Кешкі астана

Қазақстанда 11 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

99
(Жаңартылды 17:41 10.07.2020)
Sputnik Қазақстан 11-17 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

11 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 - 15.00 - Қазақстанның жетекші бизнес-тренері Асқар Өтепқалиев "Әке - ұстаз, отбасы мен қоғамдағы тренер" атты онлайн-тренингін өткізеді. ZOOM платформасындағы тренинг барысында отбасындағы тиімді қарым-қатынас орнату негіздері, диалог құра білу, бизнес және отбасы тақырыптары қамтылады. Отбасылық бизнестің нақты мысалдары келтіріліп, эмоциялармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы сөз қозғалады. Тренингке қатысу тегін (Тіркелуге арналған сілтеме: https://forms.gle/yCxTETkCdsHDAky48; Zoom конференциясына қосылу үшін https://us02web.zoom.us/j/89104370929, Байланыс телефоны: +7 701 924 67 98).

11.00 - Отандық препараттар мен жасанды тыныс алу аппараттары өндірісіне арналған онлайн-брифинг өтеді.

Трансляция сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

12.00 – "Астана Опера" театрының "Балаларға арналған классика" сериясынан "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция TengriTV-да).

13 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – Кәсіби емес орындаушылар арасында "Абай әндері" онлайн байқауы басталады. Байқауды Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ақынның 175 жылдығына арнап ұйымдастырып отыр. Байқауға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Абай Құнанбаевтың туындысын орындап, видеоны қазылар алқасына жіберу керек. Байқау 9 тамызға дейін жалғасады (Іс-шара туралы толық ақпаратты www.gatob.kz ресми сайтынан алуға болады).  

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 - Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 –  "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция на TengriTV)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

99
Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 23 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

19
Sputnik Қазақстан 23 маусым – 6 шілде аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

23 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.30 – "Қазақстан Барысы" турниріне 10 жыл" тақырыбында ОКҚ-нің баспасөз конференциясы. Спикерлер: "Қазақстан Барысының" үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев, ҚР МСМ дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаев, Qazaq kuresi қауымдастығының спортты дамыту жөніндегі директоры Бақдәулет Сәбитов, Qazaqstan Barysy қазақша күресті қолдау және дамыту қорының атқарушы директоры   Серікбол Оразалин (Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

16:00 – "ҚР эпидемиологиялық ахуалы туралы" тақырыбында ОКҚ-нің баспасөз конференциясы. Спикерлер: премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов, ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева. (Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

24 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Құлагер" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 - "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

17.00 – "Сәлем, елорда!" республикалық фестивалі (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18.30 – "Оң қол" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Айлакер жесір" спектаклі (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

19.00 – "Слишком женатый таксист" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).  

25 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – "Тыныштық күзетшісі" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, В2-3).

19.00 – "Махаббат сусыны" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Гоголь. Петербург" спектаклінің премьерасы (МЖКТ сахнасы, Омаров көшесі, 47б).  

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "На волне романтизма" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлнәз Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

АЛМАТЫ

12.00 – "Теремок" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Шамхат" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.30 – "Мани, мани" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 - "Сон в летнюю ночь" спектаклі (Республикалық неміс драма театры, Папанин көшесі, 70/1).

19.00 - "В главной роли..." спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 - Ирландияның "Кельт" музыка және би жауһарлары (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

19.00 - "87-шi концерттік маусымының жабылуы"концерті (Qurmangazy Orkestri (бұрынғы "Қазақконцерт"), Абылай хан даңғылы, 83).

19.30 - "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформа" ғарыш кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 - "Самурай и Сасай" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).  

26 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "№13" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақконцерт" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

5 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

20.00 - "PICCOLO" театрының Гаетано Доницетитеатердің "Дон Паскуале" екі актілі драма-буфасы ("Астана Опера" әртістері).

6 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

Орталық қалалық саябақтың амфитеатр сахнасында мерекелік гала-концерт. Танымал опера ариялары мен дуэттер, қазақстандық авторлардың және Батыс Еуропа классикалық композиторларының ("Астана Опера" музыканттары) аспаптық және хор шығармалары ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

19
Алматы келбеті

Қазақстанда 22 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

33
Sputnik Қазақстан 22 маусым – 6 шілде аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

22 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Романтика романса" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Жез киік" концерті ("Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32).

19.00 – "Жұт" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

19.00 – "ЕНТ тапсырмаймын!" спектаклі ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1).

АЛМАТЫ

18.30 – " Соңғы қоңырау" спектаклі (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

25 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "На волне романтизма" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлнәз Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

26 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "№13" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақконцерт" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

5 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

20.00 - "PICCOLO" театрының Гаетано Доницетитеатердің "Дон Паскуале" екі актілі драма-буфасы ("Астана Опера" әртістері).

6 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

Орталық қалалық саябақтың амфитеатр сахнасында мерекелік гала-концерт. Танымал опера ариялары мен дуэттер, қазақстандық авторлардың және Батыс Еуропа классикалық композиторларының ("Астана Опера" музыканттары) аспаптық және хор шығармалары ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

33
Абылай Балапанов

Мемлекет басшысы алматылық студентті марапаттады

0
Өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тіккен студент Абылай Балапанов құрмет грамотасымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақта тоққа түскен адамдарды құтқарған студент Абылай Балапановты құрмет грамотасымен марапаттады.

"Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кішкентай қазақстандықты құтқарған түрік дәрігерін марапаттады

Естеріңізге салсақ, Алматыда 19 маусымда субұрқақтардың бірінде екі қыз бен бір ересек адамды тоқ соқты. Оларды құтқарғандардың бірі – алматылық 19 жастағы Абылай Балапанов. Ол Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті. 

"Орындықта кітап оқып отырған едім. Бір кезде "помогите" деген дауыс шықты, көмекке шақырды. Артыма қарасам, сол маңға он шақты адам жиналып қалыпты. "Не болды?" деп жүгіріп бардым. Барсам, субұрқақтың ішінде адам бетімен жатыр. Екі кішкентай қыз бен бір әйел кісі етбетімен суға жабысып қалған екен", - дейді Абылай.

Айтуынша, ол бірінші қыздың анасын судан шығарған. Өзін тоқ соққанына қарамастан екінші рет жасөспірімді шығаруға ұмтылған.

"Анасын қалай құтқарғаным есімде. Суға түстім, бірден аяқтан жамбасқа дейін тоқ ұрды. Бірақ қатты ұрған жоқ. Содан анасының қолынан ұстап, шығарып алдым. Қызын құтқаруға барған кезде тоқ біріншіге қарағанда қатты ұрды. Тоқ ұрды да, суға құлап түстім. Денемді толық тоқ ұрып жатты. Субұрқақ тоқтаған кезде жиегіне барып отырдым. Сол кезде қасыма 40-50 жастағы үлкен аға келді де, "тоқ ұра ма?" деп сұрады. "Иә" дедім. Сол кісі ақырындап суға түсті де қызды аяғынан тартып шығарып алды", - деді Абылай оқиғаның қалай болғаны жайлы.

Абылай тоқ соққан әйелдің қызын құтқарған ер адам туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Екінші қыз есін біліп, жылап тұрды. Ол қыздың қолын тоқ соққан", - деді Абылай.

Субұрқақтағы келеңсіз жағдай

Алматыда сенбіде әйел мен екі қызды субұрқақ ішінде тоқ соқты. Субұрқақ жанында балаларымен бірге отырған Үкілай Бестай есімді алматылық оқиға орнынан кадрларды жариялады. Оның айтуынша, екі қызды электр тогы ұрған. Оларды шығарамын деп барған қыздардың біреуінің анасы да темірге жабысып қалған.

"Мен сияқты суға түсуге көп адамның жүрегі дауаламады. Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін тоқ соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды", - дейді видео авторы.

Оның сөзінше, аман қалған қыздардың бірі Талдықорғаннан келген, анасының құрбысы лагерьден алып 4 баланы қыдыртып жүрген екен.

Кейіннен Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қыздардың жағдайы жақсы екенін, ал әйелдің жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайының ауыр екенін мәлімдеді.

0