Аңдатпа

Қазақстанда 7 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевПарень со смартфоном идет по улице
Парень со смартфоном идет по улице - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 7 маусым – 17 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

7 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11:00 - Ішкі істер министрлігінің онлайн форматындағы брифингі. Брифинг тақырыбы: "Құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу және мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жазаны күшейту туралы". Спикер: Тәженов Асқар Дәулетханұлы – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы. 

14.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг. Тақырыбы: "Қазақстанда білім берудің барлық деңгейіндегі олимпиадаларды өткізу туралы". Спикер: ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz. 

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг. Тақырыбы: "Қазақстандық шахматшы ел тарихында алғаш рет ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атағын жеңіп алды". Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Сәпиев Серік, "Қазақстан шахмат федерациясы" РҚБ атқарушы директоры, халықаралық гроссмейстер Есмағамбет Әнуар, халықаралық гроссмейстер, шахматтан 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әбдумәлік Жансая, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әшірова Алма. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz. 

8 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

09.00 - үкімет отырысы. Жиын трансляциясын Primeмinister.kz сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан тікелей эфирде көруге болады.

19.00 – "Біржан – Сара" операсы ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

Алматы

11.00 – "Кентервильское привидение" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.30 – "Келіндер көтерілісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Вечер хоровой музыки" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35). 

19.00 – "Чморики" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

9 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 - мәжілістің жалпы отырысы. Палатаның отырысы www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

19.00 – "Біржан – Сара" операсы ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – Бопай ханым" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұсынұлы көшесі, 25/1).

Алматы

18.30 – "Бес бойдаққа бір той" спектаклі (Әуезов атындағы театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 –  "Құлагер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 – "Чморики" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

10 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 – сенаттың жалпы отырысы. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8 (7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электронды мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0