Оқушылар, архивтегі сурет

Павлодарда оқушыны жылатқан мектеп директоры жазаланды

83
Мектеп директоры 6-сынып оқушысын жетектеп, басқа сыныптарға кіргізген. Оған басқа оқушылардың қалай киінгенін көрсетіп, үлгі қылған

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда №22 мектеп директоры 6-сынып оқушысына қатысты әрекетіне байланысты жазаланды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

"Мектеп директорына сөгіс жарияланды. Оқушының ата-анасымен байланыстық, олардың наразылығы жоқ. Оқушы да жағдайды түсінді, жанжал тыйылды", - деп мәлімдеді басқарма.

Бұған дейін мектеп директорына 6-сынып оқушысының оқу орнына қалай киініп келгені ұнамағаны, сол себепті оқушыны жетектеп басқа сыныптарға кіргені хабарланды. Директордың бұл әрекетінен кейін қыз жылап қалған. Соған байланысты оқушының әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.

"Павлодарда №22 мектеп директоры Мәмбетова ханым 6-сынып оқушысын қолынан жетектеп, алдымен 5-сыныпқа, содан кейін 11-сыныпқа апарып, барлығына оның талапқа сай киінбегенін көрсеткен. Қыз жылап, күйзеліске түсті", - деп жазды Facebook қолданушысы Қанат Қазбек.

Ол мұғалім өз өкілетін асыра пайдаланып, бала құқығын бұзды деп санайтынын жеткізді.

Желідегі бұл жазбаға мектеп директоры Майра Мәмбетова пікір білдірді.

"Оқушыға джинсы мен футболкаға қатысты ауызша ескерту жасалды. Мысал ретінде көрші кабинетте оқитын оқушылардың классикалық үлгідегі киімі көрсетілді. Қыз ренжіп қалды. Отбасыдан кешірім сұралды. Қазір қыз қала сыртында, келген соң психологиялық көмек көрсетіледі", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанның білім министрлігі оқу жылында қазақстандық оқушылар міндетті мектеп формасын киюден босатылып, мектепке классикалық киіммен бара алатынын айтты.

Оқи отырыңыз: 

83
Кілт сөздер:
Павлодар, оқушы, мектеп директоры
Тақырып бойынша
Мектеп директоры мұғалімдерді гольф алаңын тазалауға мәжбүрледі
Министр мектеп директоры креслосында отырып қалғандар жайлы: бәрін жұмыстан шығармаймыз
Павлодар облысында екі мектеп директоры қылмыскер болып шықты
Өгей әкенің қылмысын жасырды деп айыпталған директор соттағы соңғы сөзін айтты
Батыс Қазақстанда директор мен есепшінің құпиясын біліп қойған мұғалім "жазаланды"
Студенттер

Қазақстанда 50 мамандық бойынша оқыту тоқтады

3056
Оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтады, деп хабарлады білім және ғылыми министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған.

Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр.

Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ жіктеушіден "Білім беру ұйымының зертханашысы", "Патенттану" және басқа да мамандықтар алынып тасталды.

"Біздің басты мақсатымыз – білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру болып табылады. Сондықтан біз үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар жіктеуішісін жаңарттық", - деді  министрліктің ехникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Енді қазақстандық колледждерде "Робототехника және ендірілген жүйелер", "Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы", "Өндірістің аддитивті технологиялары", "Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе", "Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері", "Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру", "Графикалық және мультимедиялық дизайн", "Тас өңдеу өндірісі", "Ландшафтық дизайн", "Жылжымайтын мүлікті басқару", "Дестинацияны басқару", "Құрылыстағы сметалық іс", "Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі" және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады.

3056
Кілт сөздер:
білім, мамандықтар
Қағаз, қалам

Білім беру ұйымдары басшыларын ротациялау қағидалары жарияланды

122
Көптеген басшы мерзімсіз еңбек келісімшартын жасасқан. Осыған байланысты бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес, деді министр

АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Әділет министрлігінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидалары тіркелді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің хабарлауынша, білім беру жүйесінде мектеп, колледж және балабақша директорларын ротациялау институты пайда болды.

"Білім беру саласында он мыңнан астам мемлекеттік ұйым бар. Көптеген басшы мерзімсіз еңбек келісімшартын жасасқан. Осыған байланысты бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес. Әрине, олардың арасында өз жұмысын жақсы білетін, білім беру ұйымының дамуына елеулі үлес қосатын басшылар бар. Дегенмен 10-15 жыл бойы бір орында отырып, өздерінің бастамашылдығы мен дамуға деген ынтасын жоғалтатын мектеп директорлары да бар", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Егер басшы ұзақ жыл бойы бір білім беру ұйымын басқарса, бұл мотивацияның төмендеуіне, жұмыс барысында жаңа тәсілдердің болмауына әкелуі мүмкін.

"Басшылық ететін ұйымның ауысуы өзгерістерді енгізуге және басшының жұмыстағы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Аймағамбетов.

Ереженің басым бағыттары

Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады.

Осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше, қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады.

Алайда егер басшы сол ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауға тиіс.

Екіншіден, ротациялаудың бірнеше шарты бар:

– ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жүзеге асырады;

– ротация бір елді мекен аумағында жүргізіледі;

– ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді;

– ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ротациялау туралы мәселені қарау үшін комиссия жұмыс істейді.

Ротациялау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі және бұл қағидалардың жергілікті жерлерде дұрыс іске асырылуы үшін министрлік мониторинг жүргізеді.

122
Кілт сөздер:
білім беру
Тақырып бойынша
Павлодарда оқушыны жылатқан мектеп директоры жазаланды
Аймағамбетов Нұр-Сұлтандағы оқиғадан кейін мектептерде тексеріс жүргізілетінін айтты
Шымкентте мектеп директоры 7,5 жылға сотталып кетті
Аймағамбетов 10 жасар баланың өлімі туралы: үлкен трагедия
"Ерекше қатал мұғалім еді": Аймағамбетов ұстаздары туралы айтты

Қытайдағы жаңа шыны көпір жұрттың таңдайын қақтырды видео

0
(Жаңартылды 18:07 27.11.2021)
Шыны көпір Қытайдың Сычуань провинциясында Башань үлкен каньонында орналасқан. Таяуда оның ресми ашылуы өтті

Көпірге келгендер айналадағы көріністі көріп таңдай қақты. Бұл маңдағы тау шатқалдары тамсандырмай қоймайды. Шыны көпірмен жүріп өткен туристер табиғаттың тамаша көркіне көз тойдыра алмағаны анық.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
көпір, видео, шыны, Қытай