Аңдатпа

Қазақстанда 23 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневТүнгі қала шамдары
Түнгі қала шамдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 23-24 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

23 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері; орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы. Отырыстың тікелей трансляциясын PrimeMinister.kz сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан көруге болады.

12.30 – ОКҚ-да "Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшу тәртібін түсіндіру туралы" брифинг өтеді. Спикерлер: индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Даулыбаев, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ өңірлерді дамыту және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов.

Трансляция сілтемелері: www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – II Нобель фестиваліне тіркеу ашылады. Тіркеу тегін және іс-шараның ресми сайтында қолжетімді; орындар саны шектеулі. Технологиялар мен инновацияларға арналған II Нобель фестивалі 2021 жылы 7-9 сәуір аралығында онлайн өтеді. Фестиваль Қазақстан Республикасының ғылым күніне арналады.

19.00 –"Вечер балета в двух отделениях" гала балеті. 65 жастан адамдарға шектеу қойылған ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.30 – "Мұғалім" қойылымы (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – Халықаралық Ballet Globe би фестивалі.

23-24 ақпан – Ballet Globe фестивалі әйгілі "Кармен-сюита" спектаклімен ашылады.

19.00 – "Соңғы емтихан" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

19.00 – "Мужской характер" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

24 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

12.00 –  "Бременские музыканты" музыкалық қойылымы (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22). 

18.30 – "Баянсыз бақ" қойылымы (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Тимур Урманчеев и Forte Trio" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35). 

19.00 – "Вечер инструментальной музыки" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35). 

19.00 – "Теория нитки. Звериные истории" спектаклі ( "Жас сахна" театры,  Абай даңғылы, 117).

19.00 – "Кража со взломом" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.30 – "FREE HUGS" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0