алу кеші өтеді. Шара "Немеркнущая жизнь" деп аталады. (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук). 

7 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Шығармашылық шара өтеді. Ресейлік жазушы әрі ақын Дмитрий Макаровтың "Поэт о поэте. Стихи, любовь и смерть" шығармашылық дискуссиясы өтеді (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук). 

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Денистің достары" мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады ("Барыс Арена" спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Мода со смыслом" қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңстүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

292
Кілт сөздер:
жиналыс, шаралар, Қазақстан
Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстанда 28 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

23
Sputnik Қазақстан 28 қараша мен 12 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - European Film Festival-дің жабылу салтанаты. Фестиваль эстониялық режиссер және IT кәсіпкер Рейн Раннудың "Погоня за единорогами" фильмімен жабылады. Тікелей эфирде Рейн фильм туралы сұрақтарға жауап береді және жеке тәжірибесін бөліседі. ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен Олов Карлсон мен Эстония елшісі Хейти Мяемеэс те фестивальдің жабылу салтанатында сөз сөйлейді (тікелей эфир фестивальдің Facebook және Youtube парақшаларында).

Нұр-Сұлтан

10.00 - Жергілікті брендтерді, жас суретшілер мен Arts, Design and Flears дизайнерлерін қолдау шарасы (Hydra арт-зауыты, Омаров көшесі, 111)

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Алматы  

18.00 – "Корсар" балеті (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

19.00 (Алматы) – Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің Go for Baroque концерті. Бағдарламаға барокко дәуірінің туындылары енген (Монтеверди, Люлли, Вивальди, Гендель, Перселл, Бах). (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

19.00 – "Италиялық музыка кеші. Верди" концерті (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

29 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Людвиг ван Бетховеннің барлық сонатасы" топтамасы аясында концерт қойылады, Астана Опера театры (Қонаев көшесі, 1)

30 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14:30 - Әділет министрі Марат Бекетаевтың Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін Қазақстан президентінің жолдауын іске асыру барысы туралы брифингі.

15:00 - Нұр-Сұлтандағы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында COVID-19-ға қарсы күрес бойынша ең үздік цифрлық шешімдерге арналған ЕДБ қоры байқауының қорытындысы бойынша Мәскеу – Ереван – Минск – Нұр-Сұлтан видео-көпірі. Спикер – Еуразия даму банкі (ЕДБ) басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян. Видеокөпірдің трансляциясы 30 қарашада Sputnik.kz сайтында және Facebook парақшасында өтеді. БАҚ өкілдерін онлайн-кездесуге қатысуға шақырамыз, сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекенжайына жіберуге болады.

1 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

17.00 – "Астана Опера" театрының опера солистері мен аспаптық музыканттарының қатысуымен "Ел тірегі - Елбасы!" мерекелік концерті өтеді (Қонаев көшесі, 1)

2 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

19.00 – "Париж аспаны астында" концерті: барлық уақыттағы француз музыкасының жауһарлары (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

3 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00-13.00 – "Әділ сөз" қоры журналистер мен блогерлерге үшін вебинар өткізеді. Онда сіз қандай жағдайда теріске шығару туралы талап заңсыз болып есептелетінін; сотқа дейінгі талапқа жауап беру қажет пе; сот процесінде қандай дәлелдер қажет; "моральдық шығын" дегеніміз не және ол сотта қалай дәлелденетінін білесіз. Қатысқысы келетіндер бұл туралы алдымен +7 727 313 1473, 8 707 700 1322 телефондары немесе info@adilsoz.kz поштасы арқылы хабарлап, байланыс мәліметтерін қалдыруы керек.

