Аңдатпа

Қазақстанда 13 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневСфера Нур-Алем на территории EXPO 2017
Сфера Нур-Алем на территории EXPO 2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 13-31 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Жастар" театрының "Ғашықтар" комедиялық қойылымының премьерасы

14 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – Тәуелсіздік күні қарсаңында және қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ашылатын жаңа Музыкалық жас көрермен театрында "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасының премьерасы өтеді. Қойылым авторы – Мирас Әбіл, режиссер – театр басшысы Асхат Маемиров, әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген музыкалық кеңесші болады.

"Абай-Тоғжан" музыкалық премьерасының афишасы.
Қазақстанда 13 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады - Sputnik Қазақстан
"Абай-Тоғжан" музыкалық премьерасының афишасы.

Спектаклдегі жас Абайдың рөлін тарихи блокбастерлердің жұлдызы Аян Өтепберген, Тоғжан рөлін жас актриса Арелана Амангелдиева, Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбаевтың рөлін танымал актер Берік Айтжанов, Абайдың анасы Ұлжанның рөлін 2018 жылғы Канн фестивалінің жеңімпазы Самал Еслямова сомдайды. Музыкалық драманы 15 және 16 желтоқсанда да көруге болады.   

15 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Жас Абай" драмасының премьерасы. Режиссер – Нұрлан Жұманиязов (Nomad City Hall, байланыс телефоны: +7 775 284 02 96) 

16 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған ГТФ таэквондодан Қазақстан онлайн-чемпионаты. Жарыс 10-17 жас аралығындағы жас санаттарында өткізіледі. Бұл чемпионатқа республиканың барлық аймағының спортшылары қатыса алады. Қатысу тегін (Қатысу және тіркелу шарттары Ғаламдық таэквондо федерациясының Instagram-дағы @taekwondo_gtf.kz парақшасында жазылған).

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Ұлы Дала мұрасы" концерттік бағдарламасы ("Астана Балет" театры)

Алматы

19.00 – Габриэль Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романы бойынша спектакль (АРТиШОК театры, Гоголь көшесі, 40)

19 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында "Отбасылық жеңіс" онлайн сайысы. Командада үш адам болады: ата-ана мен бала. Әкесі кеудені жерден көтеру жаттығуын жасайды. Анасы шалқалап жатып, денесін көтере отырып, жаттығу орындайды, аяғы 90 градусқа бүгіледі. Бала отырып тұру жаттығуын жасайды. Жалпы сайыс уақыты – 3 минут. Жеңімпаздар дипломмен және медальмен марапатталады (Тіркелу +7 701 909 66 77, +7 747 054 59 00).   

Нұр-Сұлтан

"Рождество шұғыласы" концерті. Бағдарламаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры ұсынады. Еуропа композиторларының жаңажылдық шығармалары орындалады ("Астана Опера" театры).

20 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

20.00 – Ninety One тобының online-шоуы. Топ Taboo трегін алғаш рет "Ирина Кайратовнамен" бірге орындайды (https://stream.juzent.com/events/online-concerts сілтемесі арқылы тіркеу керек)  

Nur-Sultan snowpark ашылуы. Ататүрік саябағында шаңғы және сноубордқа арналған жасанды төбешік жасалады. Құрылыстың жалпы ауданы 720 шаршы метрден асады. Төбешіктің ұзындығы – 40 м, ені –18 м.

21 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Аяз ата қолғаптары" Жаңа жылдық қойылымы (Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры).

31 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Щелкунчик" балеті (балалар қойылымы). Қоюшы хореограф – КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Юрий Григорович. Сценографияны КСРО халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Симона Вирсаладзе жасайды. Дирижер – Арман Оразғалиев ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0