Аңдатпа

Қазақстанда 15 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевЗаснеженная аллея со статуей девушки с домброй
Заснеженная аллея со статуей девушки с домброй  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 15-31 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

15 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде "Қарапайым нәрселер экономикасы" бағдарламасын іске асыруға және жергілікті қамтуды дамытуға қатысты мәселелер. Отырыс PrimeMinister.kz сайтынан мен Mail.KZ пен Aitube.kz порталынан, YouTube-тегі ресми парақшасынан және Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көруге болады.

14.30 – Орталық коммуникацилар қызметі алаңында жылыту маусымы мен өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы брифинг. Спикер: төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Тікелей эфир сілтемелері: www.youtube.com/user/ortcomkz, facebook.com/ortcomkz.

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Жас Абай" драмасының премьерасы. Режиссер – Нұрлан Жұманиязов (Nomad City Hall, байланыс телефоны: +7 775 284 02 96) 

16 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған ГТФ таэквондодан Қазақстан онлайн-чемпионаты. Жарыс 10-17 жас аралығындағы жас санаттарында өткізіледі. Бұл чемпионатқа республиканың барлық аймағының спортшылары қатыса алады. Қатысу тегін (Қатысу және тіркелу шарттары Ғаламдық таэквондо федерациясының Instagram-дағы @taekwondo_gtf.kz парақшасында жазылған).

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Ұлы дала мұрасы" концерттік бағдарламасы ("Астана балет" театры)

Алматы

19.00 – Габриэль Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романы бойынша спектакль (АРТиШОК театры, Гоголь көшесі, 40)

19 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында "Отбасылық жеңіс" онлайн сайысы. Командада үш адам болады: ата-ана мен бала. Әкесі кеудені жерден көтеру жаттығуын жасайды. Анасы шалқалап жатып, денесін көтере отырып, жаттығу орындайды, аяғы 90 градусқа бүгіледі. Бала отырып тұру жаттығуын жасайды. Жалпы сайыс уақыты – 3 минут. Жеңімпаздар дипломмен және медальмен марапатталады (Тіркелу +7 701 909 66 77, +7 747 054 59 00).   

Нұр-Сұлтан

"Рождество шұғыласы" концерті. Бағдарламаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры ұсынады. Еуропа композиторларының жаңажылдық шығармалары орындалады ("Астана Опера" театры).

20 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

20.00 – Ninety One тобының online-шоуы. Топ Taboo трегін алғаш рет "Ирина Кайратовнамен" бірге орындайды (https://stream.juzent.com/events/online-concerts сілтемесі арқылы тіркеу керек).  

Nur-Sultan snowpark ашылуы. Ататүрік саябағында шаңғы және сноубордқа арналған жасанды төбешік жасалады. Құрылыстың жалпы ауданы 720 шаршы метрден асады. Төбешіктің ұзындығы – 40 м, ені –18 м.

21 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Аяз ата қолғаптары" жаңа жылдық қойылымы (Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры).

31 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Щелкунчик" балеті (балалар қойылымы). Қоюшы хореограф – КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Юрий Григорович. Сценографияны КСРО халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Симона Вирсаладзе жасайды. Дирижер – Арман Оразғалиев ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0