Астана көрінісі

Қазақстанда 22 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

31
Sputnik Қазақстан 22-25 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

23 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

07.00 - IX азаматтық форум өтеді. Онлайн-режимде өтетін жиынға мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр. Сілтеме бойынша тіркелуге болады.

11.00 - Мал ұрлығымен күрес тақырыбындағы онлайн-брифинг өтеді. Жиынға ІІМ криминалды полиция департаментінің басшысы Думан Таев қатысады. Сауалдар 21 қараша 17.00-ге дейін қабылданады: mvd_pr@mail.ru немесе WhatsApp -87054408365. 

12.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысының жолдауы аясында өңірлік даму мәселесіне арналған баспасөз қызметі. Спикер: Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова (Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

14.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысының жолдауы аясында өңірлік даму мәселесіне арналған баспасөз қызметі. Спикер: Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов (Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

25 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Nur Otan партиясының XX кезектен тыс съезі өтеді (Аккредитация: +7 702 364 46 51, +7 707 555 36 92 немесе press@nurotan.kz. Баспасөз орталығы Қонаев көшесі, 4 "Қазмедиа орталығының" 21-қабатында орналасқан.

19.00 - "Тұйғындар" хореографиялық қойылымы, "Наз" халық биі ансамблі (Мәңгілік ел даңғылы, 55/2).

19.00 – "Приношение Бетховену" концерті ("Астана Опера" театры!. 

19.30 – Гала-балет. Дирижер – Арман Оразғалиев ("Астана Опера" театры, Үлкен зал).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

31
Алматы көрінісі

Қазақстанда 30 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

46
Sputnik Қазақстан 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

30 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 - Қазақстандық заңгерлер мамандықтардың монополиялануынан қауіптеніп отыр. Осы мәселеге арналған баспасөз мәслихаты өтеді (трансляция Facebook парақшасында жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7 701 749 02 00).

14:30 - Әділет министрі Марат Бекетаевтың Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін Қазақстан президентінің жолдауын іске асыру барысы туралы брифингі.

15:00 - Нұр-Сұлтандағы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында COVID-19-ға қарсы күрес бойынша ең үздік цифрлық шешімдерге арналған ЕДБ қоры байқауының қорытындысы бойынша Мәскеу – Ереван – Минск – Нұр-Сұлтан видео-көпірі. Спикер – Еуразия даму банкі (ЕДБ) басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян. Видеокөпірдің трансляциясы 30 қарашада Sputnik.kz сайтында және Facebook парақшасында өтеді. БАҚ өкілдерін онлайн-кездесуге қатысуға шақырамыз, сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекенжайына жіберуге болады.

1 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

17.00 – "Астана Опера" театрының опера солистері мен аспаптық музыканттарының қатысуымен "Ел тірегі - Елбасы!" мерекелік концерті өтеді (Қонаев көшесі, 1)

2 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

19.00 – "Париж аспаны астында" концерті: барлық уақыттағы француз музыкасының жауһарлары (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

3 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - 13.00 – "Әділ сөз" қоры журналистер мен блогерлерге үшін вебинар өткізеді. Онда сіз қандай жағдайда теріске шығару туралы талап заңсыз болып есептелетінін; сотқа дейінгі талапқа жауап беру қажет пе; сот процесінде қандай дәлелдер қажет; "моральдық шығын" дегеніміз не және ол сотта қалай дәлелденетінін білесіз. Қатысқысы келетіндер бұл туралы алдымен +7 727 313 1473, 8 707 700 1322 телефондары немесе info@adilsoz.kz поштасы арқылы хабарлап, байланыс мәліметтерін қалдыруы керек.

4 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

9 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры ресейлік және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаева көшесі, 1)  

12 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

46
Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстанда 28 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

23
Sputnik Қазақстан 28 қараша мен 12 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - European Film Festival-дің жабылу салтанаты. Фестиваль эстониялық режиссер және IT кәсіпкер Рейн Раннудың "Погоня за единорогами" фильмімен жабылады. Тікелей эфирде Рейн фильм туралы сұрақтарға жауап береді және жеке тәжірибесін бөліседі. ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен Олов Карлсон мен Эстония елшісі Хейти Мяемеэс те фестивальдің жабылу салтанатында сөз сөйлейді (тікелей эфир фестивальдің Facebook және Youtube парақшаларында).

