Смартфон, архивтегі фото

YouTube-те миллиондаған аудиторияны қалай жинауға болады блогер кеңесі

71
Аудиторияны ұстап тұру үшін контентті қаншалықты жиі жариялау қажет? Пайдалы тақырыпты қалай табуға болады, оның құпиясы неде? Өз каналыңда қалай ақша табуға болады? SputnikPro сарапшысы түсіндіреді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Публицист, шетелдік картиналар мен видео ойындардың аудармашысы, компьютерлік ойындарды жасаушы, сондай-ақ YouTube алтын батырмасының иегері Дмитрий Пучков (Гоблин) шетел журналистеріне YouTube контентін қалай табысты етуге болатынын айтып берді.

"Қандай жабдық қажет? Сізге тек телефон керек. Ол видеоны керемет жазады, монтаждайтын құралдары бар. Ең бастысы айтарыңыз болуы тиіс. YouTube сізге бәрін тегін ұсынады. Техника емес, ақша емес, ой керек", - деді сарапшы тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның пікірінше, егер аудиторияға контент қызық болмаса, күн сайын миллиондаған видео түсірсең де, көмектеспейді. Жаңа контентті тұрақты және белгілі бір уақытта орналастыру маңызды.

Дмитрий Пучковтың YouTube-тегі каналына ай сайын орта есеппен 15 мың адам жазылған, төрт жылда аудитория миллион адамға жетті. Пандемия кезінде оған ай сайын 50 мыңға дейін қолданушы "келген", осылайша ол аудиторияны екі миллионға дейін көбейткен.   

"Интернеттегі шолып өтетін контент ешкімге қызық емес, деп атап өтті Дмитрий Пучков. Оның айтуынша, адам жақсы білетін тақырыптарды қозғағаны дұрыс. Ең алдымен, ол канал жасаушының өзіне қызықты болуы керек.

YouTube-те не істеуге болмайды? Қарапайым ереже: адамдарды балағаттап, бір-біріңе дөрекілік танытудың қажеті жоқ.

Тікелей жарнаманы, сондай-ақ видеохостингтің жарнамасын пайдаланып, өз каналыңда ақша табуға болады. Автор өзінің YouTube каналын насихаттау үшін әлеуметтік желілерді қолдануы керек.

SputnikPro білім беру жобасының жиырма үшінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

71
Күзгі астана

Қазақстанда 31 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

54
Sputnik Қазақстан 31 қазан мен 14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

31 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Ролан Петидің Лео Делибес әуенімен сахналаған "Коппелия" комедиялық балеті. Либретто Эрнст Гофманның шебер Коппелиус жасаған механикалық қуыршаққа ғашық болған жас жігіт туралы "Песка" әңгімесінің негізінде жазылған ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.30 – "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

54
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Астана Опера

Қазақстанда 30 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

52
(Жаңартылды 17:24 29.10.2020)
Sputnik Қазақстан 30 қазан мен 14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

30 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

11. 00 -Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы (Бейбітшілік көшесі, 11 каб. 220).

12.30 - "Атамекен" ҰКП пандемия салдарына төтеп беруге арналған трансляция өткізеді. Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

18.00 – Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті ("Астана Опера" театры).

19.00 – "Лифт" қойылымы, "Жастар" театры (Есенберлин көшесі, 10).

19.30 – "Астана Балет" театрында премьера кеші. Екі жаңа бір актілі балет ұсынылады: Longing және Instinct (Ұлы Дала даңғылы, 9).   

31 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 – ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Ролан Петидің Лео Делибес әуенімен сахналаған "Коппелия" комедиялық балеті. Либретто Эрнст Гофманның шебер Коппелиус жасаған механикалық қуыршаққа ғашық болған жас жігіт туралы "Песка" әңгімесінің негізінде жазылған ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 - "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.30 - "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 - "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

52
Өрт сөндіруші

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

0
Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау

ПАВЛОДАР, 30 қазан — Sputnik. Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден егде жастағы әйел, баласы мен көрші пәтердегі балаларды қолға алып шығарды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі.

"Жұма күні сағат 12.36-да Жаяу Мұса көшесіндегі 1-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Сегізінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз бен киімдер отқа оранды. Өрт аумағы - 10 шаршы метр", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер пәтерден 65 жастағы әйел мен 45-тегі баласын қауіпсіз жерге шығарды. Әйел орта дәрежедегі газбен улану, арқасын күйік шалу және алкогольге улану диагнозымен терапия бөліміне жеткізілді.

Баласы да орта дәрежедегі улану диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Жедел жәрдем көрші пәтердегі балаларды ауруханаға жеткізді. Жағдайлары жақса, үйлеріне жіберілді.

Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.

0
Кілт сөздер:
көпқабатты тұрғын үй, өрт сөндірушілер, Павлодар
Тақырып бойынша
Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео
Нұр-Сұлтанда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды