Аңдатпа

Қазақстанда 16 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневТеплоход плывет по реке Ишим. Центральный парк столицы
Теплоход плывет по реке Ишим. Центральный парк столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 16 маусым – 6 шілде аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

16 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - мәжілістің жалпы отырысы. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. 

12.30 -  орталық коммуникациялар қызметінде елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. (Трансляцияға сілтемелер: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

14.30 – орталық коммуникациялар қызметінде "Ауыл оқушыларын дамытуға бағытталған "Ел үміті" бастамасы аясындағы Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Елбасы академиясының жобалары" деген тақырыпта баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: "Елбасы Академиясы" КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин (Трансляцияға сілтемелер: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

19.00 – "Құнанбай" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

19.00 – Джузеппе Вердидің "Травиата" операсы ("Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1)

19.00 – "Әштен" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі 55/2 , В2-3).

АЛМАТЫ

18.30 – "Үміт үзгім келмейді" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "История одной чайки" спектаклі (ARTиШОК театры, үлкен сахна, Гоголь көшесі 40).

19.00 – "Жестокий романс"  (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Шәмші" спектаклі (Музыкалық жас көрермен театры, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

19.00 – Джузеппе Вердидің "Травиата" операсы ("Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Светлые думы" пьесасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

21.00 – "Ұйқым келмейді" спектаклі (Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Мани, мани" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Примадонны" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "От D.SCH до A.SCH" концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Алматыдағы Інжіл кеші" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "Сиқырлы сазды" хор концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақконцерт" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

19 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Аффари" бизнес орталығының сахнасында жас көрермендерге арналған "Искусство дарят дети" концерті ("Астана Опера" әртістері)

17.00 - "Жұлдызбен бір сахнада" жобасы. Жобаның басты ерекшелігі - көрермендер музыка жауһарларын сахнада әртістермен бірге тыңдай алады. Жоба аясында "Сал домбыра" офлайн концерті өтеді. Концерттерге тұрғындар Ashyq қосымшасы арқылы кіреді ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1. Гүлнәз Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru. Электронды пошта: infoqazaqconcert@gmail.com).

21 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

25 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "На волне романтизма" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

26 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "№13" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақконцерт" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

5 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

20.00 - "PICCOLO" театрының Гаетано Доницетитеатердің "Дон Паскуале" екі актілі драма-буфасы ("Астана Опера" әртістері).

6 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

Орталық қалалық саябақтың амфитеатр сахнасында мерекелік гала-концерт. Танымал опера ариялары мен дуэттер, қазақстандық авторлардың және Батыс Еуропа классикалық композиторларының ("Астана Опера" музыканттары) аспаптық және хор шығармалары ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0