Аңдатпа

Қазақстанда 26 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 26 сәуір мен 26 мамыр аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

26 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11:00 – "Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес" тақырыбында онлайн брифинг. Спикер: Нұрмағамбетов Қанат Базарбайұлы – ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары. Тақырып бойынша сұрақтар 25 сәуір сағат 18:30-ға дейін, электрондық пошта mvd_pr@mail.ru немесе WhatsApp арқылы - 8 705 440-83-65 қабылданады.

12.30 – Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері жөнінде баспасөз конференциясы. 

Спикерлер: Ұлттық ұлан әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров, Ұлттық ұланның баспасөз хатшысы Руслан Жангулин. Баспасөз конференциясы орталық коммуникациялар қызметінің youtube.comfacebook.com желілері арқылы онлайн режимде көрсетіледі.

28 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы. Күн тәртібі: "Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы". Сессия жұмысына онлай-форматта 600-ден астам адам қатысады. Олардың арасында ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйым басшылары, шығармашылық қауым мен БАҚ өкілдері бар.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың халық алдында есеп беруі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халықпен есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және Youtube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халықпен есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz. What App: +7 7778936921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0