Нұр-Сұлтан

10.00 - Жергілікті брендтерді, жас суретшілер мен Arts, Design and Flears дизайнерлерін қолдау шарасы (Hydra арт-зауыты, Омаров көшесі, 111)

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Алматы  

18.00 – "Корсар" балеті (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

19.00 (Алматы) – Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің Go for Baroque концерті. Бағдарламаға барокко дәуірінің туындылары енген (Монтеверди, Люлли, Вивальди, Гендель, Перселл, Бах). (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

19.00 – "Италиялық музыка кеші. Верди" концерті (Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры)

29 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Людвиг ван Бетховеннің барлық сонатасы" топтамасы аясында концерт қойылады, Астана Опера театры (Қонаев көшесі, 1)

30 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14:30 - Әділет министрі Марат Бекетаевтың Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтетін Қазақстан президентінің жолдауын іске асыру барысы туралы брифингі.

15:00 - Нұр-Сұлтандағы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында COVID-19-ға қарсы күрес бойынша ең үздік цифрлық шешімдерге арналған ЕДБ қоры байқауының қорытындысы бойынша Мәскеу – Ереван – Минск – Нұр-Сұлтан видео-көпірі. Спикер – Еуразия даму банкі (ЕДБ) басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян. Видеокөпірдің трансляциясы 30 қарашада Sputnik.kz сайтында және Facebook парақшасында өтеді. БАҚ өкілдерін онлайн-кездесуге қатысуға шақырамыз, сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекенжайына жіберуге болады.

1 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

17.00 – "Астана Опера" театрының опера солистері мен аспаптық музыканттарының қатысуымен "Ел тірегі - Елбасы!" мерекелік концерті өтеді (Қонаев көшесі, 1)

2 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Алматы

19.00 – "Париж аспаны астында" концерті: барлық уақыттағы француз музыкасының жауһарлары (Жамбыл атындағы филармонияның үлкен залы, Қалдаяқов көшесі, 35)

3 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00-13.00 – "Әділ сөз" қоры журналистер мен блогерлерге үшін вебинар өткізеді. Онда сіз қандай жағдайда теріске шығару туралы талап заңсыз болып есептелетінін; сотқа дейінгі талапқа жауап беру қажет пе; сот процесінде қандай дәлелдер қажет; "моральдық шығын" дегеніміз не және ол сотта қалай дәлелденетінін білесіз. Қатысқысы келетіндер бұл туралы алдымен +7 727 313 1473, 8 707 700 1322 телефондары немесе info@adilsoz.kz поштасы арқылы хабарлап, байланыс мәліметтерін қалдыруы керек.

9 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры ресейлік және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаева көшесі, 1)  

12 желтоқсанға жоспарланған іс-шаралар

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

23
Жамбыл Жабаев

"ХХ ғасыр Гомері" деген бағаға ие болған Жамбыл Жабаев жайлы қызықты деректер

0
Жыр алыбы, ақын, суырыпсалма ақын, қазақ халқының ұлы перзенті Жамбыл Жабаев туралы деректерді Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Арғы аталары дәулетті болғанымен, Жамбылдың әкесі Жапа шаруа кісі болған. Кей тарихи деректе жыр алыбының әкесі туралы шоқпыт шапанды кедей болған деген сипаттама кездеседі.

"Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан", - дейді Жамбыл ақын.

"Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкен кезде бесінмен ала жүрді", дейді ақынның өзі балалық шағы жайлы. Соған қарағанда ақын бала күнінде қоңырқай тірлік кешкен.

Жамбылдың туған нағашысы Жетісу өңіріне танымал әнші болған.

