Өгіз мүсіні

Қазақстанда 3 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

55
(Жаңартылды 19:14 02.02.2021)
Sputnik Қазақстан 3 – 10 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

3 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 – Мәжілістің жалпы отырысы. parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпаратты баспасөз қызметінен 74-63-01, 74-63-02 телефондары арқылы анықтауға болады.

11:00 – Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен "102 мобильді қосымшаның функционалы" тақырыбында брифинг өтеді. Брифингте мобильдік қосымша арқылы азаматтардан хабарламалар қабылдау және беру алгоритмі мен оларға полиция қызметтерінің ден қоюы туралы айтылады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ІІМ-нің цифрлық жобалары БАҚ-қа таныстырылады.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау 71-52-24, 71-52-08, 72-22-85, 8 701 795 11 67, 8 778 280 94 94 телефондары және pr_mvd@mail.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі.

11:00 – Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы облыстық, аудандық және ауылдық кітапханаларда "Адалдық алаңы" жобасы аясында "Парасат жолы" аймақтық орталықтарын ашады. Басты мақсат – ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерімен бірге қоғамдағы тұтастық идеологиясын насихаттау. Орталықтардың ашылуында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанындағы "Парасат жолы" орталықтарының бірлескен жұмысы туралы меморандумға қол қояды.

Аккредитацияны dagspk@mail.ru электронды поштасы арқылы жасау керек. Анықтама үшін телефон: 8 705 659 4405, 8 707 659 4405.

12.30 – "Мемлекеттік кірістер комитетінің 2020 жылғы жұмыстарының қорытындысы" тақырыбында ОКҚ баспасөз конференциясы. Спикер: комитет төрағасы Марат Сұлтанғазиев. (Брифинг https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz сілтемесі арқылы тікелей эфирден көрсетіледі).

14.00 – Ресейдің шығармашылық университеттерінің таныстырылымы. РҒТК-нің YouTube арнасында өтетін тікелей эфирде университеттердің өкілдеріне сұрақтар қоюға болады.

16.00 – бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновтің қатысуымен бизнесті заңсыз араласудан қорғау шаралары жөнінде баспасөз конференциясы. Іс-шара Zoom-да болады. Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласу керек: +7 (7172) 270454, ішкі тел. 2157, +7 701 551 44 24.

16.30 – "Мемлекет басшысының елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларын іске асыру" тақырыбында ОКҚ брифингі. Спикерлер: денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, электронды денсаулық сақтау департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.30 – Astana Musical театрының жаңа қойылымы (БАҚ өкілдеріне арналған арнайы көрсетілім). Жаңа маусымда сахна шымылдығын "ЕНТ тапсырмаймын!" атты премьерасымен ашады. Іс-шара "Қазақстан" ОКЗ камералық залында (Мәңгілік ел, 10/1) өтеді. Толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: +7 7172 70 53 31; 8 701 820 97 90. Электрондық пошта: infoqazaqconcert@gmail.com.

АЛМАТЫ

14.00 – Алматыда цифрлық жобаларды іске асыру және цифрландыру сапасын дамыту жоспарлары туралы онлайн-брифинг. Спикер – Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев. Трансляция сілтемелері: facebook.com/almaty.gov.kzfacebook.com/rsk.almaty02facebook.com/OpenAlmaty 

16:00-де – Алматыда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы онлайн-брифинг. Спикер – Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, полковник Фархат Құрманғажинов. Трансляция сілтемелері: facebook.com/almaty.gov.kz, facebook.com/rsk.almaty02, facebook.com/OpenAlmaty

19.00 – "Жәмилә" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

8 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

8 ақпан мен 12 ақпан аралығында Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді. Курс ҚР АҚДМ мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылады. Оқыту курстары офлайн форматта Төле би көшесі, 94 мекен жайында өтеді. Қатысушылар "Медициналық журналистика" курсын өткендігі туралы сертификаттар алады. Тікелей көрсетілім Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://m.facebook.com/qogam.gov.kz ресми парақшасында жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdEEa9vvCR9vycFaGDRhHPfApP1arDDBlLkbH1qMDpT2CuEGA/viewform.

