Аңдатпа

Қазақстанда 8 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневТеплоход плывет по реке Ишим. Центральный парк столицы
Теплоход плывет по реке Ишим. Центральный парк столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 8-9 шілде аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

8 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

7-8 шілдеде Астана процесі аясында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді. Аккредитация: +7 (7172) 72-01-45, 72-01-33. Шетелдік БАҚ өкілдері үшін теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама міндетті (мерзімі 72 сағаттан аспаған). Қазақстандық журналистер COVID-19 вакцинасының электронды төлқұжатын көрсетуі тиіс. Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.

8 және 9 шілдеде Нұр-Сұлтанда алғаш рет Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы SputnikPro ағартушылық жобасының модулін өткізеді.

"Медиадағы трендтер", "Подкаст жасау және оны ілгерілету" тақырыбындағы мастер класты 8 шілдеде "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторының орынбасары Наталья Лосева мен "Россия сегодня" ХАА Жаңа медиа дирекциясының инновациялық журналистика орталығының жетекшісі Иван Громов өткізеді.

SputnikPro қатысушыларына "Россия сегодня" мадиатобының редакциясы жайында 9 шілдеде бас редактордың орынбасары – "Россия сегодня" ХАА Бас ақпарат дирекциясының директоры Дмитрий Горностаев айтып береді.

10.00 - Аstanahub.com цифрлық технопаркінің презентациясы. Astana Hub технопарктің жаңа нұсқасының тұсауын кеседі. Ол жерде барлық процесс автоматтандырылған. Технопарк резиденттері онлайн есеп тапсырып, салықтық және визалық жеңілдік алады. Стартаптарға грант берілетін болады. Жаңашылдықтар жайлы Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен технопарк қызметкерлерді тікелей эфирде айтып береді. Сілтеме бойынша тіркелуге болады.

14.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Азаматтарға арналған үкіметтің" халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету барысына енгізген жаңа сервистері мен процестері туралы баспасөз конференциясы өтеді.  Спикерлер: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы АҚ басқарма төрағасы Қожихов Әділ Ғалымжанұлы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әбділдин Сүйеніш Төлеуханұлы,  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жүнісов Біржан Уәлиұлы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұмабеков Сержан Лесбекұлы. Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға" қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" қойылымы (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – "Ертегілерге саяхат" спектаклі (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

19.00 - "PICCOLO" театрының Гаетано Доницетидің "Дон Паскуале" екі актілі драма-буфасы ("Астана Опера" әртістері).

АЛМАТЫ

12.00 – "Агрессорлармен жұмыс істеу орталығы" жобасына арналған баспасөз конференциясы. Қазақстандық баспасөз клубы журналистерді шақырады (карантиндік шектеу 10 адам, алдын ала аккредиттеу бойынша ғана кіруге болады). Сауалдар бойынша: 8 701 749 02 00, Әсел Берімжарова. (Самал-2 шағын ауданы, 58-үй, "САТТI", 1 подъезд, 2-қабат)

9 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

 

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" қойылымы (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында корей суретшісі Ли Инамның "Signal of Light" цифрлық өнер көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме кеңістіктегі түс, форма, жарық айналасындағы тұрақты көркемдік ізденістердің нәтижелерін ұсынады. Ли Инамның цифрлық туындылары көрерменге бейне, дыбыс, қозғалыс арқылы шығарманы терең сезінуге мүмкіндік береді. Вернисаж Елбасы кітапханасының (Бөкейхан көшесі, 1А) көпфункционалды залының заманауи LED-экрандармен жабдықталған футуристік алаңында өтеді. Анықтама телефондары: + 7 (7172) 69-30-59, 69-30-56.

16.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы 3).

16.00 – "Ертегілерге саяхат" спектаклі (Әбу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 – Кореялық цифрлық өнер суретші Ли Инамның "Signal of Light" көрмесі ашылады. Аккредитация міндетті. БАҚ 8 шілде 18:00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com поштасы арқылы тіркелу керек. + 7 (7172) 69-30-59, 69-30-56 (Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы" кітапханасы, Бөкейхан көшесі, 1А).

АЛМАТЫ

12.00 - "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Шамхат" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

20.00 - "Я выбираю боль" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0