Аңдатпа

Қазақстанда 10 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 10 – 11 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

10 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10-00 – Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Күн тәртібінде "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу; Қазақстан мен Қырғыз үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңының жобасы; Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы заң жобасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралады. Жалпы отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.
Қосымша ақпаратты 74-63-01, 74-63-02 телефондар арқылы анықтауға болады.

9-12 наурыз аралығында энергетика министрлігі "Энергетика министрлігінің ашық деректер тізбелерін кеңейту туралы" тақырыбында  интернет-конференция өткізеді. Іс-шараға https://dialog.egov.kz/conference/1588 сілтемесі арқылы қатысып, тақырып бойынша сұрақтар қоюға болады.

19.00 – "Магия барокко" концерті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар. ("Астана Опера" театры, Мрамор залы, Қонаев көшесі, 1).

Алматы

12.00 –Алматы қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында COVID-19-тің қазіргі жағдайы туралы онлайн-сұхбат. Спикер: Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әсел Қалықова. Сұрақтарды info@rsk.almaty.kz мекен-жайына, https://rsk.almaty.kz/web/ веб-сайты немесе +7 707 934 39 84 (WhatsApp) арқылы жолдауға болады. (тікелей эфир сілтемесі: facebook.com/almaty.gov.kz, facebook.com/rsk.almaty02, facebook.com/OpenAlmaty).

18.30 – "Шағала" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Барымен базар" спектаклінің премьерасы (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

11 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 – Парламент сенатының отырысы. Күн тәртібінде батып кеткен кемелерді жою туралы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау мәселесін; кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын; "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және сот жүйесін модернизациялау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарастыратын болады. Қосымша сұрақтарға сенаттың баспасөз қызметінен 8 (7172) 74-72-27 нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

12.00 – "Достық пен қулық" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.00 – "ЕНТ тапсырмаймын!" спектаклі ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел 10/1).

19.00 – "Очень простая история" пьесасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі 11).

Алматы

18.30 – "Сыған серенадасы" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы 103).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0