"Жетісудың даңқы асқан биі Бөлтірік Алатаудың баурайындағы ағайынды аралап келген екен. Сонда үлкен сөз өнері ортаға түсіп жатқанда даладан бір бала жүгіріп келген екен. Бірден барып Бөлтіріктің қолын алыпты. Сонда Бөлтірік баланың қолын ұстап тұрып, "атың кім, балам?" депті. "Атым - Жамбыл" деп жауап берген екен. "Атың Жамбыл болса, көкірегің даңғыл болар. Шырғалаңнан сөз келсе, шырқаушының өзі болар екенсің" деген екен", - дейді қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде көпшіліктің аузынан түспей жүрген Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.

Жамбыл "Шағым", "Жылқышы", "Шәбденге", "Сәт сайланарда", "Өстепкеде", "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен.

Жамбыл Жабаев шығармашылығының шарықтау шегі тоқсан жастан асқан шағына тура келеді. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігінде шымылдығын Жамбыл ашты. 360 өнерпаз барған бұл мәдениет күндерінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың, әнші Күләш Байсейітованың абыройы асқақтады. Жамбыл сол жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды.

"1936 жылдан бастап Жамбылдың аты орыс тілі арқасында шетелге де тарала бастады. Кеңес үкіметі сол кезде 75 жылдық шығармашылық тойын тойламақ болады. Соның қарсаңында үй салып береді", - дейді Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық мұражай директоры Мәулен Қожашев.

Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

Ақынның "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр", "Көрұғлы", "Бақ, дәулет, ақыл" деген дастандары бар.

ХХ ғасыр Гомері

Бірде Жамбылдың ел арасында оның ақындық қабілетіне күмән келтіргісі келетіндер де табылған. Сонда орталық комитет жазушы Леонид Соболевті жағдайдың анық-қанығын білуге Ұзынағашқа жіберген. Жамбылдың жыршылығына таңқалған жазушы үш күн қасында болып, "жиырмасыншы ғасырдың Гомері" деп баға берген.

Жамбыл саналы ғұмырында Құлманбет, Досмағамбет, Сарыбас, Майкөт, Бақтыбай, Бөлтірік, Шашубай ақындармен айтысқан. Соның ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының жақсы бір көрінісі. Жас күнінде Жамбыл ақын Сара, Айкүміс, Сайқал, Кәмшат қыздармен айтысқан.

Жыр алыбы Жамбыл күйші Дина Нұрпейісовамен де жақын таныс болған. 1936 жылы танысып, таныстық соңы жақсы сыйластыққа ұласқан деген дерек бар.

Ақынның отты жырлары

Ақынның соғыс жылдары отан қорғау тақырыбына арнап жазған өлеңдері үш мың жолды құрайды. Әсіресе, "Ленинградтық өренім", "Москваға", "Майданға хат" сынды өлеңдері бар. Жамбыл ақын өмір мен өлім апралысына түскен Кеңес жауынгерлеріне отты жырлары арқылы жігер беруге тырысты.

Жамбылдың ұлы Алғадай жат елде оққа ұшқан болатын. Ұлының қазасынан кейін "Жамбылдың Алғадайды жоқтауы" деген өлеңі шықты. Кей дерекке сәйкес, Алғадайдан ұрпақ тарап, бүгінде бүтін бір отбасы болып отыр.

Жамбыл өзінің алдындағы аға буын өкілі Сүйінбай ақынды өзіне пір тұтқан. Ал Кенен Әзірбаев Жамбыл Жабаевты тәлімгері деп таныған.

Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.

1946 жылы ақпанда Қазақстан халқы жыр алыбының жүз жылдық мерейтойын тойлады. Сол жылы ақынның таңдамалы шығармаларының академиялық жинағы қазақ және орыс тілінде басылды.

0
Кілт сөздер:
қызықты деректер, Жамбыл Жабаев
Тақырып бойынша
"Өз жаназасын өзі шығарды": Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы деректер
"Көкейімнен кетпейді": ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің тілегі
Қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы - танымал ақын
Абайдың үш әйелі: ақын сүйіктілеріне не сыйлаған - фото
Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады