Білім

Жатақханаға тек вакцина алған студенттер орналасады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтандағы жатақхана, архив сурет
Нұр-Сұлтандағы жатақхана, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Вакцина алмаған студенттер онлайн оқыту форматына ауыстырылады, деп атап өтті денсаулық сақтау министрі

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой колледждер мен университеттерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жоғары оқу орындары мен колледждерді оқытудың дәстүрлі форматына көшіргенде оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшыларын 100 процент вакциналаумен қамту қажет. 18 жасқа толған студенттердің бәрі вакцина алуға тиіс", - деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің баяндамасы кезінде барлық санитарлық талаптың слайдтары да көрсетілді. Санитарлық талапқа сәйкес, жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады. Ал екпе салдырмағандар онлайн оқыту форматына ауыстырылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға тағы бір вакцина жеткізілді: Vero Cell туралы не белгілі

"Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде "Ashyq" қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе  бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс", - деп атап көрсетті Цой.

Министрдің айтуынша, мониторингтік топ колледждер мен университеттерде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Сол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі.

Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, карантиндік шараларды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.

Жаңалықтар
0