Ақша, теңге, тиын

Мұғалімдердің жалақысы келесі жылы қаншаға өсетіні белгілі болды

428
Қазір астананың 143 мектебінде барлығы он сегіз мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 2022 жылы ұстаздардың жалақысы 25%-ке өседі. Соңғы екі жылда мұғалімдердің айлығы елу процентке артқан.

Қазір елорданың 143 мектебінде, оның ішінде мемлекеттік, жекеменшік, республикалық мекемелерде 17 981 мұғалім жұмыс істейді.

"Ұстаз мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейін педагогтердің еңбекақысы жыл сайын көтеріле бастады. Мәселен, елордалық мұғалімдердің жалақысы соңғы екі жылда - 2020/2021 жылдары 50%-ке өсті. 2022 жылы педагогтердің жалақысы тағы 25%-ке артады", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет мұғалімдерге қандай қолдау көрсетеді

2021 жылдың бірінші жартысында астаналық 2384 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан тегін өтті.

Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық педагогикалық технологияларды пайдаланып, оқушылардың сыни ойлауын дамыта білуге тиіс. Сонымен қатар жаңа оқу бағдарламаларында шығармашылық идеяларды қолдануы керек.

Елорда ұстаздарының алдында білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес оқыту тәсілдерін қайта қарау, сондай-ақ бағдарламаларды жетілдіру міндеті тұр.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтанда "SHARE" халықаралық жобасы іске асырылуда, оның мақсаты – педагогтердің зерттеу қызметі нәтижесінде анықталған өзгерістерді менеджмент пен сабаққа енгізу арқылы білім сапасын арттыру.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жобаға қаланың 5 мектебі қатысады: №37, 58, 59, 67, 76.

"Жоба аясында Кембридж университеті білім беру факультетінің басшылығымен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Елорданың 5 мектебінен 25 мұғалім Кембридждегі әріптестерінен білім алды", - деп атап өтті қала әкімдігі.

Сондай-ақ сапалы кадрлар даярлау мақсатында ЖОО-ларда педагогикалық мамандықтарға бөлінетін гранттар саны ұлғаюда. Мысалы, биыл Астана Халықаралық университетіне педагогикалық мамандықтар бойынша 515 грант орналастырылды.

Аттестаттау қорытындысы бойынша мұғалімдерге педагогикалық шеберлігі үшін 30%-тен 50%-ке дейін, білім ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары үшін лауазымдық жалақысының 30%-інен 100%-іне дейін қосымша ақы төлеу көзделген.

2019 жылы "Туған жер" бағдарламасы аясында жас мұғалімдерге арналған 350 орындық жатақхана салынды. Қазір онда Қазақстанның басқа өңірлерінен келген ұстаздар тұрады. Сонымен қатар, мұғалімдерге баспана сатып алуға бастапқы жарна төлеу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі.

Айта кетері, биылғы оқу жылында республикалық "Үздік педагог" байқауында елорданың 5 мұғалімі жеңімпаз атанды.

Бүгін, қазан айының бірінші жексенбісі Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтеді.

428
Кілт сөздер:
мұғалімдер, жалақы, Нұр-Сұлтан
мұғалім

Аттестациядан өтпеген мұғалімдерді жұмыстан шығара ма министрліктің жауабы

1889
Педагогтың жалақысы 100 мың теңге болса, аттестациядан кейін тағы 50 мың теңгелік үстемеақы алу мүмкіндігі бар.

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда жаңа ереже бойынша аттестациядан өтпеген мұғалімдерді жұмыстан шығармайды. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аттестация ережесіне сәйкес, педагогикалық шеберлікттің төрт санаты -модератор, сарапшы, зерттеуші немесе шебер бойынша тестілеуден өтіп, эссе жазу қажет. Педагог төрт санаттың біреуін растаса, соған қарай қызметтік жалақысына 30-50 проценттік үстемеақы алады.

"Аттестация педагогтерді жұмыстан шығару процедурасы емес, бұл - олардың ынталандыру механизмі. Аттестация педагогтердің біліктілігін және жалақысын көтеру мақсатында өткізіліп тұрады. Жаңа ережеге сәйкес, педагог қызметтік жалақысына 30-50 проценттік үстемеақы алады. Қазіргі аттестацияны 2018 жылғымен салыстырсақ, дәл осы үстемеақылар жағынан үлкен айырмашылық бар", – дейді Каринова.