4 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

9 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры ресейлік және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаева көшесі, 1)  

12 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

23
Маска таққан қыздар

Қазақстанда 27 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

28
(Жаңартылды 18:48 26.11.2020)
Sputnik Қазақстан 27 қараша мен 12 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

27 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Азап вагондарында" видеоэкскурсиясы (трансляция Сәкен Сейфуллин музейінің Instagram парақшасында жасалады)

11.00 - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының XVI съезі, алдағы Қазақстан парламенті мәжілісі мен мәслихаттары сайлауына байланысты мәселелер талқыланады (Park Inn қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы 8а. Аккредитация +7 701 190 00 18, +7 707 716 11 92 телефондары арқылы жасалады)

11.15 - Орталық коммуникациялар қызметі базасында "Junior Eurovision-2020 ("Балалар Евровидениесі") конкурсының финалы туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: "Хабар" агенттігі " АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин,"Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, Қазақстанның "Балалар Евровидениесі конкурсындағы өкілі Қарақат Башанова, Қ.Башанова әнінің авторы Хамит Шанғалиев. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.   

12.30 – "Мемлекет басшысының жолдауы аясындағы аумақтық даму туралы" баспасөз конференциясы. Спикер: Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

16.00 – "Бозайғыр" қобызшылар квинтетінің онлайн-концерті (трансляция Қазақстанның Мемлекеттік филармониясының Instagram парақшасында жасалады)

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Елдегі эпидемиологиялық жағдай және коронавируспен күрес шаралары туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - European Film Festival-дің жабылу салтанаты. Фестиваль эстониялық режиссер және IT кәсіпкер Рейн Раннудың "Погоня за единорогами" фильмімен жабылады. Тікелей эфирде Рейн фильм туралы сұрақтарға жауап береді және жеке тәжірибесін бөліседі. ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен Олов Карлсон мен Эстония елшісі Хейти Мяемеэс те фестивальдің жабылу салтанатында сөз сөйлейді (тікелей эфир фестивальдің Facebook және Youtube парақшаларында).

Нұр-Сұлтан

10.00 - Жергілікті брендтерді, жас суретшілер мен Arts, Design and Flears дизайнерлерін қолдау шарасы (Hydra арт-зауыты, Омаров көшесі, 111)

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Алматы  

18.00 – "Корсар" балеті (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

19.00 (Алматы) – Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің Go for Baroque концерті. Бағдарламаға барокко дәуірінің туындылары енген (Монтеверди, Люлли, Вивальди, Гендель, Перселл, Бах). (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

19.00 – "Италиялық музыка кеші. Верди" концерті (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

29 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары" топтамасы аясында концерт қойылады, Астана Опера театры (Қонаев көшесі, 1)

1 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

17.00 – "Астана Опера" театрының опера солистері мен аспаптық музыканттарының қатысуымен "Ел тірегі - Елбасы!" мерекелік концерті өтеді (Қонаев көшесі, 1)

2 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

19.00 – "Париж аспаны астында" концерті: барлық уақыттағы француз музыкасының жауһарлары (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

9 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры орыс және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаева көшесі, 1)  

12 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

28
Жедел жәрдем көлігі

Жамбыл облысында қайғылы оқиға салдарынан 2 бала көз жұмды

864
(Жаңартылды 16:11 29.11.2020)
Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, балалар Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 6 және 9 жастағы екі бала Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген. Сол жерде мұз астына түсіп кетті, балаларды құтқару мүмкін болмады.

"Жамбыл облысы жедел құтқару жасағының үш сүңгуірі олардың денесін 3 метр тереңдіктегі судан шығарды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Министрлік қазіргі мұздың жұқа әрі қауіпті екенін ескертті. 

"Мұздың алғашқы қабаты балалар мен жасөспірімдерді қызықтырады. Алайда жұқа мұз өте қауіпті. Мұны балаларға айтып, ескерту керек. Балалардың мұндай жерлерде бақылаусыз жүруіне жол бермеңіз. Қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз", - делінген министрлік хабарламасында.

864
Кілт сөздер:
су, мұз, бала, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
"Қауіпсіздік ережелері сақталмаған": жыл басынан бері 40 бала суға батып кетті
Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Тоңазытқыштағы бала өлімі: сотталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
"Сіңіріңіз тартылса...": суға батпау үшін не істеу керек?
Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды