Аңдатпа

Қазақстанда 25 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАстаналық цирк
Астаналық цирк - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 25-26 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

25 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Қолжетімді Қазақстан" жобасының аяқталуына арналған конференция. Жоба қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған болатын. Конференция zoom-да өтеді (аккредитациядан өткен соң сілтеме жіберіледі). Байланыс үшін: +7(778) 110-53-30 /whatsapp/; e-mail: mbeisenova@gmail.com, Мира Бейсенова.

Нұр-Сұлтан

11.00 – Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысы. "Қазмедиа орталығы" ғимаратында журналистерге арналған баспасөз орталығы ұйымдастырылады (Байланыс ақпараты: + 7 775 768 77 67, 74-10-31, пошта: internetsmi.mic@gmail.com, Дәулет Қыдырбекұлы).

11.00 – Әлемге әйгілі швед жазушысы Астрид Линдгреннің "Ұзынқұлақ Пеппи" (Пеппи Длинный чулок) кітабының қазақ тілінде тұсаукесері. Кітап тұсаукесеріне Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Матс Фойер мырза, ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, балалар жазушысы Баянғали Әлімжанов, Шаяхметова атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әлібек Асқар, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы, балалар жазушысы Серікбол Хасан мен қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысады. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Кравцов 6/1, Фолиант сауда үйі. Тіркелу үшін: + 7 778 357 97 78.

Алматы

12.00 – "Алматы қаласының Наурызбай ауданы аумағындағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығы" жобасын жүзеге асыру" тақырыбында баспасөз конференциясы. Шарада "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығы жұмысының нәтижелері мен орталық жұмысының жаңа форматы туралы айтылады. БАҚ өкілдері Қазақстандық баспасөз клубындағы баспасөз конференциясына шақырылады (кіру тек алдын ала тіркелу арқылы). Хабарласу үшін: 8 701 749 02 00, Әсел Берімжарова. Тікелей эфирді мына сілтемеден көруге болады.

15.00 – "Түркістандағы "Қожа Ахмет Яссауи" мұражайы: авторлық құқықты бұзу және бөтеннің мүлкін тәркілеу" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясына спикер ретінде: Моряк Константин Петрович – "BF CREAGROUP" ЖШС бас директоры, Зикирия Заманханұлы Жандарбек – тарих ғылымдарының кандидаты, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих кафедрасының доценті, Қаймақов Асқар Абайұлы – заңгер атысады. БАҚ өкілдері Қазақстандық баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Кіру тек алдын ала аккредиттеу арқылы). Хабарласу үшін: 87017490200, Әсел Берімжарова. Тікелей эфирді мына сілтемеден көруге болады.

17.00 – "Кража со взломом" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.30 – "Енелер мен келіндер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Гамлет" қойылымы (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.00 – Камералық музыка концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).  

19.30 – "Самурай мен Сасай" ересектерге арналған пәлсапалық ертегі (La Boheme театры, 2-ші павильон, Зенков көшесі, 24).   

26 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

 Нұр-Сұлтан

12.00 – "Мяу, Гав және Чик-Чирик" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "Үрмелі аспаптармен саяхат" концерті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – "COVID-19" би-спектаклінің премьерасы ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

Алматы

11.00 – "Снегурушка" спектаклінің премьерасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

11.00 – "Әріптер әлеміне саяхат" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.00 – "Ars Amandi. Искусство любви" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.00 – "Эти свободные бабочки" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

18.30 – "Келіндер көтерілісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Дикарь. Третье слово" спектаклі (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Музыка. Живопись. Импрессионизм" спектаклі (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

19.30 – "Карнавал" спектаклі ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Я выбираю боль" ойыны (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0