Аңдатпа

Қазақстанда 6 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевЗимние развлечения в Нур-Султане
Зимние развлечения в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 5 –10 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

6 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – "Тоска" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера", Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

8 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

8 ақпан мен 12 ақпан аралығында Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді. Курс ҚР АҚДМ мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылады. Оқыту курстары офлайн форматта Төле би көшесі, 94 мекен жайында өтеді. Қатысушылар "Медициналық журналистика" курсын өткендігі туралы сертификаттар алады. Тікелей көрсетілім Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі.   

11:00 – жүргізуші құжаттарын пайдаланудың жаңа қағидалары деген тақырыпта онлайн брифинг. Спикер: Қазақстан ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Түсіпов Серік Амантайұлы. Тақырыпқа қатысты сұрақтар 6 ақпан сағат 12:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштасы немесе WhatsApp (8 778 280 94 94 – С. Наурызбекова, 8 701 795 11 67 – С. Қолышбекова) арқылы қабылданады. Брифингті Youtube-тен көруге болады.

АЛМАТЫ

10.30 – "Буратиноның бастан кешкендері" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

12.00 – "Ақшақар" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).    

12.00 – "Шортанның бұйрығымен" спектаклі (La Boheme театры, 2-павильон, Зенков көшесі, 24).

18.00 – "Байсалды болу қаншалықты маңызды!" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.00 – "Мен, әжем, Илико және Илларион" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.00 – "Соңғы талпыныс" спектаклі (Ермашов атындағы әуесқой театр, Щепкин көшесі, 35).

18.30 –  "Ұмытыңдар оны" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Шыны хайуанаттар" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Таңсұлу" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "The.Impro.Show" спектаклі (THE.IMPRO арт-кеңістігі, Керемет 7 шағын ауданы, 40-корпус).

20.00 – "Я (не) люблю Алматы" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

9 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – 9, 10, 11 күндері "Ғашық–жүрек" поэтикалық-музыкалық қойылымның премьерасы өтеді. "Ғашық-жүрек" спектаклі Мұқағали Мақатаевтың ой-арманынан, жан сарайынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған өлең-жырлары мен әндеріне құрылған сахналық қойылым. (Музыкалық жас көрермен театрының ғимараты, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

10 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуі. Коронавирустық пандемияға байланысты кездесу онлайн режимде өтеді. Қатысуға және қала басшысына сұрақ қойғысы келетіндер тіркеу сілтемесіне өтіп, тиісті нұсқауларды орындауы қажет. Есеп беру кездесуі Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook-тағы ресми аккаунттарынан, сондай-ақ "Астана" телеарнасы мен Tengrinews порталынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0