Оқушылар, архивтегі сурет

Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды

321
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемия оқушылардың білім сапасына кері әсерін тигізгенін айтқан болатын

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Желіде қазақстандық оқушылар 1 қыркүйектен бастап қашықтан білім алады деген ақпарат пайда болды.

"Бірінші тоқсан шалғайдағы шағын жинақталған ауыл мектептерін қоспағанда, еліміздің барлық мектебінде 1-11 сыныптарда қашықтан басталады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады", - деп жазды Facebook желісінің Gulnara Astana есімді қолданушысы.

Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл жалған ақпарат. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мұндай мәлімдеме жасаған жоқ", - деп жазды министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Айта кетері, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемия оқушылардың білім сапасына кері әсерін тигізгенін айтқан болатын. Ол бұдан шығудың жалғыз жолы – бұрынғы оқыту форматына көшу екенін атап өтті. Үкіметке оқушылар мен студенттердің жаңа оқу жылында дәстүрлі оқыту форматына оралуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Білім министрлігінің басшысы егер халықтың көп бөлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырса, жаңа оқу жылында оқу орындарын ашуға болатынын айтты.

321
Кілт сөздер:
оқушылар, білім министрлігі
Тақырып бойынша
"Бұл - өте маңызды мәселе": Аймағамбетов жаңа бұйрыққа қол қоятынын айтты
Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдерге хат жазды
Грантқа ілікпей қалды: ақылы бөлімде оқу үшін білім кредитін қалай алуға болады
Тоғжанов білім сапасын көтеру үшін қандай іс-шаралар қолға алынғанын баяндады
Білім министрлігі аттестация қашан басталатынын хабарлады
Мектеп оқушылары

Жаңа оқу жылында мектепте сабақтар қалай өтеді

16635
Өткен жылы оқыту форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырды. Кейбір оқушылар қашықтан білім алды, бір бөлігі аралас форматта оқыды

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындық шараларын бастап кетті. Бүгінде оқушыларды дәстүрлі форматқа ауыстыру бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, барлық өңірге таратылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевтың айтуынша, пандемия жағдайында мектеп жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі бар. Дегенмен күндізгі оқу процесін ұйымдастыру жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарау керек.

"Бастысы – балалардың денсаулығы. Сондықтан әр сынып өз кабинетінде оқиды. Оқушылар да мұғалімдер сияқты бетперде киеді. Үзілістер әртүрлі уақытта болады, қажет болған жағдайда қосымша ауысымдар енгізіледі. Кіреберісте температураны өлшейтін және дезинфекциялық құралдар болуы міндетті", – дейді Қарамбаев.

Бұдан бөлек, сабақ кестесі санитарлық талаптарды ескере отырып жасалуы шарт. Білім беру ұйымдары бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді шектеуі тиіс. Дәстүрлі оқыту форматында мектеп формасы бұрынғыдай сақталады. Санитарлық қызмет талабы бойынша алдағы оқу жылында мектептерді ашу шарттарының бірі – мұғалімдер мен қызметкерлерді вакциналау.

"Білім беру ұйымдарын дәстүрлі форматқа қайтару елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды", - деп атап көрсетті Қарамбаев.

Негізгі талаптар:

  • барлық мектепте қызметкерлер мен оқушылардың температурасын өлшеу;
  • қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру (кварцтау) және дезинфекциялау;
  • білім беру ұйымдарын дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету;
  • шектеу шаралары кезінде оқу орындарының сыйымдылық қуаты мен білім алушылардың санына қарай ауысым мен жұмыс режимін алдын ала анықтау;
  • әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, оқу процесін ұйымдастыру;
  • балалардың дәліздер мен буфеттерде жиналуын болдырмау үшін үзілістерді әртүрлі уақытта өткізу;
  • білім алушылар мен қызметкерлер арасында маска тағу режимін сақтау;
  • бір сынып бір кабинетте оқуы тиіс.

Биыл қанша бала мектепке барады

Ресми мәліметке сәйкес, 1 қыркүйекте 3,5 миллионнанн астам бала мектепке барады. Олар үшін 7 475 мектеп ашу жоспарланған. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың барысын әкімдіктердің білім басқармалары бақылайды. Барлық білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары аяқталады, соның ішінде 263 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.

"Өткен жылы оқыту форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырды. Кейбір оқушылар қашықтан білім алды, бір бөлігі аралас форматта оқыды. Эпидемиологиялық жағдай жеңілдеп, дәстүрлі оқуға мүмкіндік болған кезде кейбір оқушылар кезекші сыныптарға барды. Яғни, жаппай қашықтан оқыту болған жоқ", - дейді Қарамбаев.

Оның айтуынша, іс жүзінде орта есеппен 4 000-ға жуық шағын ауылдардағы мектептер жыл бойы дәстүрлі форматта жұмыс істеді. Дәстүрлі форматта оқитындардың жалпы саны кезекші сыныптарды қоса алғанда бірінші тоқсанда 1 миллион бала болса, төртінші тоқсанда 2 млн балаға дейін жеткен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындық жұмыстарын өткізуді тапсырды.

16635
Кілт сөздер:
оқу жылы, сабақ, мектеп
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Ақтөбеде оқушы зорланды: Балалардың құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алды
Ордабасыда оқушы емтиханнан кейін өзіне қол салды: директор жұмыстан шеттетілді
Ата-аналар қашықтан оқудың машақаты туралы айтып берді - видео
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
ASHYQ қосымшасы

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

0
Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" статуспен тұрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" статус беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның статусы қалай өзгереді? Егер статус "қызылға" ауысса, оған "жасыл" статус қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал туралы баспасөз мәслитында.

"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның статусы бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" статус 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.

Ол бүгінде вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз екенін атап өтті.

0
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина