Аңдатпа

Қазақстанда 21 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинПарк первого президента был основан на участке выше проспекта Аль-Фараби, где когда-то находились яблоневые сады апорта
Парк первого президента был основан на участке выше проспекта Аль-Фараби, где когда-то находились яблоневые сады апорта - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 21 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

21 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 –"Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

14.00 - "Қазіргі заманда қоғамның мәдени-тарихи мұрасын сақтаудағы кітапхананың рөлі" халықаралық конференциясы. Өтетін жері – Ұлттық академиялық кітапхана.  (Достық көшесі, 11). Қатысушылар: Елбасы кітапханасының директоры Б.Б. Темірболат, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры В.В. Дуда, М.И. Рудомино атындағы шетел әдебиеті кітапханасының бас директоры П.Л. Кузьмин, Б.Н. Ельцин атындағы президенттік кітапхананың ақпараттық ресурстар жөніндегі директоры Е.Д. Жабко, Түркияның сыртқы байланыс департаменті филиалының жетекшісі Токай Эбру, сондай-ақ, АҚШ, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Германия, Чехия мен Корея кітапханаларының басшылары қатысады. Жазушылар мен ақындар да келеді.

Халықаралық конференцияның онлайн-трансляциясы ZOOM платформасында өткізіледі. Байланыс телефондары: 8 778 917 51 56, 8 708 383 20 90. Аккредитациядан міндетті түрде өту керек.

16.00 –"Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

19.00 – "Диляфруздың төрт күйеуі" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

АЛМАТЫ

19.00 –"ЭЛЕКТРООКО" тобының концерті (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

21-22 қыркүйек күндері Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан оқу-жаттығу полигонында "Жер-2021" халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Негізгі тақырыбы - "Азаматтық қорғаныс жүйесінің Алматы облысындағы қатты жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жою шараларына дайындығы". Оқу-жаттығуларға төтенше жағдай министрі Юрий Ильин жетекшілік етеді. Шараға Қырғызстан мен Өзбекстанның құтқарушылары да қатысады. Аккредитацияны Алматының төтенше жағдайлар департаменті жасайды. Телефондар: 8 (727) 274 51 06, 8 701 661 70 50.

22 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - "Бастау Бизнес" жобасының түлектері қатысатын онлайн-форум. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен ашылады.  Форумға  "Атамекен" ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, сондай-ақ жоба түлектері қатысады. Жобаға қатысқан кәсіпкерлер өз тәжірибесімен бөліседі. "Бастау Бизнес" жәрмеңкесінде шығарып жатқан тауарларын көрсетеді. Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, The St. Regis Astana Hotel, Қабанбай батыр даңғылы, 1. Аккредитация b.nyssanbayeva@gmail.com поштасы арқылы 20 қыркүйек күні сағат 13:00-ге дейін жасалады.

Форумның трансляциясын "Атамекен" ҰКП-ның Facebook пен  youtube аккаунтарынан көруге болады: https://youtube.com/c/Atamekenkz; https://www.facebook.com/atamekenkz/

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді. Спикерлер: премьер-министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов; қаржы министрі Е. Жамаубаев; ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев. Брифингтің тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Жетінші шақырылған Нұр-Сұлтан мәслихатының кезекті сессиясы өтеді. Шара "Zооm" платформасы арқылы ұйымдастырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  • Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы.
  • Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті  иеліктен шығару шарттарының жобасын келісу туралы.
  • "Ақ жол" партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы
  •  Нұр-Сұлтан қаласында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларға сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы.
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөнінде консультативтік кеңестің құрамы туралы.
  • Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

4 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

4-10 қазан аралығында онлайн форматта "МедИАЦия" халықаралық бағдарламасының жаңа аптасы өтеді. Оған журналистика, халықаралық қатынастар, аймақтану және өзге де факультет студенттері, магистранттары, аспиранттары және жас мамандар қатыса алады. Шара аясында Қазақстан мен Ресейдің танымал журналистерінің мастер-кластары мен лекциялары өтеді. Сұрақтар бойынша: mediaschool.mediaciya@gmail.com хабарласуға болады. Хат тақырыбына "Медиация" сөзін жазып, аты-жөніңіз мен елді көрсету қажет.  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0