Алматы тауларындағы көктем

Қазақстанда 27 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

5263
(Жаңартылды 17:35 26.03.2021)
Sputnik Қазақстан 27-29 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

27 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Чудесный сон" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

15.00 – "Самұрық келген таң" концерті. 65 жастан асқандарға жас шектеуі бар ("Астана Опера" театрының Камера залы, Қонаев көшесі 1).

18.00 – "Дон Кихот" балеті. 65 жастан асқандарға жас шектеуі бар ("Астана Опера" театрының Үлкен залы, Қонаев көшесі, 1).

20.00 – Stand Up концерт (Korean House, Тұран даңғылы 23)

28 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Чудесный сон" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

18.00 – "Дикарь. Третье слово" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

18.00 – "Под знаком Белы Бартока" концерті. 65 жастан асқандарға жас шектеуі бар ("Астана Опера" театрының Камера залы, Қонаев көшесі, 1).

20.00 – Stand Up концерті (Korean House, Тұран даңғылы 23).

Алматы

15.00 – "Құлагер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы 38).

17.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

29 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

11:00 – ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтың қатысуымен онлайн режимде брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: "Қылмыстық сот төрелігін жаңғырту. Қылмыстық процестің жаңа моделін қолдану нәтижелері", "Адам саудасы фактілерін тергеу, қазақстандық әйелдерді Бахрейн Корольдігінде жезөкшелікке тарту", ​"Интернеттегі алаяқтықты тергеу. Ірі акционерлік қоғамның есепшотынан 300 миллион теңге ұрлаған хакерлерді ұстау". БАҚ өкілдерінің тақырып бойынша сұрақтары 26 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электрондық поштасы немесе + 8 705 440 83 65 WhatsApp арқылы қабылданады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

5263
Кілт сөздер:
оқиғалар, Қазақстан
Нұр-Сұлтан көрінісі

Қазақстанда 17 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

19
Sputnik Қазақстан 17-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

17 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Как появилось эхо" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы 3).

17.00 – "ЕНТ тапсырмаймын!" спектаклі ("QAZAQSTAN" ОКЗ, Мәңгілік ел көшесі 10/1).

АЛМАТЫ

19.30 – "Сниму квартиру" комедиялық спектаклінің тұсаукесері (Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай даңғылы 103)

20.00 – "Plankton, Corp" спектаклі ("BUNKER" ART орталығы, Досмұхамедов көшесі 78а).

18 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Как появилось эхо" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы 3).

АЛМАТЫ

20.00 –"Я (не) люблю Алматы" спектаклі ("BUNKER" ART орталығы, Досмұхамедов көшесі 78а).

19 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "Жол қауіпсіздігі туралы" онлайн брифинг. Қазақстан ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов. Тақырыпқа қатысты сұрақтар 16 сәуір сағат 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштасы немесе WhatsApp - 8 705 440 83 65 арқылы қабылданады.

АЛМАТЫ

20.00 - " Магический театр" актерлік шеберлік курсы. Оқу ақысыз. Курс жүргізушісі: "Кадеш" актерлік орталығының негізін қалаушы, актриса, режиссер Наталья Лукьянова. Жас шектеу бар: 16+ (курс жүргізушісінің шешімі бойынша 14-15 жас аралығындағылар қабылдануы мүмкін) ("BUNKER" ART-орталығы, Досмұхамедов көшесі 78а).

21 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

20.00 - " Магический театр" актерлік шеберлік курсы. Оқу ақысыз. Курс жүргізушісі: "Кадеш" актерлік орталығының негізін қалаушы, актриса, режиссер Наталья Лукьянова. Жас шектеу бар: 16+ (курс жүргізушісінің шешімі бойынша 14-15 жас аралығындағылар қабылдануы мүмкін) ("BUNKER" ART-орталығы, Досмұхамедов көшесі 78а).

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

19
Алматы көрінісі

Қазақстанда 16 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

55
(Жаңартылды 17:59 15.04.2021)
Sputnik Қазақстан 16-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

16 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Нормашығармашылық саласындағы реформа" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Әділет вице-министрі Пан Наталья Виссарионовна, Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" РМК директоры Сарпеков Рамазан Құмарбекұлы. Баспасөз конференциясы орталықтың youtube.comfacebook.com желілері арқылы онлайн режимде көрсетіледі.

19.00 – "Жұмадағы Stand Up" (The Beer Yard Pub, Сәтпаев көшесі 13/1. +7 707 194 0908 нөмірі бойынша тапсырыс арқылы).

19.00 – "Stand Up концерті" (Korean House, Тұран көшесі 23. +7 707 194 0908 нөмірі бойынша тапсырыс арқылы).

19 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Жол қауіпсіздігі туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер: Қазақстан ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов. Тақырыпқа қатысты сұрақтар 16 сәуір сағат 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштасы немесе WhatsApp - 8 705 440 83 65 арқылы қабылданады.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

55
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

0
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

0
Кілт сөздер:
Украина, Ресей