Аңдатпа

Қазақстанда 27 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинЦветущие маки близ Алматы
Цветущие маки близ Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 26 маусым – 6 шілде аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

27 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – "Спартак" спектаклі (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110). 

18.30 – "Махаббат, қызық мол жылдар" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

28 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11:00 – Ішкі істер министрлігінің брифингі. Тақырыбы: "Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық модульдік полиция бекеттерінің жұмысы туралы". Спикер: Серік Түсіпов – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

11.30 - Қазақстан халық партиясы мәжілісі депутаттарының баспасөз конференциясы ("Marriott", «Балқаш» залы). Партия басшылығы алдағы уақытта аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін сайлауға қатысты ресми мәлімдеме жасайды. Анықтама үшін телефон: 8 707 565 10 00

19.00 – "Үміт" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

29 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09:00 - үкімет отырысы. Отырыс primeminister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.

30 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - парламент палаталарының бірлескен отырысы. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

5 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

20.00 - "PICCOLO" театрының Гаетано Доницетитеатердің "Дон Паскуале" екі актілі драма-буфасы ("Астана Опера" әртістері).

6 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
НҰР-СҰЛТАН

Орталық қалалық саябақтың амфитеатр сахнасында мерекелік гала-концерт. Танымал опера ариялары мен дуэттер, қазақстандық авторлардың және Батыс Еуропа классикалық композиторларының ("Астана Опера" музыканттары) аспаптық және хор шығармалары ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0