Аңдатпа

Қазақстанда 16 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 16–18 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылғы қаңтарға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы кіреді. Отырысты PrimeMinister.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы 8 (7172) 75 00 10 немесе press.kpm@mail.ru электрондық поштасы арқылы байланысуға болады.

15.00 – 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған гидрологиялық болжам. Спикер – "Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары Серік Саиров. Шара экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сілтеме: https://www.facebook.com/EcologyofKazakhstan/

19.00 – "Только MOZART!" ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Пранк – Махаббат" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

Алматы

12.00 – "Жасөспірімдер және қашықтан оқыту: қиындықтар мен мүмкіндіктер" тақырыбында баспасөз конференциясы. 2015 жылдан бастап "Әділ қолдау" қоры жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқатымен айналысады және пандемияға байланысты карантиндік шаралар жарияланып, балалар қашықтан оқыту форматына көшкен кезде де қалыс қалмады. Команда мүшелері қазақстандық жасөспірімдердің жағдайы баяндап, олардың бақылауының нәтижесімен бөлісуге, сондай-ақ жаңа қолдау форматы туралы әңгімелесуге дайын. Спикерлер: "Just Support" қорының атқарушы директоры Светлана Богатырева, жоба сарапшысы Азамат Жаманчинов, жоба қатысушысы Камилла Қанатқызы мен Анастасия Суханова (қатысушыларды фото және видеоға түсіруге ата-аналардың рұқсаты бар. Баспасөз конференциясына қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Кіру тек алдын ала аккредиттеу арқылы). Аккредиттеу үшін мына телефонға хабарласу керек: 87017490200, Асел Берімжарова (Самал-2 мөлтек ауданы, 58 ғимарат, АЖК "Сәтті", бірінші кіреберіс, 2 қабат. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).

17 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Біржан–Сара" операсы. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера", Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

Алматы

12.00 – "Остров сокровищ" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Миллионерша" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Кармен сюита. Болат Аюхановтың балет кеші" балеті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "12 месяцев" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлина көшесі, 10).

19.00 – "Қыз Жібек" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2, В2-3).

Алматы

18.30 – "Мұғалім" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Я, бабушка, Илико и Илларион" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

19.00 – "Плисецкая" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяков көшесі, 35).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0