Осы орайда вице-министр нақты мысалды да келтірді. Мәселен, педагогтың жалақысы 100 мың теңге болса, аттестациядан кейін тағы 50 мың теңгелік үстемеақы алу мүмкіндігі бар.

Айта кетері, білім және ғылым министрі 12 қараша күнгі бұйрығымен балабақшада, мектепте, колледжде және басқа да білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестациядан өткізу туралы ережеге өзгеріс енгізген болатын.

Оқи отырыңыз: 

1889
Кілт сөздер:
мұғалім, жұмыс, білім және ғылым министрлігі
Таразда ақыл-ойды дамыту орталығы ашылды

Таразда ақыл-ойды дамыту орталығы ашылды

1560
(Жаңартылды 12:15 01.12.2021)
Білім ошағы балалардың логикалық ойлау жүйесін дамытып, математиканы және ағылшын тілін тереңдетуді көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Тараз қаласында "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебінің филиалы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Ашылу салтанаты барысында қараша айында 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Жамбыл облысында алғаш рет өткізілген "Алтын сақа" байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, оза шапқан 50 жүйріктің 25-іне қаржылай және кәдесыйлар беріліп, арнайы дипломдар табысталды.

Алтын сақа байқауының жеңімпаздарына қаржылай сый жасалып, арнайы дипломдар табысталды
© Photo : "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебі
"Алтын сақа" байқауының жеңімпаздарына қаржылай сый жасалып, арнайы дипломдар табысталды

Сондай-ақ "Алтын сақа" олимпиадасына Тараз қаласынан қатысқан 215 оқушыға және облыстық кезеңде жүлделі орынға ие болған 25 дарынға "Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығында одан әрі білімін тереңдету үшін 10-50 процент жеңілдік сертификаттары берілді.

Зерделі орталығында 2-11 сыныпта оқитын кез келген бала білімін шыңдай алады
© Photo : "Зерделі" ақыл-ойды дамыту мектебі
Зерделі орталығында 2-11 сыныпта оқитын кез келген бала білімін шыңдай алады

Зерделі орталығында 2-11 сынып аралығындағы кез келген бала өзі қалаған уақытта математика мен логикасын дамытып, ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мұнда оқушылар "БИЛ", "Назарбаев зияткерлік мектебі", "Дарын" мектептеріне дайындалып, ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Назарбаев университетіне түсу үшін білімін шыңдайды. Бұл бағытта да тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.

Zerdeli-Taraz орталығының директоры болып, Ұлыбританияда магистрлік білім алған, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқармасында қызмет істеген және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарған Жанат Алтаев тағайындалды.

"Зерделі" ақыл-ойды дамыту орталығының Тараз қаласындағы филиалы Астана шағын ауданы, 14А ғимаратында орналасқан. Телефоны: 8747 501 4192 (WhatsApp).  

1560
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев

0
Қазақстанның тұңғыш президенті елге оралған 600 қазақстандықтың ішінде 33 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты.

"Qazaq. History of the Golden Man" ("Қазақ. Алтын адамның тарихы") фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді.

"Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді өз мақсаты үшін пайдаланатын экстремистер. Бұл Исламның өзіне зиян тигізеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті республикадан Сирияға бір мыңға жуық азамат кеткенін, олардың 600-і отанға оралғанын хабарлады.

"Біз 600 адамды қайтардық, оның ішінде 303 ер адам. Отыз үшіне қатысты тергеу жүргізіп жатырмыз. Жұмысы жоқ, қиыншылық көрген адамдар сол жерге кетті. Онда өмір керемет болатынына уәде береді. Сондықтан ол жаққа бүкіл отбасымен бірге барды. Өздерін ұрып-соғып, өлтірген кезде ғана жағдайды түсінді", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы исламның және бүкіл әлемнің ірі орталықтарының бірі болып табылатын Сирияның қирауы мәселесіне қатысты өз өкінішін білдірді.

"Мен ол жерде болдым, керемет ғимараттарды көрдім... Олар біздің балалар көре алмайтын бүкіл адамзаттың тарихи, мәдени естелігін жойды", - деді Назарбаев.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы аясында Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша 5 арнайы операция өткізді.

Бұл арнайы гуманитарлық операцияның бірінші кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында ұйымдастырылды.

ИМ* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сирия, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің арманы туралы айтты
Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді
Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жасады – видео
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды