Білім

Мұғалім COVID-19 жұқтырса, сынып бірден онлайн оқуға ауыса ма

© AFP 2024 / TOBIAS SCHWARZУченик держит комплект для экспресс-теста на коронавирус в начале урока
Ученик держит комплект для экспресс-теста на коронавирус в начале урока  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Мектепке бөгде адамдарға кіруге, бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынған. Бір сыныпқа бір кабинет бекітіліп отыр

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева жаңа оқу жылына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, Алматыда бірінші сыныпқа 30 мыңға жуық бала қабылданды. Осылайша қаладағы оқушылар саны 300 мыңға жетті. 2021-2022 оқу жылында 287 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 207 мемлекеттік және 80 жеке меншік мектеп бар.

"Вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі бар қызметкерлерді қоспағанда мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлық қызметкері 100%ьвакцина алды. Сондай-ақ қаладағы барлық білім беру ұйымы Ashyq жобасына қосылды", - деп мәлімдеді Ләззат Жылқыбаева.

Басқарма басшысының айтуынша, мектепке бөгде адамдарға кіруге, бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынған.

"Бір сыныпқа бір кабинет бекітілген. Бастауыш, орта және жоғары буын балалары үшін мектепке жеке кіру есіктері қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында балалар мектепке әртүрлі кіреберістен өтеді. Сондай-ақ ғимарат ішінде балалар фойе мен дәліздерде белгілер көрсетілген блоктар бойынша жүреді", - дейді басқарма басшысы.

Айта кетері, оқушы ауырып қалса, бір сынып қана қашықтан оқытуға жіберіледі. Сондай-ақ ата-анасы ауырып қалған балалар да онлайн оқиды.

Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, ата-анасы вакцина салдырмаған оқушы мектепке жіберілмейді деген талап жоқ. 

"Күнделікті денсаулық сақтау басқармасынан ауырып жатқан балалар туралы мәлімет алып отырамыз. Кейінгі 14 күннің ішінде 1 778 бала коронавируспен ауырған. Оның ішінде 40 бала стационарда емделген, қалған 1 738 бала үйде ем қабылдаған. Ауырған балалар мен олармен байланыста болған балалар онлайн оқиды", - дейді басқарма басшысы.

Мектепке балалар классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге тиіс. Мұндай жағдайда спорттық аяқкиім киюге байланысты шектеу жоқ.

Ләззат Жылқыбаеваның сөзінше, қаладағы барлық білім беру ұйымдары 100% дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал оқушылар екі сағат сайын медициналық маскасын ауыстыруы қажет. Егер оған ата-ананың жағдайы болмаса, оқушы мектеп тарапынан медициналық маскамен қамтамасыз етіледі.

"Бетперде және антисептикпен қамтамасыз ету ата-ананың міндетіне жүктеледі. Алайда ата-ананың мүмкіндігі болмаса, мектепте бетпердемен қамтамасыз етіледі", - деді ол.

Ұстаздар резервте тұрады

Қалада мектеп мұғалімінің коронавирус жұқтырып қалуы мүмкін екені де ескерілген. Мұндай жағдайға байланысты мұғалімдер қосымша резервте тұрады.

"Тек балалар ғана емес, мұғалімдердің де ауырып қалуы кездеседі. Сондықтан әр мектепте резервте ұстаздар бар. Сондай-ақ Алматыда екі педагогикалық университет орналасқан: Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті және Қыздар педагогикалық университеті. Осы университеттермен де дуальді оқыту бойынша да байланыстамыз. Жоғары курс студенттерін практикадан өткізу немесе резервтегі мұғалімдерді қосу әр мектептің жоспарында бар", - деді Жылқыбаева.

Ал резервтегі мұғалім саны оқушы мен сынып санына байланысты болады.

Жаңалықтар
0