Аңдатпа

Қазақстанда 10 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевЗимние развлечения в Нур-Султане
Зимние развлечения в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 10 –11 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуі. Коронавирустық пандемияға байланысты кездесу онлайн режимде өтеді. Қатысуға және қала басшысына сұрақ қойғысы келетіндер тіркеу сілтемесіне өтіп, тиісті нұсқауларды орындауы қажет. Есеп беру кездесуі Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook-тағы ресми аккаунттарынан, сондай-ақ "Астана" телеарнасы мен Tengrinews порталынан тікелей эфирде көрсетіледі.

11.00 - Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің алқа отырысы.  Онлайн-трансляция агенттіктің Facebook және Youtube желілеріндегі аккаунтында өтеді. Трансляцияға сілтеме:  https://www.facebook.com/qyzmet.kz/ https://www.youtube.com/channel/UCXkzxqSs2dSzz4z3lNupEUQ 

11.00 – Сара Назарбаеваның қайырымдылық және педагогика салаларындағы бастамаларына арналған онлайн-конференция. Шара Zoom платформасында өтеді (қатысу расталған кезде сілтеме жіберіледі). Байланыс телефондары: Диана Диханбаева, +7 707 990 01 69; Зере Жақыпбекова, +7 701 411 69 94.

11.00 – Қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150-жылдығын тойлауға арналған салтанатты шара өтеді. Оның аясында белгілі спортшы Сергей Цырульниковтың арнайы бағдарламасы көрсетіледі. Шараның ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысады. Шара кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Өтетін орны: Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат–колледжі, Бөгенбай батыр, 5. Байланыс телефоны: Әсел Серікпаева 8 707 933 59 17. Аккредитациядан өту үшін mcsgovrk@gmail.com (9 ақпан сағат 18:00-ге дейін) аты-жөніңізді жібере аласыз.

12.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде "E-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері" тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты болады. Спикер: Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жайдар Іңкербаев (Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

15.00 – Ақын Марфуға Бектемірованың “Таңдамалы шығармалар” кітабының тұсаукесері (Трансляция: Instagram: @Nationalmuseumkz және Facebook: @Ulttyqmuzei).

16.30 - Эпидемиологиялық жағдайға арналған брифинг. Спикерлер: денсаулық сақтау министрі Алексей Цой,  денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19:00 – Әйгілі қазақ ақыны және жазушысы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Ғашық-жүрек" поэтикалық-музыкалық спектаклінің премьерасы. Өтетін орны: Жас көрермендердің музыкалық театры (Ж.Омарова көшесі, 47Б). Сахна режиссері – театр актері Аман Ғұмаров. Сюжет бойынша қойылым автордың лирикалық поэзиясы негізінде жазылған әдемі әндерден тұрады. Ақын Мұқағали Мақатаевтың бейнесін біздің театрдың актері – Қазбек Есқар, ал ақынның досы Шәмілдің рөлін театрдың актерлері – Ерназар Жаңатілек пен Асқар Жұмабеков сомдайды. Толығырақ: +7 707 955 76 26, +7 702 987 35 94. Электрондық пошта: mtuzpressa@gmail.com, adik_1984@mail.ru.

19.00 – "Спартак" балеті. 65 жастан асқан тұрғындарға баруға болмайды ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).     

АЛМАТЫ

12.00 – "Приключение снежного барса" қойылымы (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).   

18.30 –  "Мөлдір махаббат" қойылымы (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Одноклассники. Уроки жизни" қойылымы ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

19.00 – "PUSHKIN Stand Up" қойылымы (БАТА театры, Мақатаев көшесі, 127/3).

19.00 – "Ниагарский водопад" қойылымы (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).    

11 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19:00 – Әйгілі қазақ ақыны және жазушысы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Ғашық-жүрек" поэтикалық-музыкалық спектаклінің премьерасы. Өтетін орны: Жас көрермендердің музыкалық театры (Ж.Омарова көшесі, 47Б). Сахна режиссері – театр актері Аман Ғұмаров. Сюжет бойынша қойылым автордың лирикалық поэзиясы негізінде жазылған әдемі әндерден тұрады. Ақын Мұқағали Мақатаевтың бейнесін біздің театрдың актері – Қазбек Есқар, ал ақынның досы Шәмілдің рөлін театрдың актерлері – Ерназар Жаңатілек пен Асқар Жұмабеков сомдайды. Толығырақ: +7 707 955 76 26, +7 702 987 35 94. Электрондық пошта: mtuzpressa@gmail.com, adik_1984@mail.ru.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0