Білім

"Болашақ" бағдарламасымен тағылымдамадан өтуге болатын мамандықтар тізімі кеңейді

© Sputnik / Владислав Воднев"Болашақ" стипендиясының логотипі
Болашақ стипендиясының логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Сегіз мамандық қолданыстағы аралас мамандықтарға енгізілсе, оны жаңа мамандық ретінде қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар тізімін кеңейтті.

Осылайша тізімге тағы 18 мамандық қосылды.

Енді "Биология, молекулалық биология", "Ветеринария", "Компьютерлік лингвистика", "Ауыл шаруашылығы", "Құрылыс", "Жобалау", "Шахта құрылысы", "Физика", "Байланыс және ақпарат тарату жүйесі", "Радиотехнология", "Механика", "Статистика", "Есептеу технологиясы", "Антропология", "Орман ресурстарын қорғау", "Вакцинология", "Математика" бағыттарының өкілдері мемлекет есебінен әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады.

БҒМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, 8 мамандық қолданыстағы аралас мамандықтарға енгізіліп, тағы 10-ы жаңа мамандық ретінде қосылды.

Қазақстандық ғалымдар Гарвард университеті, Сорбонна университеті, Колумбия университеті, Йель университеті, Гонконг ғылым және технология университеті мен басқа да шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өте алады.

Жалпы биыл қазақстандықтардың 147 мамандық бойынша тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар. Оның ішінде инновация және жаңа технологиялар бағыты бойынша 14, индустриялық инженерия бағыты – 28, жаратылыстану ғылымдары – 9, әлеуметтік ғылымдар – 40, "Білім беру" бағыты – 9, "Медицина" бағыты – 37 және "Креативті индустрия" бағыты бойынша 13 мамандық бар.  

Еске салсақ, осы жылы "Ғалымдар" жаңа санатына 500 стипендия бөлінді. Осылайша стипендияның жалпы саны 1055-ке дейін өсті.

Конкурсқа қатысу үшін құжат қабылдау 2021 жылдың 28 қазанына дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0