Басқа да сұрақтар бойынша хабарласу үшін: +77029857977

10 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуі. Коронавирустық пандемияға байланысты кездесу онлайн режимде өтеді. Қатысуға және қала басшысына сұрақ қойғысы келетіндер тіркеу сілтемесіне өтіп, тиісті нұсқауларды орындауы қажет. Есеп беру кездесуі Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook-тағы ресми аккаунттарынан, сондай-ақ "Астана" телеарнасы мен Tengrinews порталынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

55
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Астана Бәйтерек монументі

Қазақстанда 9 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

29
Sputnik Қазақстан 9 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

9 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

9-10 наурыз – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Застың Қазақстанға сапары. Сапар аясында ол қорғаныс және сыртқы істер министрімен, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездеседі. ҰҚШҰ бас хатшысын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп жоспарланған.

16.00 – Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне арналған көрменің ашылу салтанаты. Шара адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай өтеді. Көрмеде көрнекті тұлғаның өміріндегі маңызды оқиғалар туралы баяндалады. Ұйымдастырушылар: Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі және Мәскеу космонавтика мұражайы. "Наш Гагарин" көрмесінің ашылу салтанатына Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов, Қырғызстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеев, Қазақстандағы Россотрудничество кеңсесінің жетекшісі Алексей Короченко қатысады. Байланыс нөмірлері: +7 701 054 7177 (Ольга Скальчук), + 7 701 261 3964 (Евгений Лумпов). Өтетін орны: Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы (Кенесары к-сі, 39).

Алматы

12.00 – "Almaty Management University Аризона штаты университетінің стратегиялық серіктесі – АҚШ-тағы инновациялар бойынша бірінші орынға ие университет" тақырыбында баспасөз конференциясы. Шараның қатысушылары: Асылбек Қожахметов, Almaty Management University президенті; DBA, доктор Стефани Линдквист, Аризона мемлекеттік университетінің жаһандық академиялық бастамалар жөніндегі аға вице-президенті; PhD доктор Рик Шангроу, Cintana Education президенті; PhD, Ербол Сүлейменов, Almaty Management University ректоры (Самал-2 мөлтек ауданы, 58-ғимарат, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

18.30 – "Баянсыз бақ" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.30 – "Дипфейк" спектаклі ("Трансформ" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

29
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Гүл дүкені

Қазақстанда 8 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

42
Sputnik Қазақстан 8 – 9 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

8 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – Халықаралық әйелдер күні "Астана Опера" Үлкен залының сахнасында Чайковскийдің "Аққу көлі" балеті көрерменге жол тартады. Қосымша ақпараттар үшін: тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19); e-mail: astanaopera@gmail.com

Алматы

19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Игроки" ойыны (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

9 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

9-10 наурыз – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Застың Қазақстанға сапары, ол қорғаныс және сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездеседі. ҰҚШҰ бас хатшысын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп жоспарлануда.

16.00 – Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне арналған көрменің ашылу салтанаты. Шара адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай өтеді. Көрмеде көрнекті тұлғаның өміріндегі маңызды оқиғалар туралы баяндалады. Ұйымдастырушылар: Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі және Мәскеу космонавтика мұражайы. "Наш Гагарин" көрмесінің ашылу салтанатына Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов, Қырғызстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеев, Қазақстандағы Россотрудничество кеңсесінің жетекшісі Алексей Короченко қатысады. Байланыс нөмірлері: +7 701 054 7177 (Ольга Скальчук), + 7 701 261 3964 (Евгений Лумпов). Өтетін орны: Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы (Кенесары к-сі, 39).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

42
Иллюстративті фото

Түркістан облысында 8 наурыз қарсаңында үшем дүниеге келді

2592
Үш қызды дүниеге әкелген 34 жастағы көпбалалы ананың үйінде тағы екі ұлы мен екі қызы асыға күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үш қызды дүниеге әкелді.

Шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде нәрестелерді №1 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бақылауға алған, деп хабарлады Otyrar.kz.

"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұлым мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", – дейді көпбалалы ана.

Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтарды анасы бауырына басты. Себебі жеті жарым айлық нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымаған, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.

2592
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, үшем
Тақырып бойынша
"Өтірік айтасың деп сенбеді": алты баланың анасы атанған 23 жастағы келіншектің әңгімесі
Депутат бес жылдан кейін бала туатын әйелдер санының азаятынын айтты
Түркістан облысында 23 жастағы келіншек алты баланы дүниеге әкелді
Нұр-Сұлтанда егіздер мен үшемдер көбейді
Нұр-Сұлтанда жаңа туған нәрестеге жиі қойылған есімдер жарияланды
25 жасында көпбалалы ана атанды: Маңғыстауда төртем дүниеге келді