Аңдатпа

Қазақстанда 13 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 13 – 16 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

13 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Гроза" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан, 11).

19:00 – Жас көрермендердің музыкалық театрында Н.Мошинаның "Дүние-Ғапыл" метафизикалық драмасының премьерасы. Бұл қойылым барша адамзатқа ортақ тақырыпты сөз ететін, адам өмірінің қаншалықты маңыздылығын алға тартатын туынды. Өтетін орны: Ж.Омаров көшесі, 47Б. Хабарласу үшін +7 707 955 76 26 нөмірі немесе mtuzpressa@gmail.com поштасы.

Алматы

14:00 – Алматы қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматыда COVID-19-ға қарсы вакцинацияның барысы туралы онлайн-брифинг. Спикер – Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы орталық қалалық клиникалық ауруханасының инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі директоры орынбасарының міндетін атқарушы Эльвира Ибрагимова. Сұрақтарды 12 наурыз сағат 10:00-ге дейін info@rsk.almaty.kz электрондық поштасы, https://rsk.almaty.kz/web/ сайты арқылы немесе +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөміріне жіберуге болады.

14.00 – "Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек туралы" заңға енгізілген өзгерістерге қарсы заңгерлер мен адвокаттардың митингі. Жиынның өтетін орны: Шоқан Уәлиханов көшесіндегі ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаң.

14.00 – "Жусан иісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан, 38). 

18.30 – "Анна Каренина" спектаклі (Әуезов атындағы театр, Абай даңғылы 103).

14 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Вечер камерной музыки" концерті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар ("Астана Опера", Камера залы, Қонаев көшесі, 1).

19:00 – Жас көрермендердің музыкалық театрында Н.Мошинаның "Дүние-Ғапыл" метафизикалық драмасының премьерасы. Бұл қойылым барша адамзатқа ортақ тақырыпты сөз ететін, адам өмірінің қаншалықты маңыздылығын алға тартатын туынды. Өтетін орны: Ж.Омаров көшесі, 47Б. Хабарласу үшін +7 707 955 76 26 нөмірі немесе mtuzpressa@gmail.com поштасы.

Алматы

11.00 – "Туған күн" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы 38).

18.30 – "Баянсыз бақ" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы 38).

18.30 – "Оң қол" премьерасының қойылымы (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – Максим Аверинаның "Научи меня жить" авторлық моноспектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

15 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

11.00 – "Балалардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі. Спикер – әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк. БАҚ өкілдерінің сұрақтары 12 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электрондық поштасында немесе 8 705 440 83 65 WhatsApp арқылы қабылданады.

Алматы

12.00 – "Пандемия кезіндегі қорғаныс шаралары және құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл: тұтынушылар құқықтары" тақырыбында баспасөз конференциясы. Шарада сарапшылар негізгі проблемалар мен пандемия жағдайында тұтынушылар мен бизнесте қалыптасқан қиындықтарды талқылайды. Спикер: "Қазақстан тұтынушылар лигасы" қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы Светлана Романовская. Өтетін орны: Қазақстан баспасөз клубы (Алматы, Самал-2 ықшам ауданы, 58 ғимарат, "Сәтті". Тіркелу үшін: 87017490200, Әсел Берімжарова. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub

16 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.30 – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның 2020 жылғы қаржылық нәтижелеріне арналған баспасөз брифингі. Баспасөз брифингі Zoom Meetings платформасында онлайн режимде өтеді. Спикер – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі бас директор Камила Бақытжанқызы Сыздықова. Баспасөз брифингіне қатысу үшін 15 наурыз сағат 18.00-ге дейін тіркеуден өту керек. Онлайн-конференция сілтемесі: https://zoom.us/j/98178215781?pwd=UGJzYm5FVWdxVTUxSVhNUmttNTgwUT0Ал тіркелу үшін байланыс нөмірлері: +7 701 3653060/WhatsApp: Электрондық пошта: noskova@pressclub.kz

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0